Өмірді қызықты етудің жолдары #2

Өмірді қызықты етудің жолдары #2
Фото: Евгений Прокопенко

Өмірді мәнді, қызықты өткізу үшін не істеу керек? Неден бастау керек?

Басы

Сын

Жұрттың айтар сынына төзуді үйреніңіз. Әркімнің өз пікірі болады. Кейде ол пікір көңіліңізден шықса, кейде ренжітуі мүмкін. Екеуін де салқынқандылықпен қабылдауды үйреніңіз. Егер біреу сізді сынаса, демек ол адам сіздің бір қасиетіңізге, ісіңізге қызығады. Қызықпайтын адамға ешқашан ешкім сын айтпайды. Өзіңіз де орынсыз, жөн-жосықсыз сын айтудан аулақ болыңыз.

Сезім

Жақындарыңызға жылы сөз айтудан ұялмаңыз. Қандай сезімдесіз? Бөлісе біліңіз. Сізді біреу жақсы көрмей ме? Түсіне біліңіз. Өзіңіздің пәк сезімдеріңізді жатсынбаңыз. Олар – адамға тән ең жақсы қасиеттердің бірі.

Сізге біреу ұнамай ма? Ол жүретін жерде жүрмеңіз. Ал егер амалсыз оны күнде көретін болсаңыз, жақсы қасиеттерін тауып, өз көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз.

Әлеуметтік желі

Фэйсбук, инстаграм, вк желілерінде сирек отыруға тырысыңыз. Телефоныңыз үнемі қасыңызда болғандықтан, байқаусызда инстаграмға кіріп қоймас үшін бір кітап жүктеп алып, бос уақытыңызда соны оқуға әдеттеніңіз.

Қоршаған орта

Сіздің дамуыңызға, рухани деңгейде өсуіңізге септігін тигізетін адамдармен араласуға тырысыңыз. Артқа тартатын адамдардан аулақ болыңыз.

Өткенді ұмыту

Жарқын болашаққа жеткіңіз келсе, өткенді ұмытуға тырысыңыз. Жағымсыз естеліктер сізді бір орынға жіпсіз байлайды.

Қызғаныш

Өмірі жайлы адамдарды көре алмай, қызғанушы болмаңыз. Сіз олардың мұндай өмірге қалай жеткенін білмейсіз. Тіпті жеңіл жолмен жеткен болса да, оларды сынауға еш құқыңыз жоқ. Біреуге ызаланудың орнына бар энергияңызды дамып, өсуге жұмсаңыз.

Ф. Абилова