Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздың "қауіпті" сөздері

Қыздың "қауіпті" сөздері

Қыздың

Қыздардың сыңғырлаған дауысымен айтылған әр сөз құлаққа жағымды құстың әнімен бірдей. Алайда кейде қырсықтығы ұстап қалатын қыздардың да ауызынан "жаман" сөздер естіледі. Жоқ, ол балағат емес, тек жігіттердің жүйкесін жұқарта алатын "қауіпті" сөздер. Жігіттер, мына сөздердің біреуін ести қалсаңыз, абай болыңыздар!

"Мен қазір! Бес минут!" "Бес минуттың" жарты сағатқа созылып кетуіне дайындалыңыз.

"Ештеңе болған жоқ" Бұл сөз әлбетте бірдеңе болғанын көрсетеді. Және де ол сіздің кінәңіз болып шығатынына таң қалмаңыз.

Ауыр күрсіну. Бұл қыздың шаршап қалғанының белгісі емес. Ол тек сіздің оны түсінбейтіңізге көзі жетіп, басқа шарасы қалмағанын көрсетеді. Ішінде ол сізді айтқанды түсінбейтін бес жасар баладай көріп тұр.

"Бәрі жақсы" (және өтірік күлкі) Бұл жігіттің қыздан ести алатын ең қауіпті сөздерінің бірі. Бәрі жақсы деп ол әңгімені кейінге қалдырып, сізге өзінің дұрыстығын қазір дәлелдемей, кейін кек қайтаруға дайындалатынын көрсетеді. 

"Рақмет" Иә, тіпті осындай сөз де айтылған ниетіне байланысты "қауіпті" болып кетуі мүмкін. Қыздан "Рақмет" дегенді ести сала, "Оқасы жоқ" деп жауап қайтаруға асығыңыз. Алғысты не үшін айтып отырғанымен қызықпаған дұрыс.

"Үлкен рақмет" Сүйіктіңіз рақметпен шектелмей, екпінді "үлкен" сөзіне жасап, дауысында мысқылдауды сезінсеңіз, "Оқасы жоқ" деп айта көрмеңіз. Бұны кекету деп санаған қыз артын үлкен дауға апаруы әбден мүмкін.

"Маңызды емес" Бұл сөз қыздардың тілінде сізбен мүлде сөйлескісі келмейтінін білдіреді.

"Уайымдама, өзім-ақ істей салам" Жоқ-жоқ, әлбетте қызыңыз өзі қоқысты шығарып, не компьютерін жөндегісі келмейді. Дәл осы сәтте не сіз тізгінді өз қолыңызға алып, қоқысты шығарасыз, не кейін жауап беруге тура келеді.

"Айттым ғой" Пікірталастарыңыздың соңы сіздің қателігіңізді түсінгеніңізбен аяқталса, қыздың соңғы сөздері осындай болады. Ол өзінің дұрыс болғанын астын сызып көрсетіп, жеңісін осылайша жариялайды. 

"Сенікі дұрыс" Сізбен дауласуға шаршағаны соншалық, тіпті сіздікінің дұрыс екенін  мойындауға дайын болғаны. Алайда оның дауысы бойынша байқайсыз, әлбетте ол сіздің ойыңызбен келіспейді.

Қыздардан тағы қандай "қауіпті" сөздер естіп едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: grandwallpapers.net

1832 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 маусым 2012, 15:26
Пікірлер
+0
19 маусым 2012, 13:53

:P м дааа дәл өзі

+0
19 маусым 2012, 14:01

"Ештеңе болған жоқ" деп айтпаш маған ваще :lol: 8-)

+0
19 маусым 2012, 14:33

секретный кодтарды айтпасаңдарш :lol:

+0
19 маусым 2012, 17:35

білсін)))

+1
19 маусым 2012, 14:55

"салца!" деп амандасқан зымияндарды жеккөрем. :evil:

+0
19 маусым 2012, 15:28

ал "м да" ше? нені білдіред?

+0
19 маусым 2012, 17:35

жақтырмағандық))

+0
19 маусым 2012, 17:27

үнсіз қалған қыздардан нені түсінуге болады Сания :?:

+0
19 маусым 2012, 17:34

әр жағдайда әр түрлі ғо...

+0
19 маусым 2012, 17:36

қолы босамай жатыр, мұршасы жоқ деген сөз ))

+0
19 маусым 2012, 17:40

үнсіздікті ұстап алып қатайатындарға :x

+0
19 маусым 2012, 17:40

жанында отырып үнсіз қалсадама???

+0
19 маусым 2012, 17:43

жанында отырып үнсіз отыратындар, қашан мені сүйіп еркелетеді екен деп күтіп отыратындардың іс әрекеті :mrgreen:

+0
19 маусым 2012, 17:44

ал агентте унсіз отыратындар ше?

+0
19 маусым 2012, 17:45

ол сұраққа Мейіргүл жауап берді ғой

+0
19 маусым 2012, 17:39

ал, Мырқаш деп шақырып ап, сосын жай ғойй десеше???

+0
19 маусым 2012, 17:46

сенімен ойнағысы келіп отырған қыздың сөзі

+0
19 маусым 2012, 18:54

Қайдам, Мырқаш емес пе, бізбен ойнап отырған...

+0
19 маусым 2012, 18:54

Хе-хе! :)

+1
19 маусым 2012, 23:53

мен ешқашан қызға бас қатырған емеспін

+0
21 қаңтар 2015, 14:30

жарайсын!

+0
21 қаңтар 2015, 14:33

жалпы ар адам ар турли 7 млрдтан астам адам барма 7 млрдтан астам пикир бар кесип айту керек емес жане бул макалагада сенугеде болмайды толыктай дурыс емес дегеним емес мысалга сеники дурыс десе расымен соган келисип турганы болуы мумкин адамнын ишинде не жатканын биле алмайсын галымдардын ози али кунге шейн адам туралы маселени шеше алмай жатыр кыскасы 50-50!

+0
20 маусым 2012, 21:59

Сенікі дұрыс

енді осы сөзді қызым айтып көрсін!!!
білем жалпы менің сөзімнен шаршап, өзі жеңе алмаған соң осылай дейтінін :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...