Жігітіңіз қалай өтірікшіге айналады?

Жігітіңіз қалай өтірікшіге айналады?

Көбіне қыздар қауымы өз жігітінің өтірікші болғаны үшін өкініп, ренжіп жатады. Бірақ жігіттерден өтірікші жігітті жасап алатын қыздардың өздері. Өйткені адам белгілі бір жағдайдан сытылып кету үшін ғана өтірік айтуға мәжбүр болады. Егер өтірік айтпай, бәрін болған күйінде жеткізсе әлдекімнен сөз естіп, арты өкінерлік жағдайға әкеліп соғады деп қорқады. Сол үшін жігіттер қыздарымен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде өтірік айтуға тура келеді. Сонымен, жігіттер біздің қай әрекетімізден кейін өтірік айтуға кіріседі?

Соңына түсіп алған сайын... Егер жігітіңіздің бар қадамын аңдып, әр ісінен жауап алып отырғыңыз келсе, оның аузынан үнемі шын сөз ести бермейсіз. Өйткені ол сізді алаңдатқысы келмей тек сіздің құлағыңызға жағатын жауапты ғана айтады да, қалғандарын жасырып, өтірікті шындай қылып айта бастайды. Сіз оның не істеп, не қойғанын білгіңіз келген сайын оның да жалған істері көбейе береді.

Көп нәрсе талап еткен сайын... Жігітіңізден аспандағы айды талап еткен сайын да ол өтірікші бола бастайды. Сізді шын сүйгендіктен көңіліңізді қимай ананы да, мынаны да әперем деп уәде береді де, қалтасы көтермесе сөзінде тұрмағандық болады. Мұндайда ол әрі өтірікші, әрі уәдесінде тұрмайтын ез жігіт аталады.

Сізден жалыққан сайын... Жігіттер қызынан жалыққан сайын да онымен кездесуден қашып өтірік айта бастайды. Көбі бетіне айтып, бірден қарым-қатынасты үзе салуға қауқарсыз болып келеді. Мұндай жағдайда да олар өтірікке шебер болып алады.

Сурет: Askar Bumaga

Ұқсас жазба:

Жігітіңіз өтірікші ме?

А. Әбілхан