Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ұялғаным-ай!

Ұялғаным-ай!

Көптеген қыздар басқалармен араласқанда ыңғайсыз сұрақтарға тап болып, ұялған сәттері беттері шырайлана қызарып, кірерге жер таппай қалады. Бұл кемшілік пе? Әлде жас қыздың ұялғаннан беті қызаруы - тәрбие мен инабаттылықтың белгісі ме?

Бұл құбылыстың ғылыми тұрғыдан түсініктемесі келесідей: аяқ астынан беттің қызаруы - жасқаншақтықтың белгісі. Ал бұл өз кезегінде айналасындағыларға ашыла алмау себебінен өзін сенімді сезінбейтін жасөспірімдерде жиі байқалады.

Бұл мәселені шешу үшін неліктен ұялып, өзіңізге сенімді болмай, тіпті үрей билеп алатынын түсінуіңіз керек. Осы сұраққа жауап берсеңіз, жарты іс жасалды деп ойлай беріңіз. Қорыққанға қос көрінеді демекші нәзік жандыларға бетіне шыққан безеу де, мінсіз емес шаш сәні де кейіпін бұзып тұрғандай көрініп, өзіне деген сенімділігін мүлдем жояды. Ендеше бұл мәселенің шешімі - түпкі себебінен арылу. Бетіңіздің безеулерімен қорқыныш та кете қояды.

Қоймаса ше? Дау жоқ, жандары ерекше сезімтал, ұялшақ адамдардың мінезінде осы қасиет таңбамен басылғандай болады. Бұл жағдайда жүйке жүйесін тыныштандыратын өсімдік негізіндегі дәрілер сізге көмек бере алады. Күнделікті суық душ, массаж, жаттығулар, спортпен шұғылдану, таза ауадағы демалыс. Осының бәрі жүйке жүйеңізді тыныштандырып, сабаңызға келтіреді.

Көпшіліктің алдында сөйлеуге қорықсаңыз, әңгіменің тақырыбын алдын-ала ойластырып қойыңыз. Әңгіме барысында, сіздің тыңдарманыңыз табылғанына көзіңіз жеткенде, өзіңізге сенімділігіңіз артып, қорқынышыңыз басылады. Жалпы көптеген адамдармен араласып, жаңа таныстықтан қашпаңыз. Осылай біртіндеп үйреніп, кейін беттің қызаруынан да айрыласыз.

Сондай-ақ бұл жағдайда аутотренинг қолдануға болады. Өзіңізге өзіңіз комплимент айтып, "Мен өзіме сенімдімін, батылмын" деуден шаршамаңыз. Айнаның алдында, не маңызды кездесуге бармас бұрын айтылған осындай сөздерге уақыт өте сеніп кетуіңіз ғажап емес. 

Сурет: startonlinedating.wordpress.com

Дайындаған: Сания Аринова

3114 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 шілде 2012, 19:30
Пікірлер
+0
05 шілде 2012, 09:46

ия мұндай жағдай барлығында бар шығар. өз басым көпшілікке көп шықпаған соң бааа көпшілікпен отырып тамақтана алмайтын әдетім бар.осыдан қалай арыдуға болады?құдды біреу қарап тұрғандай болады ды тұрады ештеңені аузыма сала алмаймын, қолым дірілдеп қолымнан түсіріп алатын сияқтымын. білмедім бұл мүмкін уақыт өте келе қалып кетер..... :? :(

+0
05 шілде 2012, 13:43

Осы кеңестерге сүйеніп, өзіңізге деген сенімділікті жоғарылатыңыз ;)

+0
05 шілде 2012, 11:32

Ұялсам да, қорықсам да бетім қызыра шығады...

+0
05 шілде 2012, 20:08

менде сондаймын :oops:

+0
06 шілде 2012, 14:40

Ұялшақтығым бар. "Жалпы көптеген адамдармен араласып, жаңа таныстықтан қашпаңыз." Ең дұрысы осы. Жаңа таныстықтар әрдайым ашылуға, ұялшақтықтан арылуға көмектеседі.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...