Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кеңседе сергудің жолдары

Кеңседе сергудің жолдары

Кеңседе сергудің жолдары

Кеңседегі жұмыс жалықтырды ма? Жұмысыңызды жасап, ғаламторды шарлағаннан шаршадыңыз ба? Ендеше, мына кеңестерге құлақ асып, жұмыс орнында көңіл-күйді көтерудің амалдарымен таныс болыңыздар.

Жұмыс орныңызға гүл әкеліп қойыңыз

Отырғызылған, не жаңа кесілген гүл болса да - өз еркіңіз. Бастысы жұмыстан шаршаған кезде әдемі гүлге назар аударып, суарып не суын ауыстырып қойсаңыз, иіскеп не жай сүйсініп қарасаңыз болады. Әріптестеріңіз де сіздің үстеліңізге қызығып қарап өтпек.

Жайдары әріптесіңізбен әңгімелесіңіз

Позитивті адамдармен араласқанда, олардың оң энергетикасы жан-жаққа шашырайтыны белгілі. Әріптестеріңіздің арасынан осындай жанды таңдап алып, оған шай не кофе ұсынып, кеңсе жаңалықтары жайлы әңгіме бастаңыз. Бірнеше минуттан кейін-ақ оның позитивті көңіл-күйі сізге де беріледі.

Үстеліңізді жинастырыңыз

Үстеліңіз онсыз да реттеліп тұрса да, ескі қағаздарды бір қарап, қажет еместерін лақтырып, қалғандарын топтастырып қойыңыз. Орныңыздың жаңарғанын сезінгеннен кейін, жұмысқа қайта кірісуге құштар боласыз.

Әріптесіңізге көмек беріңіз

Мейірімді істер - жақсы көңіл-күйдің бірден-бір қайнар көзі. Әріптесіңізге кішігірім көмек көрсетіп, рақметін естігенде, бойыңызда жаңа күш пайда болғанын сезінесіз. Бұндай сезімді ғаламтордағы әзілдерден ала алмайсыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: notahati.com

1772 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 шілде 2012, 16:15
Пікірлер
+0
09 шілде 2012, 17:01

))) тәәәк, қазір таңдаймын :D

+0
09 шілде 2012, 20:34

көбіне столымның үстін жинап шығамын, риза боп қалам

+0
10 шілде 2012, 11:20

осыны сыныпта отырғанда болама мен сыныпта жыным ұстап кетеді

+0
10 шілде 2012, 12:06

Бірінші кеңсеге өтіп алу керек боп тұр :D

+0
13 шілде 2012, 10:56

мен кеңседе отырсам ұйқееееееееееееем келе береді сосын массагеттін осындай қызықты мақалаларын оқимын да уақыт өткізіп пайдалы кеңестер аламын. рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...