Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Музыка - жақсы жұмыс кепілі

Музыка - жақсы жұмыс кепілі

Музыка - жақсы жұмыс кепілі

Жаз мезгілі басталғалы бері кеңсеңіздегі жұмысыңыз жүрмей қалды ма? Ойыңызда жазғы демалысқа жоспарлар, жылы теңізде шомылу, достармен өткізілетін кештер... Сонда жұмыс қайда қалды? Ойыңызды жинақтауға көмекке музыка келеді.

Әрине, биші не әнші болмасаңыз, музыкасыз, тыныштықта жұмыс істеген әлдеқайда дұрыс. Алайда ойларыңызды жинақтап аламын десеңіз, құлақшын киіп, бір демалып алсаңыз болады. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс таңдалған музыка есте сақтау қабілетін арттырып, тиянақты жұмыс істеуге дағдылай алады. Ғалымдардың зерттеулері нәтижесімен таныс болыңыздар.

Есте сақтау қабілетін жақсартып, зейін қойып жұмыс істеуге фанк-рок бағытындағы музыка көмектесе алады. Мысалға, Red Hot Chili Peppers тобының әйгілі Californication хиті.

Вальс тыңдау әсерінен сіздің жұмысқа ынтаңыз 20%-ға өседі екен.

Симфонияларды тыңдап, ақпаратты қабылдау, жүйелеу қасиетіңізді көтере аласыз.

Ал демалып, күш жинаймын десеңіз, Моцарт сияқты классикалық музыка композиторларының туындыларын тыңдағаныңыз жөн. Ғалымдардың айтуынша, адамның шығармашылық қасиеті классикалық музыка тыңдағанда ерекше көріне алады.

Сөзсіз өзіміздің домбырамыздың дыбысы жүрек лүпілін ерекше ұғып, тыныштандыра алады.

Қандай музыка түрін таңдасаңыз да, бастысы жұмыста музыкаға беріліп, өлең айтып кетпей, одан тек жаңа күш пен көңіл-күй алуыңыз керек.

Ал сізге жұмыс істеуге қандай музыка көмектеседі?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:  liveinternet.ru

527 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 маусым 2012, 18:17
Пікірлер
+0
25 маусым 2012, 18:02

күй тындасаң аз болса да тынығып, қаласың расында

+0
25 маусым 2012, 18:24

Иә, музыка - жанның рахаты. Іс-әрекет барысында музыканың темпі де маңызды. Тез музыка қойсам, тез жылдамдықта орындап шығамын. :)

+0
25 маусым 2012, 19:20

үйді музыкамен жинасам жұмысым жақсы жүреді...

+0
26 маусым 2012, 11:59

ұйқым келмегенде "Сүйген жүрек" әнін тыңдаймын

+0
29 маусым 2012, 14:08

Салем достар,косыламын пикирлеринизге,музыканы да тандай билу керек бирак,казир сапасыз музыкалар да кобейип кеткен сиякты

+0
14 шілде 2012, 23:41

Терме тыңдағанды ұнатамын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...