Әр адамның 10 қасиеті #3

Әр адамның 10 қасиеті #3

Көп ғасыр бойы жұлдызнама мәдени мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Адамдар ғылым тілі жауап бере алмаған «Жер бетіне не үшін келдік?» сынды сұрақтардың жауабын іздейді. Бүгінгі таңда ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктеріміз көп болса да, әрдайым өзімізді танып-білуге ұмтыламыз. Осыған орай, назарларыңызға әр адамның 10 ерекшелігін ұсынамыз.

Мерген

1. Жақсы адамдар қашан да артықтық етпейді.
2. Барлығын кешіремін.
3. Саяхаттау – ең жақсы демалыс.
4. Қиындықтар аз болғаны дұрыс.
5. Жасандылықты ұнатамын.
6. Маған ренжу мүмкін емес.
7. Мені ар-ұятым мазалаған емес.
8. Мен ешуақытта ешкімге ешнәрсе қарыз емеспін.
9. Қиындыққа бола алдын ала қобалжуды ұнатпаймын.
10. Мен секілді жеңілтек адам қай ұжымға болса да қажет. 

Тауешкі

1. Жүгіруді ұнатамын.
2. Әрдайым жеңіске жете білетін сарбазбын.
3. Заңды ешуақытта бұзба. Бұл қылық өзгеге жарасса да, сен әйтеуір бір ұсталасың.
4. Мен көп нәрсе сұрамаймын. Тек табыстарымның саны көп болса болғаны.
5. Өмір пойыз секілді. Әр станцияға уақытылы тоқтап тұрады.
6. Үйде отырсам да, шетел туралы ақпаратпен қанығып отырамын.
7. Нағыз тауешкі ұстамдылығымен ерекшеленеді.
8. Шың басына міндетті түрде шығуымыз керек.
9. Тек мен ғана жыл өткен сайын жасарамын.
10. Мақсатыма жеткенше үнсіз жүремін.  

Суқұйғыш

1. Өзгелерге ұқсағанды ұнатпаймын.
2. Сен менің айтқаныммен жүруің керек.
3. Ақымақтар ғана ескішіл болады.
4. Болашақ жарқын болуы тиіс.
5. Періште болу қиын, бірақ болуға міндеттімін.
6. Игі істен шынайы ниет артық.
7. Жаңашылдыққа бет бұру үшін дәстүрден бас тартуымыз керек.
8. Сүйіктіңмен жақын қарым-қатынаста болу дейсіз бе? Өмірде одан да маңызды дүниелер бар.
9. Бірінші достарыма, артынша отбасыма көңіл бөлемін.
10. Менен жақсы, менен сергек адам әлі дүниеге келген жоқ.  

Балықтар

1. Қол ұшын созғаннан, адамның мұңын сезіне білу артығырақ.
2. Тәртіпті сылбыр адамдар ойлап тапқан.
3. Зиянды әдеттерге жақынмын.
4. Ертеңнің арғы күні де жасауға болатын дүниені ертеңге қалдырмаңыз.
5. Берген уәдеме сеніп қалмаңыз.
6. Асығып жасалған іс нанды шайнамай жұтумен бірдей.
7. Өзімнен басқасының барлығын түсінемін.
8. Жел соқса, шыбық майысады. Ал емен ағашы құлайды.
9. Менің қолым бос емес.
10. Маған қысым көрсетпеңіз, әйтпесе қолдан сырғыған балықтай жоқ болып кетуім мүмкін.

 

Сурет: ©Галия Карри

Қ. Бүйенбай