Қандай адамдармен араласпау керек? #3

Қандай адамдармен араласпау керек? #3

Өмірлік серіктің болуы шарт. Ол – адал, мейірімді, қамқор адам болуы керек. Ал қандай типті адамдармен араласуға болмайды?

Басы

Үнемі күйзелісте болатын адамдар

Мұндай адамдар үнемі өмірдің «жалған», «қатігез» екенін айтып, ренжіп жүреді. «Менің жолым болмайды», «маған ешкім көмектеспейді», «мені ешкім жақсы көрмейді», «мен жалғызбын» және тағы да басқа мәнсіз «айыптармен» өмір сүретін адамдар бар. Оларды әрқайсысыңыз өмірде бір рет болсын кездестірген боларсыз.

Мұндай типті адамдар сіздің ойлауыңызға, қабылдауыңызға кері әсерін тигізеді. Олар өміріндегі сәтсіздіктің себебі көбінде өзіне байланысты екенін түсінбейді.

Бір орында қалғысы келетін адамдар

Өмірді қызықты, пайдалы сүргіңіз келсе, бір орыннан, ыңғайлы жерден жылжығысы келмейтін адамдардан аулақ болыңыз. Жайлы, ыңғайлы жерден кетіп, жаңа жерге ауысу әдеті – өмірде керекті болатыны анық.

Кез келген адам өзгерістерге дайын болуы керек. Ал ол үшін, ең алдымен, мақсатыңыз болуы керек.

Армандай білмейтін адамдар

Арманы жоқ адам – өлі адаммен тең. Өмірде бәрі жақсы болатынына сенетін адам дегеніне де жете алады. Өзінде арманы жоқ адам сізге де армандауға бөгет етеді. Сондықтан ондай адамдардан аулақ болыңыз.

Сенбейтін адамдар

Армандамайтын адамнан «қауіпті» тип – сенбейтін адам. Ол мақсаттың, арманның орындалуына сенуге қорқады. Себебі, өз уақытымен орындалмаған жағдайда ол күйзеліске түсуі мүмкін.

Ал бұл қорқыныштың еш негізі жоқ. Қорқыныш емес, өміріңізді сіз билеуіңіз керек.

Жоғарыда аталған типті адамдармен араласудың қажеті жоқ. Бірақ оларды өзгеруге шабыттандырып, көмектесуге болады. Ал көмекті қабылдау-қабылдамау өз еріктерінде.

Сурет: ©Queen's studio

Ұқсас жазбалар:

Неліктен мақсатыңды біреуге айтуға болмайды?

Өз есіміңізге ризасыз ба?

Неге үндемейсіз?

Өмір туралы өсиет әңгіме

Ф. Абилова