Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қарым-қатынас жасау әдебі

Қарым-қатынас жасау әдебі

Қарым-қатынас жасау әдебі

Досыңа дұшпаның білмеуі керек нәрсені айтпа

Артур Шопенгауэр

Кеше орындықта отыру этикетін сөз қылған болсақ, бүгін адамдармен қалай сөйлесу керектігі туралы кеңес береміз.

Сәлемдесу - мәдениеттің алғышарты. Сондықтан да, кім-кіммен де сәлеміңіз түзу болсын.

Егер танысқан бойда, танысқан адамыңыздың аты есіңізден сарт етіп шығып кетсе, оған "Атыңызды қайталаңызшы" деп айтпауға тырысыңыз. Немесе көшеден танысыңызды көріп қалып, оның да атын есіңізге түсіре алмасаңыз, "Атыңыз кім еді?" деп сұрау ыңғайсыз. Оның орнына "Сізді көргеніме қуаныштымын" деу әлдеқайда жағымды әсер қалдыратыны сөзсіз.

Қарым-қатынас кезінде адамнан ақша төңірегіне тірелетін мәселелерді себепсізден-себепсіз сұрамауға тырысыңыз. Мысалы: "Жалақыңыз қанша?" немесе "Пәтеріңізге қанша төлейсіз?" деген сұрақтарды өзі айтпайынша сұрамағаныңыз жөн. 

Сондай-ақ, адамның жасын сұрау да мәдениетке жатпайды. 

Егер жаңа танысқан адамыңыз ортақ таныстарыңызды даттап жатса, оған қосыла кетіп жамандап жүрмеңіз. Немесе сіз танымайтын бейтаныс біреуді жамандап жатса, қосылмаңыз. Бейтарап қалыңыз. 

Ағашта қанша жапырақтың болатыны секілді, адамда да сонша мінез бар. Өте жабық, тұйық адамдармен араласу оңай емес. Ал өз ойын жеткізе алмайтын адамдармен қарым-қатынасты қалай жасауға болады? 

Сіздің де өз ойыңызды дұрыс жеткізіп, әдемі сөйлегіңіз келетіні рас. Әр орта әр басқа. Сондықтан, бірдеңе демес бұрын, сөзіңізді аудиторияға ыңғайлап алыңыз. Көбіміздің сөзіміз ыңғайлы уақытта қажетті сөз айтпаудың кесірінен жараспай жатады. Мысалы, өте тәрбиелі адамның бұзақымен өте сыпайы түрде сөйлесуі немесе үндемеу керек жерде көпіріп сөйлей беру, не сөйлеу керек жерде тас-түйін боп ауыз ашпай отырып алу ыңғайсыздық тудырады. 

Қашанда шынайы болуға ұмтылыңыз. Күлкіңіз келмеген жерде, күлмеңіз. Қарым-қатынаста табиғи бейнеңізді сақтауға тырысыңыз. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: interess.info, arsori.ru

37624 4
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 14 маусым 2012, 15:30
Пікірлер
+0
14 маусым 2012, 16:24

Шынайы болу керек

+0
15 маусым 2012, 17:30

өте жақсы

+0
15 маусым 2012, 17:44

Миканың жазбасына қарым қатынас жасаудың тағы бір жаман әдебін айтайын: ммм деп көп айта бермеңдерші қыздар

+0
02 қазан 2015, 11:00

Жақсы жазылған! Ұнады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...