Байлыққа жеткізетін құнды кеңес – 2

Байлыққа жеткізетін құнды кеңес – 2

Назарларыңызға Бодо Шефердің қаржылай тәуелсіздікке жеткізетін 21 құнды кеңестер жинағының жалғасын ұсынамыз:

Басы

1. 72 сағат ішінде әрекетті бастаңыз. Бір нәрсе істеуді ойласаңыз, тапжылмай 72 сағаттың ішінде бастамасаңыз, 85 пайыз жағдайдың көрсеткіші бойынша, оны ешқашан бастай алмайсыз.

2. Ақшаға деген қарым-қатынас. Байып кететініңізге шынымен сенесіз бе? Бұл аса маңызды емес, ең бастысы, қаржыны билеу туралы маңызды әрі оңай талаптарды білуіңіз керек.

3. 20 пайыз тырысу – 80 пайыз нәтиже береді. Ал 80 пайыз тырысу – 20 пайыз нәтиже беретінін дәлелденген.

4. Байлыққа бәріміз де тең құқылымыз. Туылғаннан бері байлыққа, бақытқа құқылы екенімізді түсінуіміз керек. Бай отбасында тудың ба, кедей отбасында тудың ба? Ол маңызды емес. Ең бастысы, ақшаға деген қарым-қатынасты өзгертіп, тек жақсы дүниеге ұмтылу.

5. Сенімділік пен позитив. Бұл екеуі қаржылай табысқа жетелейтін маңызды элементтер. Блокнот арнап, күнделікті жасаған жақсы, игі істердің бесеуін жазып отырыңыз. Егер 5 іс ойыңызға келмесе, бүгінгі күннің несімен ұнағанын және осы күн үшін рақметіңізді жазыңыз.

6. Денсаулық жайлы ұмытпаңыз. Денсаулықсыз табысқа жету мүмкін емес екенін білесіз бе? Денсаулықсыз байлыққа риза бола алмайсыз.

7. Қаржылай қор. Ең аз дегенде 6 ай өмір сүруге жететін қаржы қорыңыз болуы керек.

8. Жақсы табысқа жету үшін жақсы білім керек. Үнемі оқып, дамып, ой-өрісіңізді кеңейтіп отыруға тырысыңыз.

9. Қоғамдық құрылыс. Қоғамдық құрылыста өмір сүріп жатқаныңызды ұмытпаңыз. Ең мықты дегенің алға шығады. Ең мықты дегенің бай болып, ақшасын жоғалтпайды.

10. Жинақтау. Байлық – мейрамханада, сапарда, саяхатта, дүкенде құртқан ақшаңыздың есебі емес. Байлық – жинақтаған ақшаңыздың есебі.

11. Өзгеру. Сізге еңбегіңіздің шын тұратын ақысын төлемей ме? Алайда егер сіз «осындай» ақша алсаңыз, ол сіздің шын бағаңыз. Ұнамай ма? Жетпей ме? Жұмыс орнын, өмір сүру дағдысын және өзіңізді өзгертіңіз!

Сурет: ©Думан Қасым

Ұқсас жазба:

Жасөспірімдер қайда еңбек ете алады?

Ф. Абилова