Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббат моделі

Махаббат моделі

Махаббат моделі

Махаббат атты сезім бәріне бірдей эмоциялар сыйлайды ма? Немесе әркім бұл сезімді әрқалай өткереді ме?

Ғалымдар қыз бен жігіттің қарым-қатынастарын бірнеше топқа бөліп отыр. 

Түзелмес романтиктер

"Сезім оты лаулап жану керек" деп ойласаңыз, демек сіз нағыз романтиксіз. Сіз сүйгеніңіз үшін бәрін құрбан етуге дайын боласыз. Алайда сізге жұбыңыздың емес, өзіңіздің сезіміңіз маңызды. Махаббатта біреу сүйеді, ал екінші сүюге рұқсат береді деген ой рас болса, сіз біріншісін таңдар едіңіз. Сезіміңізге толықтай берілесіз. Бірақ сезім оты сөнгеннен кейін бұл қарым-қатынасқа қызығушылығыңыз басылады. Екі романтик жанның бірге болуы өте қиын. 

Ағаш пен шырмауық

Біреуі - берік, мықты ағаш. Екіншісі - оны айналып өсетін шырмауық. Біріншісі тағдырдың тауқыметі мен тұрмыстың ауырлығын өзіне алса, екіншісі бұл сұрақтарға кіріспей, жұбының бақытты болуын ғана қадағалайды. Ең қызығы "үйдің қожайыны" рөлінде ерлермен қатар әйел де бола алады. Бұндай қарым-қатынастар берік, ал екі ғашық бақытты болатынын тәжірибеден белгілі болған екен. Тек рөлдердің тағайындалуы екі жақтың келісімінен өтіп, жастардың мінезіне сай келсе болғаны. 

Мінездер қақтығысы

Өткір мінезді екі жас қосылса, бұл қақтығыс ұзаққа жалғасады дей беріңіздер. Ұрыстар кез келген нәрселер үшін орын алады: кім фильм таңдайды, достармен отырысқа бару құқығы, футбол... Әрине мінездің болуы бұл заманда әбден дұрыс, алайда керек кездері сабыр сақтап, сүйгенің үшін өз намысыңды тыя тұрған ұят емес. 

Тәуелсіздер

Олар бірге, бірақ басқа жұптар сияқты бірін-бірі бақылап, қайда жүргенін біліп, күніне 20 реттен қоңырау шалмайды. Бір-бірінің хабарламаларын оқымайды, пошталарын күдік іздеп, тексермейді. Олар өздерін заманауи санайды, өмірінде басты жұмыс, оқу не басқа кез-келген қызығушылық, бірақ махаббат емес деп ойлайды. Бірақ бұл сезімді махаббат деп атауға бола ма?

Серіктестер

Бұндай қарым-қатынастағы адамдардың басты мақсаттары - бір-біріне көмек беру. Олар бір-біріне әрқашан арқа сүйей алатындарын біледі. Ешқайсысы да тізгінді өз қолына алуға тырыспайды. Сұрақтарды кеңесе отыра шешкенді дұрыс санайды. Тіпті ұрыстың өзі бұл жұпта өкпелеу амалы емес, ортақ шешімді табу жолында қолданады. Мінсіз жұп па? Мүмкін... Алайда іс жүзінде екі ғашықтың бірі ылғи келісімге келуден шаршап кетуі мүмкін.

Әрине бұл махаббат модельдерінің барлығы - теория. Іс жүзінде бастарынан бірдей махаббат оқиғасын өткерген жұп жоқ шығар. Сондықтан психолог ғалымдардың берген кеңестерімен таныс болып, алайда сіздің өміріңіз өз алдына ерекше екенің ұмытпаңыз. Мүмкін бірнеше жылдан кейін сіздің махаббат оқиғаңыз ерекшеленіп қағаз бетіне түсер?

Ал сіздің махаббат моделіңіз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

4561 23
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 шілде 2012, 18:08
Пікірлер
+0
05 шілде 2012, 15:10

соңғысын аңсаймын. Партнер болғым келеді))) Бірақ, шамалы доминантты болса дим серігім. Болды, мен үшін идеальная формула осы болмақ))))

+0
05 шілде 2012, 15:13

Ағаш пен шырмауық шығар.

