Сіз туралы өзгелердің ойы

Сіз туралы өзгелердің ойы
Фото: tomalogy.org

Сізге 6 әріпке топтастырылған сұрақтар жиынтығы ұсынылады. Әр жиынтықта 6 сұрақтан берілген. Сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беріп, қағазға жазып отырыңыз.

(А)
1. Сіз қалжыңдаса білесіз бе?
2. Сенгішсіз және достарыңыздан ештеңе жасырмайсыз ба?
3. Бір сағаттан артық ешкіммен сөйлеспей отыра аласыз ба?
4. Өз заттарыңызды басқа біреуге оңай бере саласыз ба?
5. Достарыңыз көп пе?

(Б)
1. Қонақтардың көңілін аулап, еліте аласыз ба?
2. Нақтылық, уақытымен жүру сіздің дағдыңызға сай ма?
3. Ақша жинай аласыз ба?
4. Қатаң стильде киінгенді ұнатасыз ба?
5. Ішкі тәртіп ережелерін ұстану міндетті деп есептейсіз бе?

(В)
1. Біреуге деген жағымсыз сезімдеріңізді елдің көзінше көрсетесіз бе?
2. Шыдамсызсыз ба?
3. Ішкі қарама-қайшылықтарыңыз күшті ме?
4. Компанияда көпшілік назарын өзіңізге аударуға тырысасыз ба?
5. Сізге басқалар еліктей ме?

(Г)
1. Дөрекі сөздерді қолдана отырып, мұндайға таң қалатын адамдармен сөйлесе аласыз ба?
2. Емтихан алдында «мен бәрін білем» деп мақтана аласыз ба?
3. Біреуге ескерту жасау, уағыз айту сізге тән бе?
4. Достарыңызды таң қалдыруға ұмтыласыз ба?
5. Басқа адамдардың пікірлерін мазақ етуге құмарсыз ба?

(Д)
1. Сіз үшін әртіс, тележүргізуші мамандықтары инженер, лаборант, кітапханашы мамандықтарына қарағанда ұнамдырақ па?
2. Бейтаныс ортада өзіңізді еркін сезінесіз бе?
3. Сіз үшін кешкісін спортпен айналысу үйде отырып кітап оқығаннан қызықтырақ па?
4. Сыр сақтай аласыз ба?
5. Мерекелік шараны ұнатасыз ба?

(Е)
1. Жазу жазғанда тыныс белгісін ереже бойынша қолданасыз ба?
2. Демалыстағы көңіл көтеруге арнайы дайындаласыз ба?
3. Сатып алған заттарыңыз, шығындарыңыз туралы тура есеп бере аласыз ба?
4. Әр затты өз орнына қойып, реттеп отыруды қалайсыз ба?
5. Күдіктену, күмәндану сізге тән бе?

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін мәліметтерді өңдеңіз. Егер бір жинақта «иә» жауабы басым болса, сол жинақтың әрпін жазасыз (А), ал «жоқ» жауабы көбірек болса, О деп жазасыз. Сізде үш әріптен тұратын екі тіркес пайда болады, мысалы АОВ және ООЕ.

Сіз туралы өзгелердің ойы

АОО – сізді көбіне сенімсіз адам деп санайды. Сіз сәл жеңілтектеу, көңілді әрі сөзшеңсіз. Әрдайым айтқандарыңызды орындай бермейсіз. Достарыңыз сізді дегеніне оңай көндіреді, сондықтан сізді эмоцияға тез берілгіш санайды. Бірақ күрделі мәселені шешуде пікіріңізді өзгертпей, қатаң ұстай аласыз.

АОБ – сіз ұяң емессіз. Кейде басқалар дөрекі деп ойлауы да мүмкін. Ерекше болуға ұмтылып, басқаларға қайшы келесіз. Кейде кешегі айтқандарыңызды бүгін жоққа шығара отырып, өз-өзіңізге қайшы келетін сәттеріңіз де кездеседі. Ұқыпсыз, жауапкершіліксіз адам ретінде көрінесіз. Егер қаласаңыз епті, іскер, қуаты мол адамға айналасыз.

АБО – сіз басқаларға өте ұнайсыз. Ашық, салмақтысыз. Өзгелердің пікірін құрметтейсіз. Достарыңызды ешқашан қиындықта тастамайсыз. Бірақ кез келген адаммен дос бола бермейсіз.

Жалғасы

Ұқсас жазбалар:

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады

Өз-өзіңе қараудың тағы бір тәсілі

@. @assel_assanova