Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Солақай жандарға қалай қарайсыз?

Солақай жандарға қалай қарайсыз?

Солақай жандарға қалай қарайсыз?

Қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Баласының қасықты сол қолмен алып, тамақ ішіп отырғанын көрсе: «Оң қолыңмен іш» деп талап қоятын ата-аналар жетерлік. Кейбір ата-аналар баласының сол қолын көбірек пайдаланатынын көрсе, бірден тыйым салып, сол қолын көп уақытқа дейін таңып тастап, оң қолмен жұмыс істеуге қыстап үйретіп жатады. Бұл дұрыс емес.

Ертеде адамдар өздерін солақай жандардан аулақ ұстаған. Солақайларды кемтарлар қатарына жатқызған. Ежелгі Русьте солақай жандардың бірде-бір сөзіне сенбеген, оларды шайтан ұрпағына теңеген. Ал Қытайда солақайларды «нашар адамдар» қатарына жатқызған. Тіпті, түсінде солақайларды көрсе, алдағы күнде жамандық болады деп болжаған.

Медицина ғылымы солақайлық ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеген. Ол баланың дағдылауынан ғана емес, дүниеге келгенде солай жаратылып тууына байланысты. Барлық адамның миы екі жарты шеңбер бөліктен құралған. Адам денесінің оң жақ жартысын (оң аяқ, қол, құлақ, көз т.б.) мидың оң жақ жарты бөлігі басқарса, сол жақ бөлігіндегі басқа мүшелерді мидың сол жақ жарты бөлігі басқарады. Адамдардың басым көпшілігінде миының сол жақ жарты бөлігі басымдау, икемділеу билесе, бірсыпыра адамдардың оң жақ бөлігіндегі миы жетекшілік тізгінін алып кетеді. Демек, солақай жандардың сол жақ ми бөлігі жетекші. Сондықтан да оның сол қолы оң қолына қарағанда икемді әрі оңтайлы. Ал егер солақайға оң қолмен жұмыс істеуге шарт-талап қойылса, оның табиғи қабілеті, икемділігі, зейіні олқылыққа ұшырайды. Сол қолмен жұмыс істеуге шектеу қойылған бала кекештеніп қалуы ғажап емес. Сондықтан да солақайлықты кемістік көретін көзқарастан арылған абзал. Керісінше, оның табиғи қалыпты дүние екенін ескеріп, солақай балаға ерекше көңіл бөліп, оған қолдау көрсеткен жөн. Сол кезде ғана баланың икемділігі артып, қабілеті ашыла түседі.

Солақайлар туралы қызықты ақпарат та көп-ақ. Олардың бойында ерекше қасиет болады. Олар ғылым, өнер, спортқа жақын келеді. Олардың мінез-құлқы да дербес. Мазасыз, қатал әрі эмоцияға көп беріледі. Солақай жандарды сабырға шақыру қиын.

Солақайлық қасиет тұқым қуалайды. Егер де сіздің отбасыңызда солақай жан болса, келешекте балаңыздың солақай болып туылуы мүмкін.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: levshei.net, chitalnya.ru

6018 13
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 09 шілде 2012, 17:13
Пікірлер
+0
09 шілде 2012, 17:51

мен солақаймыг

+0
09 шілде 2012, 17:56

оңқаймын )

+0
09 шілде 2012, 20:30

жан құрбым сол қолымен де, оң қолымен де жақсы жазады, сонда оң жақ миы да, сол жақ миы да жетекші ме?

+0
10 шілде 2012, 10:11

Әпкем солақай. Нағашыларым шеттерінен солақай, өз жұртымда да солақайлар жетерлік

+0
10 шілде 2012, 10:15

ортаңқы қол деген жоқ, ия)

+0
10 шілде 2012, 10:19

Постта ҮЛКЕН қателік бар :twisted: :twisted: :twisted:

+0
10 шілде 2012, 10:21

солақай жандардың сол жақ ми бөлігі жетекші???? :twisted: ........дұрыс емес.......керісінше........солақай жандардың ОҢ жақ ми бөлігі жетекші!!! :ugeek:

+0
10 шілде 2012, 11:04

солақайларға сол көзбен қарайм, битіп ;) :mrgreen:

+0
10 шілде 2012, 12:05

Менің байқағаным кейбір солақайлар екі қолымен де жаза береді. Айырмашылығы кейбіреулердің сол қолы сызуға, суретке ыңғайлы, ал оң қолы жазуға. немесе керісінше. өзімнің сол қолымнан түк келмейді ;)

+0
10 шілде 2012, 17:37

бір актрисаның сол қолымен тамақ ішіп отырғанын көріп, денем түршігіп кеткен. содан кейін көзқарасым біртүрлі болып қалды. а так мән бермейтінмін солақайларға :roll:

+0
11 шілде 2012, 12:43

Мына постты кім жазған? :twisted: Қателігін әлі күнге шейін түземегені несі? :twisted:

+0
14 шілде 2012, 00:01

менің мектептегі ұстазым солақай еді, шет тілінен сабақ беретін. Бәріміз жазуына таң қалатынбыз, себебі жазуы оң қолмен жазғаннан да көркем болатын !

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...