+0
05 шілде 2012, 15:16

Түзелмес романтик болғам, ТҮЗЕЛДІМ :lol:

+0
05 шілде 2012, 15:16

Жасасын, серіктестер!

+0
05 шілде 2012, 15:20

ағаш пен шырмауық және серіктестееееер!!!

+0
05 шілде 2012, 15:23

менің бір құрбым бар мінезді. жігіті болды жігіті де мінезді. екеуі қайта қайта ұрыса береді, бірақ айрылмайтын. бірақ бертін келе айрылысты, әйтсе де қазір сөйлесіп тұрады, қайта сезімдері оянып жатқан сияқты. егер екеуі отау құрса қандай болады екееен.................

+0
05 шілде 2012, 15:27

Шын сезімдері болса, еш қиындыққа қарамай, бірге болуына тілектеспін)

+0
05 шілде 2012, 15:53

Тауелсіздер дегенің свободное отношение ғо???

+0
05 шілде 2012, 15:56

сондайға келеді

+0
05 шілде 2012, 15:58

мағам ұнайд. негізі ол дурыс емес! бірақ осы айтылғандардың бәрі бар сияқты менде :D

+0
05 шілде 2012, 15:57

түзелмес романтик шығармын ;)

+0
05 шілде 2012, 17:54

Сания, "сыйлайды ма" деп қазақ сөйлемейді. Саған "екі"!

+0
05 шілде 2012, 20:31

білмеймін, менің тілімнен келеді әйтеуір)

+0
05 шілде 2012, 18:30

Махаббат қа ешқандай қызығушылығым жоқ мен тек Өскенде қайтсемде ғалым боламын деп армандаймын махаббатты қазіргі жастар не екеніні білмейді құшақтап сүйсе болды бірін-бірін жақсу көреді деп блед.Тастап кеттім ұрсылып қалдық деген сөздер қазір көп кездеседі ол жай бір қызбен немесе жігітпен жүріп-жүріп қызығушылығы басылып айрлысады ,кейін басқа жігіт тауып алаып сонымен жүреді сені сүйемін сені тастамаймын ,оның барлығы бос сөз бірінші сінен қалай айрылды екіншісінен де солай жалығып тастап кетеді . Әрине бұл қазіргі жастардың ісі. Нағыз Махаббаты 10 / 1 ғана жақсы біледі деп блем.

+0
05 шілде 2012, 21:08

Біздікі серіктестерге уксайды екен ;)

+0
05 шілде 2012, 21:14

Менің басымнан "Мінездер қақтығысы" өткен. Ұрыса беретінбіз, соңында айрылысып тындық.

+0
06 шілде 2012, 14:18

Басымнан өтпеген, біреудің басынан өткен. :) Ағаш пен шырмауық дұрыс секілді. Екі адамның да бірдей романтик немесе мінездері бірдей болуы түсініспеушілікке әкелетін сияқты. Ал, тәуелсіздердің қарым қатынасы ұзақ уақытқа бармайды, меніңше.

+0
07 шілде 2012, 17:10

"Ағаш пен шырмауық", "Тәуелсіздер" және "Серіктестерге" келетін еді біздің қатынасымыз. Бірақ кеше мен бәрі бітсін дедім... Шаршап кеттім күтуден...

+0
08 шілде 2012, 15:59

Мен түзелмес романтикпін әлі түзелмедім! :(

+0
09 шілде 2012, 15:08

БІЗ ТҮЗЕЛМЕС РОМАНТИКТЕРМІЗ!!! ӨМІР БОЙЫ ТҮЗЕЛМЕЙТІН СИЯҚТЫМЫЗ...

+0
09 шілде 2012, 20:48

Серіктестікті көргім келеді

+0
09 шілде 2012, 22:56

менің соңғы жүрген жігітіммен арамызда тәуелсіздер болған, сол ушін онымен айырылысып кеттім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...