Әлемнің ең сұлу балалары

Әлемнің ең сұлу балалары
Фото: Любовь Харламова, instagram.com/aiarusha, rudaki.ru

Сұлулық деген не? Мұны әлемдегі ең көкейтесті сұрақтардың бірі әрі бірегейі деуге болады. Бір қызығы, талайларды шулатқан осы сауалдың жауабы да айдан анық. Шынайы сұлулық дегеніміз - жан сұлулығы мен тән сұлулығының үйлесімі. Ал мына балақайлардың сұлулығы ерекше тамсандырады.

Кристина Пименова

Францияда футболист Пименов Руслан мен сәнбике Гликеридің отбасында дүниеге келген бұл балақай өзінің мансап жолын President kids агенттігінде небары 3 жасында бастайды. Оның иығына төгілген аққұба шашы мен, тұнық көк көздері Батыс жұртшылығын баурап алған еді. Екі жыл ішінде 15 жарнама ролигіне түсіп, Prada, Burberry және Pitti Bimbo сынды әйгілі журналдардың мұқабасына суреті шыққан. Әйгілі Сумерки фильмінің төртінші бөліміндегі Ренесмидің рөлін ойнау үшін кастингтен өткен. Алайда жолды әріптесі Маккензи Фойға ұсынады.

Маккензи Кристин Фой

Орыс қызының алдын орап, Эдвард пен Бэлланың қызын сомдаған бұл қыз да мансап жолын сәнбике болудан бастайды. Киноға түсер кезде небары 11 жаста болған екен. Кинопродюссерлер оның сұлулығына сұқтанып, ары қарай да басты рөлдерді ұсынады.

Тилан Блондо

Сәнбике өзінің алғашқы жалақысын 4 жасында алып үлгерген. Француздық балақай қоғам пікірінен қорықпастан ересек қыздарша киініп, биік өкшелі аяқ киім киеді. Алғашында бұл қылығы сынға ұшыраса да, артынша Jean Paul Gaultier маркасымен жұмыс істеп, Lacoste жарнамасына суретке түседі.

Иден Вуд

Оның жеңіске жеткенін дәлелдейтін 300 титулы көп нәрседен хабар береді. Алты жасында сәнбике өзінің табысты жұмысынан бас тартып, басқа салаға бет бұруды ойлайды. Eden Wood Princess Canopy Bed Collection өнімдерін шығарады.

Дришти Дахал

Катмандулық қыз – корольдік отбасының ұрпағы. Өткен жылы «Little Miss Universe 2014» атағына қол жеткізген болатын. 43 мемлекеттің қыздары қатысқан сайыста жеңіске жетіп, Непалдың ең үздік таныстырушысына айналады. Халқы оны мақтан тұтады.

 Айару Бақытбек

Әлемнің ең сұлу балаларының қатарына кішкентайынан танымалдыққа ие болған Айаруды да қосуды ұйғардық. Айару - «индиго» қатарына жататын ерекше бала. "Достарымның кеңесімен «Индиго балалар» атты кітапты оқыған болатынмын. Оның ішіндегі 10 пункті де қызыма сәйкес келіп тұр. Мұндай балалармен тек махаббатпен сөйлесуіміз керек. Басқаша тілдесу мүмкін емес. Оларды тек мақтап отыру керек: «Сен ханшайымсың, сен ең кереметсің, өтініш... Мынаған қалай қарайсың? Сенің пікірің қандай?» Ол небары үш жасында: «Егер сен маған дауыс көтеретін болсаң, мен барлығын керісінше жасаймын! Еш уақытта маған дауыс көтерме, мен жақсы көрмей қоямын, сенің мені жасқы көретініңе сенбеймін!» - деп айтқан болатын", - деп анасы өз қызының ерекше мінезімен бөлісті. Бұл туралы Баян Есентаева detki.kz жастарға арналған ақпараттық порталына берген сұхбатында баяндаған.

Бүгінгі таңда Айару тек отандық емес, шетелдік сайыстарға да қатысып жүр.

Ал сіз бұл тізімге кімдерді қосатын едіңіз?

Қ. Бүйенбай