Қыздар қандай ер адамдарды ұнатпайды?

Қыздар қандай ер адамдарды ұнатпайды?

Қоғамда ер адамның типті мінездері туралы әртүрлі пікір қалыптасқан. Әдетте, әр типтің өз ерекшелігі болады. Олар жайлы психолог мамандардан жиі естіп жатамыз. Бұл жолы ер адамдардың әйелдерге ұнамсыз типтері жайлы сөз қозғаймыз.

1. Әлі бала

Ол әлі күнге дейін «робот», «соғыс, шайқас», «төбелес», «контрстрайк», «дота» сынды ойындарға құмар. Кейде, тіпті, футболға басымен кеткендер жиі кездеседі. Мұндай еркектер ойынды бірінші орынға қояды. Әдетте әйел адамдар бұл типті ерлердің жанында өзін әйел емес, ана сияқты сезінеді.

2. "Мен, менің, маған..."

Бұл - ең қауіпті типтің бірі. Ол сымбатты, келбетті, өзін ұқыптап ұстайды, жан-жағында әйел адамдар аз емес. Алайда ол өзін ғана ойлайды. Мұндай еркектерге әйел адам тек «имидж» үшін керек. Егер сіз оның галстугына сәйкес келмейтін көйлек кисеңіз, оның ренжіп қалуы ғажап емес. Оның қасында сіз мінсіз көрінуіңіз керек.

3. Анасының баласы

Күнделікті анасына телефон шалып, жұмыс күнінің қалай өткені жайлы есеп беретін ер адамдарды аяулы жандар ұната бермейді. Себебі екеуінің арасына қайта-қайта енесі кіріп, кеңесін айтып, баласын қорғаса, мұның аяғы жақсылықпен бітпейді.

4. Компьютердің досы

Мұндай жігіттер әдетте өзінің сырт келбетіне аса мән бере бермейді. Виртуалды әлемнің тұрғыны жұмыста мықты маман болса да, нәзік жандармен тіл табыса алмайды.

5. Спортшы жігіт

Қыздар экология, қоғам, отбасы, достар жайлы емес, өзінің бицепсін өлшеумен уақыт өткізетін жігіттерден қашады. Ол үшін спортзалда күнделікті сағаттап жаттығу әдетке айналған. Тамақтану алдында калорий өлшейтін жігіт кімді алаңдатпайды? Бұл жігітті ұстап қалу үшін ол жаттығатын залға абонемент сатып алып, қасында жүру керек.

6. «Армандастар, құрдастар...»

«Жаным, біз жігіттермен кешке отырамыз», «жаным, бүгін досымның туған күні», «жаным, бейсенбі «жігіттер күні», ал жұма біз футбол көреміз» сынды сөздерді айтып, арызданатын құрбыңыз бар ма? Демек, оған осы типті жігіт кезікті. Егер еріңіз сізге уақыт бөлу үшін «дүйсенбі мен сенбі» күнін белгілесе, сізге шыдауға не құрбыларыңызға телефон шалуға тура келеді.

7. Тойымсыз жігіт

Бұл тип те әйелдер үшін ең қауіптісі деуге болады. Сыртына көз салсаң, мінсіз жігіт: әзілқой, тіл табыса алатын, үй-күйі бар, сымбатты. Алайда бір қызды аз көретін мінезі аталған жақсы жақтардан салмақтырақ. Мұндай жігіттер үшін отбасы, балалар деген дүниелер құндылық емес. Бұл типке ғашық болудан аулақ болыңыз!

Сіз не қосар едіңіз?

Сурет: ©Любовь Харламова

Оқи отырыңыз:

Сіз – қайталанбас тұлғасыз

Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?

"Жақсы әйел жаман ерін хан қылады"

Ол неге хабарласпайды?

Махаббатты құтқарған кім?

Ф. Абилова