Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тест. Ақшаға қаншалықты құштарсыз?

Тест. Ақшаға қаншалықты құштарсыз?

Тест. Ақшаға қаншалықты құштарсыз?

Бәзбіреулер «Ақша – қолдың кірі» деп, барға қанағат білдірсе, басқалары «Бар бақыт ақшада» деп бар дүниенің ақшаға тәуелді болатынын айтып жатады. Ал сіз қалай ойлайсыз? Ақшаға қаншалықты құштарсыз? Тексеріп көрейік.

1. Айлық алатын күнге бір апта қалды делік. Әмияныңызда жатқан алдыңғы айлықтан қалған ақшаның мөлшерін білесіз бе?

a) Әмиянымда жатқан ақшаны кеше ғана қарызға алғанмын

b) Ата-анам берген тиын-тебендер жатыр

c) Әрине, білемін. Мен әр кез қанша ақша жұмсағанымды есептеп тұрамын.

d) Өте аз. Соңғы қалған тиын-тебенім. Айлыққа дейін жетсе болғаны

2. Ойда-жоқта ұтыс ойынына қатысып, бір миллион теңге жүлде ұтып алдыңыз.  Алғашқы қадамыңыз қандай болмақ?

a) Ой, 1 млн теңге аз ғой

b) Достарыма жуып берер едім

c) Депозитке салып, болашаққа сақтап қояр едім

d) Кәсіп ашуды ойластырып, бір жобаға салар едім

3. Қыздарға сауал. Ауқатты араб шейхымен бірге өмір сүруге келісер ме едің?

a) Иә, келісер едім. Егер ол маған бар жағдайды жасап берсе, ажырасқан кездің өзінде маған байлығынан бөліп берсе.

b) Иә, келісер едім. Тек маған шектеу қоймасын

c)  Иә, келісер едім. Оның байлығының арқасында мен әке-шешем мен бауырларыма көмектесіп, өзім де байлыққа кенелемін

d) Жоқ, мүлдем келіспес едім.

4. Жігіттерге сауал. Ауқатты, алайда өзіңізден бірнеше жас үлкен әйелге үйленер ме едіңіз?

a) Иә, үйленемін. Махаббат жасқа қарамайды. Ең бастысы, ақшасы бар

b) Иә, үйленемін. Жасы маңызды емес. Маған оның ақшасы керек-ақ

c)  Иә, үйленемін. Біраз уақыт бірге өмір сүріп, ақшасын алып алған соң, ажыраса саламын.

d) Жоқ, үйленбес едім.

5. Бес миллион еуроға қандай дүниені сата алмас едің?

a) Білмеймін. Ойланып көру керек екен

b) Жақындарымды. Ал ұсақ-түйек дүниелерді ойланбастан сата салар едім.

c) Ата-әжемнен қалған мұраны

d) Өзгеге зардап тигізетін бомба, қару-жарақ т.с.с. дүниені ешуақытта сатпас едім.

6. Қайырымдылықпен айналысасыз ба?

a) Жоқ, керек болса маған көмектессін

b) Кейде-кейде

c) Аз болса да ара-тұра көмекке зәру жандарға беріп тұрамын

d) Ақша бере алмасам да, жетім балалар мен қарттар үйіне барып, шамам келгенше көмектесемін.

7. Қай салада аса танымал болғыңыз келеді?

a) Театр, кино, сахна

b) Бизнес, саясат

c) Танымал болғым келмейді

d) Өз ортамда ғана танылсам жеткілікті

Қорытынды

Тест сұрақтарына жауап бергенде...

А нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз ақшақұмар жансыз. Сіз үшін ақшаның маңызы зор. Бақытты да, байлықты да ақшаға сатып алуға болады деген ойдасыз. Ақшаны ақылмен жұмсауды емес, оны керісінше мүлдем жұмсамауды қош көресіз. Сіз үшін қалталы болу үлкен мәртебе

В нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз ақшаға бей-жай қарамайсыз. Ақшалай жүлде ұтып алсам, ауқатты алыс туысқандарым табылып қалса дейсіз. Ақшаны еңбек етіп тапқанша, оңай жолмен тапқан әлдеқайда жеңіл әрі дұрыс деген пікірдесіз. Сіз үшін ақша - әуелі қауіпсіздік.

С нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз көрпеңізге қарап көселетін жандардың бірісіз. Ай сайын келіп тұратын еңбекақы я шәкіртақыға шүкіршілік білдіресіз. Ақшаға аса құштар емессіз, алайда ойда-жоқта ақша тауып алсаңыз я ұтысқа кенелсеңіз оны бақыт деп білесіз. «Асықпаған арбамен қоян алады» дегендей, бір сәтте бай болып кетуге болмайды деген ойдасыз. Әр нәрсенің өз орны бар. Сіз үшін ақша – келіп-кететін дүние.

Д нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз барға қанағат білдіретін жансыз. Ақша сіз үшін аса маңызды емес. Жоқты жоқ, барды бар деп бағалайсыз. Сіз үшін ақша – қолдың кірі.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: myday.ru

Дерек көзі: psitest.com.ru

2174 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 шілде 2012, 15:39
Пікірлер
+0
05 шілде 2012, 14:31

Тест дұрыс құрылмаған деп ойлаймын. Мысалға,
2. Ойда-жоқта ұтыс ойынына қатысып, бір миллион теңге жүлде ұтып алдыңыз. Алғашқы қадамыңыз қандай болмақ?

a) Ой, 1 млн теңге аз ғой

b) Достарыма жуып берер едім

c) Депозитке салып, болашаққа сақтап қояр едім

d) Кәсіп ашуды ойластырып, бір жобаға салар едім
Алғашқы нұсқаны мүлде алып тастау керек.Себебі оның сұраққа түк қатысы жоқ. Аз деп бас тартпайды ғой. Басқа сқрақтарда да кездеседі мұндайлар.

+0
05 шілде 2012, 14:42

Ақшаға құштар емеспін дейтін қайсың бар?))))) Ақшаға құштар болмау үшін диуана болу керек, шамалы құштармын, көп құштармын деген жоқ қой. Не құштарсың, көп адам секілді, ни диуанасың))))
Мен ақшаға, ол сыйлайтын мүмкіндіктерге құштармын. Жақсыға кім қарсы болсын))))

+0
05 шілде 2012, 15:12

арине бәріміз құштармыз! бірақ ақшаданда жоғары тұратын құндылықтар болады. кей адамдар солардың орнын ауыстырып алып жатады

+0
05 шілде 2012, 15:59

өте дұрыс...ақшаны жақсы көрмеу керек, ақшаны жарату керек

+0
05 шілде 2012, 16:28

Фара, ақшаны жаратпас бурын, оны табу керек :D

+0
05 шілде 2012, 16:03

ақшадан бәрі жоғары: денсаулық, отбасы, қарым-қатынас, адамгершілік және т.с.с. Өмірлік құндылықтар емес, ақша жайлы ғой әңгіме))))

+0
05 шілде 2012, 18:43

шынымды айтсам қуға еріндім

+0
30 шілде 2012, 13:20

ақша деген жәй ғана өмір сүру үшін қажет нәрселердіғ бірі,оның соңына түссен сірә жете алмассын.Қуған сайын алыстай береді.Ақшадан да маңызды нәрселер бар деп ойлаймын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...