Ақпаратты қалай қабылдайсыз? (Тест)

Ақпаратты қалай қабылдайсыз? (Тест)
Фото: jasreflections.wordpress.com

Ұсынылған сөйлемдерді оқып шығып, келіскен жауабыңызды белгілеп отырыңыз.

1. Бұлттар мен жұлдыздарды бақылағанды ұнатамын.
2. Іштей өлең айтып жүру жиі болады.
3. Әдеттен тыс сәнді мойындаймын.
4. Саунаға барғанды ұнатамын.
5. Мен үшін автокөліктің түсі маңызды емес.
6. Бөлмеге кімнің кіргенін аяғының дыбысынан-ақ білемін.
7. Диалектілерге еліктеу мазамды алады.
8. Өзімнің сырт келбетіме көп уақыт жұмсаймын.
9. Массажды ұнатамын.
10. Бос уақытымда адамдарды сырттай бақылағанды ұнатамын.
11. Күнделікті дене қозғалысын жасамасам, өзімді нашар сезінемін.
12. Көрмеден көйлек көрсем, маған жарасатынын біліп тұрамын.
13. Ескі әуенді естігенде, өткен шақты есіме аламын.
14. Тамақтанғанда жиі оқимын.
15. Телефонмен жиі сөйлесемін.
16. Толықтыққа бейіммін.
17. Өзім оқығанға қарағанда біреудің оқып бергенін ұнатамын.
18. Ауыр күннен кейін ағзам қысым күйінде болады.
19. Суретке бар ынтаммен және жиі түсіремін.
20. Таныстарым мен жолдастарымның маған айтқандарын ұзақ уақыт есімде сақтаймын.
21. Гүлдерге ақшамды оңай жұмсаймын. Өйткені олар өмірді көркейтеді.
22. Кешкісін ыстық ванна қабылдағанды ұнатамын.
23. Өзімнің жеке жұмыстарымды жазып жүруге тырысамын.
24. Өз өзіммен жиі сөйлесемін.
25. Көлікте ұзақ жүрсем, көпке дейін өзіме келе алмаймын.
26. Дауыс ырғағы адам жайлы көп нәрсені айтады.
27. Адамдарды киіміне қарап бағалаймын.
28. Дене жаттығуларын жасағанды ұнатамын.
29. Тым қатты немесе жұмсақ төсекті ұнатпаймын.
30. Мен үшін жайлы аяқ киім табу қиын.
31. Киноға барғанды жаным жақсы көреді.
32. Адамды бірнеше жылдан кейін көрсем де танимын.
33. Жаңбырдың тырсылы, жауын астында жүрген ұнайды.
34. Сынға құлақ аса білемін.
35. Би билегенді, спортпен, гимнастикамен шұғылданғанды ұнатамын.
36. Жанымда оятқыш шырылдап тұрса, ұйықтай алмаймын.
37. Менің стереоаппаратурам жаман емес.
38. Әуен естісем, аяғымды ырғақпен үйлестіре ұрып отырамын.
39. Сәулет ескерткіштеріне қарап демалғанды ұнатамын.
40. Заттардың шашылып жатқанына шыдамаймын.
41. Синтетикалық маталарды ұнатпаймын.
42. Бөлмедегі жағдай жарыққа байланысты деп ойлаймын.
43. Концерттерге жиі барамын.
44. Қол алысудың өзі маған сол тұлға туралы көп мәлімет береді.
45. Галерея мен көрмелерге жиі барамын.
46. Байсалды пікір-талас жанды баурап алады.
47. Сөзге қарағанда, тұспалдап көп нәрсені жеткізуге болады.
48. Шулы жерде ойымды жинақтай алмаймын.

Белгілеген сандарыңыз қай типте көп екенін санаңыз.
А типі: 1, 5, 8, 10, 12, 14, 19, 21, 23, 27, 31, 32, 39, 40, 42, 45
В типі: 3, 4, 9, 11, 16, 18, 22, 25, 28, 29, 30, 35, 38, 41, 44, 47
С типі: 2, 6, 7, 13, 15, 17, 20, 24, 26, 33, 34, 36, 37, 43, 46, 48

Сіздің ақпаратты қабылдау типіңіз төмендегідей.

А типі (көру) – көрумен, бейнелермен, қиялмен байланысты сөздерді жиі пайдаланады. Мәселен, «оны көрмедім», «әдемі ерекшелікті байқадым». А типі үшін сөзге қарағанда суреттер, бейнелі суреттемелер, фотосуреттер көп нәрсені баяндайды. Бұл типке жататын адамдар түсі, түрі, сызықтар, үйлесімдіктер және тәртіпсіздіктер сынды көзбен көруге болатын нәрселерді тез арада есте сақтайды.

В типі (сезіну). Бұл типке басқа сөздер мен анықтамалар сәйкес. Мәселен «мұны түсінбеймін», «үйдегі ахуал адам төзгісіз», «оның айтқан сөздері мені қатты баурады», «сыйлық маған жылы жаңбырдай әсер етті». Осы типтегі адамдардың сөздері мен әсерлері ең алдымен жанасуға, ішкі сезімге, жорамалға қатысты келеді. Олардың сөздерінен өздерін іштей уайымдау байқалады.

С типі (тыңдау). «Айтқаныңды түсінбей тұрмын», «бұл маған белгілі», «мұндай қатты әуенді жаным сүймейді», міне, осы сияқты сөздер С типіндегі адамға тән. Олар үшін дыбыстар, сөз, әуен, шу, эффект сияқты барлық акустикалық заттар аса маңызды келеді.

@. @assel_assanova