Сіз туралы өзгелердің ойы #2

Сіз туралы өзгелердің ойы #2
Фото: psixoloq.org

Басы

АБВ – айналаңыздағыларға билік жүргізгенді ұнатасыз, мұның зардабын жақындарыңыз ғана тартады. Басқаларына ұстамдылық танытасыз. Өз ойыңызды айтқанда басқа адамдарға қалай әсер ететінін ойланбайсыз. Көп адам сізден қашады, өйткені сіз оларды ренжітуіңіз мүмкін.

ООО – ұстамды және тұйықсыз. Не ойлап тұрғаныңызды ешкім білмейді. Сізді түсіну қиын.

ООВ – сіз туралы «неткен сабырсыз адам» деп ойлауы мүмкін. Әңгіме барысында екінші адамға сөйлеуге мұрсат бермейсіз. Оған өз ойыңызды кимелейсіз. Сізге ұқсай ма? 

ОБО – сіз сияқты адамдар мектепте үлгілі оқушы болған. Ұқыпты, сыпайы, тәртіпті, жақсы бағалар алған. Мұғалімдер оларды сыйлайды және сенім білдіреді. Ал кейбір жолдастары оларды мақтаншақ деп санаса, кейбірі оларды жақсы көріп, дос болуды ұсынады. Сіз сөзшең емессіз, бірақ мақтаншақтығыңыз бар. Әрқашан сабырлы, өзіңізге сенімдісіз.

ОБВ – мүмкін біреулер сізді барлығы ренжітеді деп ойлауы мүмкін. Ұсақ-түйекке бола ұрсысып қаласыз. Көңіл-күйіңіздің жоғары болуы сирек. Жалпы алғанда өкпешіл, күдікшіл адам ретінде әсер қалдырасыз.

Сіз шындығында қандайсыз?

ООО – жаңалыққа құштарсыз, қиялыңыз ұшқыр. Күнделікті күйбең тез жалықтырады. Мінезіңізді шынайы білетіндер аз. Сізді ұстамды, жуас, өміріне көңілі тоқ адам деп санауы мүмкін. Ал шындығында сіз күтпеген оқиғаларға толы өмірді қалайсыз.

ООЕ – сіз ұялшақсыз. Бұл бейтаныс адамдармен араласқанда анық байқалады. Отбасы, достарыңыз бен жақындарыңыздың арасында ғана өзіңізді еркін сезінесіз. Бөтен адамдар қасында қысыласыз, бірақ мұны жасыруға тырысасыз. Сіз шыншыл және еңбекқорсыз. Көптеген жақсы идея, жобалар бар, бірақ тым қарапайымдылығыңыздан көлеңкеде қалып қоя бересіз.

ОДО – ашықсыз, адамдармен кездескенді ұнатасыз, барлығын маңайыңызға үйіресіз. Жалғыздыққа жаныңыз қас. Бөлмеде жазба жазу үшін де жалғыз қала алмайсыз. Ішкі қарама-қайшылығыңыз күшті. Басқалардан өзгеше әрекет етуге ұмтыласыз. Бірақ өзіңізді ұстап қаласыз.

ОДЕ – ұстамсызсыз, ұяң емессіз. Қарым-қатынаста шекараны білесіз. Бәрінен сыпайы, кішіпейілсіз. Жиі мақтау естіп үйренгенсіз. Сізді еш шартсыз, сіздің тарапыңыздан әрекет болмастан ұнатқанын қалайсыз. Қоғамсыз өзіңізді жайсыз сезінесіз. Адамдарға жақсылық жасағанды ұнатасыз. Бірақ қиялға, арманға берілгіштік бар.

ГОО – бір жақты ойлар айтып, оны қызбалықпен дәлелдеуге дайынсыз. Сондықтан қарсыластарыңыз көп. Тіпті достарыңыздың өзі көбіне сізді түсінбей жатады. Бірақ сіз оған онша мән бермейсіз.

ГОЕ – мінезіңіз қиын. Қалжың түсінбейсіз. Басқа адамдардың әрекеттерін сынап, өзіңіздің айтқаныңызбен ғана жүргіңіз келеді. Бағынбай жатса, ашуыңыз келеді. Сондықтан достарыңыз аз.

ГДО – ерекше адамсыз. Достарыңызды таң қалдырып жүресіз. Егер біреу кеңес берсе, нәтижесін көру үшін керісінше жасайсыз. Бұл сіз үшін қызық, ал басқалардың ашуын шақырады. Тек ең жақын достарыңыз ғана сіздің өзімшіл емес екеніңізді біледі.

ГДЕ – күш-қуатыңыз мол. Кез келген жерде өзіңізді еркін ұстайсыз. Ашықсыз, достар арасында басты рөлде болғанды қалайсыз. Дау-дамай туындаса, шешіп беруді, ойындар ұйымдастырғанды жақсы көресіз. Айналаңыздағы адамдар беделіңізді мойындайды, себебі сіздің ойларыңызда салмақтылық бар.

Ұқсас жазбалар:

Көз – адам жанының жасырын камерасы

Адам мінезін қолтаңбасы арқылы тану #2

@. @assel_assanova