Қарындас, атыңыз кім болады?

Қарындас, атыңыз кім болады?

Көшеде танысу дұрыс емес деп ойлайсыз ба? Алайда далада қасымыздан қаншама сұлу жігіт пен қыздар өтіп жатады. Мүмкін солардың бірі сіздің екінші жартыңыз болар? Оны жіберіп алмаймын десеңіз, мына кеңестермен таныс болыңыз.

"Қарындас, атыңыз кім болады?" дегенді әлі де қыздармен танысудың ең дұрыс жолы деп білесіз бе? Жігіттер, бұндай ұсыныс қазірде ешбір қызды қызықтыра алмайды. Кішкене болса да қиялды іске қосып, әзіл айтып, жүрегін жұмсартқаннан кейін, өзі де сізбен танысуға құштар болады.

Мына жерде тәжірибе жүзінде тексерілген қызбен (жігітпен де) танысу амалдары жиналған. Сонымен, көшеде, далада, саябақта, аялдамада, автобуста, метрода, дүкенде және т.б. осындай жерлерде танысамын деушілер мына сөздерді есте сақтаулары керек.

  • Бір мерекемен құттықтаңыз. Кез келген. Тіпті ол мереке іс жүзінде болмаса да. Мысалға кітапханашылар не плеоназм (сөздің мағынасын білу де шарт емес) күнімен.
  • "Біз осыдан 2 жыл бұрын бәленше жерде танысып едік қой? Жоқ? Ендеше қазір танысайық!"
  • "Сәлеметсіз бе! Мен біздің қаламыздың тұрғындарының санағын жүргіземін. Сізден бастайын. Есіміңіз?"
  • "Бір көргеннен ғашық болуға сенесіз бе? Не мен бір айналып қайта келейін бе?"
  • "Ал сіз скрипкада ойнайсыз ба? Мен де! Көрдіңіз бе, қанша ортақ нәрсеміз бар!"
  • "Сіздің әдемі күлкіңізді көріп, қайда бара жатқанымды ұмытып қалдым!"
  • "Сіздей сұлу қызды көргенде, әлі үйленбегеніме шүкір дедім!"
  • "Кешіріңіз, маған жедел жәрдем шақырасыз ба? Сізді көріп, жүрегім тоқтап қалған сияқты"
  • "Сізді көріп, басым сонша айналғаны. Қолыңыздан ұстай тұрайыншы?"
  • "Тоқтай тұрыңызшы, мен сіздің суретіңізді салып отырған едім"
  • "Сәлем, мені таныдың ба? Қалай кім? Болашақ жарыңмын"
  • "Менің есімім бәленше, бірақ сіз мені "жаным" дей беріңіз"
  • "Мен қыздармен (жігіттермен) қалай танысу керек екені жайлы кітап жазып жүрмін. Сізге бірнеше сұрақ қойсам болады ма?"
  • "Танысуға жүз амал табар едім, бірақ көп сөзсіз есіміңізді айта салыңызшы?"
  • "Міне, қазір менімен танысуға ұялып, кетіп қаласыз. Ал тағдыр сізді кейін мендей жігітпен кезіктіретініне сенімдісіз бе? Осындай мүмкіндікті қалайша жібересіз?"

Айтуға болар сөздер ұнатқан жаныңызды кезіктірген жерге, уақытқа, сол адамның көңіліне байланысты өзгереді. Бастысы қорықпаңыз, әзілдеңіз, ұялмаңыз. Расында бұл осы адаммен танысудың жалғыз мүмкіндігі бола алады.

Ал сіз қандай танысу амалдарын қолданасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: realbuzz.com

С. А