Ашуға бой алдырмас бұрын

Ашуға бой алдырмас бұрын

Үлкен әуежайдың ішінде бойжеткен ұшақ сапарын күтіп отырады. Ұшақ белгілі бір себептермен бөгеліп, жолаушылар бірнеше сағат күтуге мәжбүр еді.

Бойжеткен уақыт өткізу үшін кітап пен печенье сатып алады. Күту залына қайтып келгенінде жанындағы орындықтың үстінде печенье, келесі орындықта бейтаныс жігіт отырады. Бейтаныс жігіт те журнал оқып отыр екен. Бойжеткен бір печенье алып жей бергенінде, жігіт қолын созып рұқсатсыз печенье алады. Қыз жігіттің бұл қылығына ашуланса да, ары қарай кітабын оқи береді. Бойжеткен печенье алған сайын жігіт те ерегіскендей алып жейді. Мұндай мәдениетсіздікті бұрын-соңды көрмесе де, қоғамдық орында шу көтергісі келмейді.

Бойжеткен соңғы печенье қалған кезде «Қызық, бұл мәдениетсіз адам енді не істер екен?» деп ойлайды. Жігіт қыздың ойын сезгендей соңғысын ортасынан бөліп, қызға ұсынады. Ақырында шыдамы таусылған қыз заттарын жинастырып, кетіп қалады. Артынша ұшаққа отырған кезде сөмкесін ашып қараса, сатып алған печеньесі орнында тұр екен. Кенет оны бірден сөмкесіне салып қойғанын еске түсіреді.

Әуежайдағы әрекеті үшін қатты ұялады. Ол бұл айыбын еш уақытта өтей алмайтынын білді. Сол себепті, ашуды ақылға жеңдіру туралы көп ойлайық.

Сіздің өміріңізде осы секілді түсінбестіктер болды ма?

Сурет: Макс Галаев

Қ. Бүйенбай