Не жайлы ойламауымыз керек?

Не жайлы ойламауымыз керек?

"Өзіндік әлеміміз ойлаудың арқасында құрылады. 
Оны өзгерту үшін алдымен ойлауды өзгерту керек".
Альберт Эйнштейн

Санаңызда өзіңізбен диалог құратыныңызды мойындайсыз ба? Мұндай "диалог" сіздің өміріңізге тікелей әсер етеді. Сондықтан төмендегі нәрселер туралы ойлануды тоқтатыңыз:

1. "Өзгеруім керек"

Өмір жолында біз "сен өзгеруің керек", "сен … адам болуың керек" деген нұсқауларды жиі естіп жатамыз. Бұл сөздердің жетегінде біз мінсіз болуға ұмтыламыз. Өзіңізге сеніңіз, өзгелерге мейірімді болыңыз. Өзіңізді ешбір шартқа сүйенбей, қабылдаңыз.

"Біреу айтты" немесе "осы дұрыс-ау" деп шешім қабылдамаңыз. Сіздің орныңызға біреу шешім қабылдауына да жол бермеңіз. Мейлі, олар соны дұрыс көрсе де...

Біреуге дұрыс көрінген шешім, сіз үшін бұрыс болуы мүмкін екенін түсіне біліңіз. Ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз. Жүрек түкпіріндегі дауыс сізге дұрыс бағыт сілтейді.

2. "Менде жоқ"

Артық салмақ, безеу, қал, әжім сияқты "мәселелерге" шағымдана бермей, 12 мүшеңіздің сау екеніне риза болыңыз.

Көп адамдар кішігірім баспанасы бола тұра "үлкен үйім жоқ" деп наразы болады. Бұл орайда күні кеше өткен онлайн дәрісте айтылған тақырыпты айта кетуге болады. Яғни, "жоқ, жоқ" деудің орнына "болады" деп айтуды үйренуіміз керек.

Әр күніңізді қуанышпен қарсы алыңыз. Себебі, сіз әр күннен бастап, тірліктеріңізді жасап, мақсатыңызды жүзеге асыруға толық мүмкіндігіңіз бар.

3. "Қорқамын"

Сізді мақсатқа жеткізбей, бір орынға шегелеп тастайтын кедергілердің бірі – қорқыныш. Бірақ оны өміріңізге, санаңызға өзіңіз енгізгеніңізді мойындағаныңыз дұрыс.

Бір істі бастау алдында кез келген адамның жүрексінетіні хақ. Сол сәтте өзіңізді қолға алып, бар жігеріңізді жинап, іске кірісіңіз.

Қорқынышты жеңіп, өзіңізге, өз мақсаттарыңызға сенімді болыңыз.

Сурет: ©Тимур Утешбеков

Оқи отырыңыз:

Өмірді өзгертудің 10 әдісі

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? #2

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Көктемгі күйзеліспен қалай күресеміз?

Ф. Абилова