Табысты болуға дайынсыз ба?

Табысты болуға дайынсыз ба?

Бұл тақырыпты қозғаған кітаптар мен фильмдер баршылық. Әрқайсысында өзіндік қағида мен ұстанымдар бар. Бірінде психологиялық негіз болса, екіншісі керісінше, оған қайшы болады. Дегенмен, қандай кеңес болмасын, ең бастысы, сол кеңестің пайдасы болуы керек.

1. Жаман айтпай жақсы жоқ. Кез келген қиындықтың артында жақсылық болатынына сеніңіз. Сол себепті, ешқашан еңсеңіздің түсірмеңіз. Қиын жағдайдан пайдалы нәрсе табуға болады. Ол үшін тырысу керек.

2. Дұшпандар. Табыс, жетістік бар жерде дұшпандар да пайда болатынына дайын болыңыз. Алғашқы дұшпаныңыз көкжиектен көрінсе, демек табысқа жету жолында бірінші баспалдаққа аяқ бастыңыз. Дұшпан дегенді екі түрлі түсінуге болады: 1) сізді көре алмай, қызғанатын жандар; 2) сіздің салаңыздағы бәсекелесіңіз. Бірінші типті дұшпандарды елеудің қажеті жоқ, ал екінші типтілерді құрметтей біліңіз. Қорықпаңыз, қашқақтамаңыз, еңсеңізді жоғары ұстап, төтеп беруге даяр болыңыз. Егер дұшпандарыңызды құрметтемесеңіз, уайым мен ызадан жүйкеңіз жұқарып, көңіл-күйіңіз босап, күйзеліске ұшырауыңыз әбден мүмкін.

3. Тазарту. Айналаңызға көз жүгіртіңіз. Сізді артқа тартып, жолыңызды бөгеп тұрған адамды көрдіңіз бе? Әдетте бұл – үнемі арызданып, уайымдап, жер-көкті кінәлап жүретін адамдар. Өз мәселелерінің шешілмеуін не пайда болуын өзгелерден көретін адамдар. Осындай қылығымен сіздің табысты болуыңызға кедергі болатын адамдар. Олардан алшақтауға тырысыңыз.

4. «Жоқ» дей алу. «Жоқ» деуге үйреніңіз. Әйтпесе, көп зардап шегіп, біраз нәрседен айырылуыңыз мүмкін. Оның үстіне өз табысыңызға жету мүмкіндігінен алыстай бересіз. «Жоқ» дей алу өте пайдалы әрі керекті білім. Әрине, бұл орайда «мен достарыма, жақындарыма көмектесуім керек», «олардан айырылып қалғым келмейді» деген қайшылықтар пайда болары хақ. Дегенмен, егер жақын адамыңыз сізді жақсы көрсе, ол сізге зиянды болуы мүмкін мәселеге араластырмайды. Әрі сізді түсіне де біледі. Сондықтан «жоқ» деудің нәтижесінде досыңыздан айырылсаңыз, өзіңізге сұрақ қойыңыз: «ол расымен менің досым ба?». Тоқтамай ілгері жүре беріңіз. Болашақта әлі біраз қажеті жоқ адамдармен қош айтысасыз.

Жалғасы бар...

Сурет: blogspot.com

Оқи отырыңыз:

Табыстың кілті неде?

Неліктен мақтауды дұрыс қабылдай алмаймыз?

Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?

Бизнес ережесі

Ф. Абилова