Бақытты болу үшін

Бақытты болу үшін

1. Кәсіп, жұмыс, қоғамдағы абырой отбасының орнын баса алмайды. Қанша қиын көрінсе де, мұның бәрін бірге алып жүруге тырысу керек. Әйел адам сырт келбетіне, киім киісіне көңіл бөлуі керек.

2. Жақсы отбасы болу үшін еңбек керек. Еңбектің басым бөлігі әйел адамның үлесіне тиеді.

3. Ұрыс-керістің кінәсін алдымен өзіңізден, содан соң күйеуіңізден іздеңіз. Өзгенің кемшіліктері көзге айқын көрінетінін білесіз ғой? Күйеуіңіздің оқыс әрекетіне қанша жерден ызалы, ренжулі болсаңыз да, жанжалдасу дұрыс емес. Күтіңіз, сабыр сақтаңыз, терең дем алып, саябырсуға тырысыңыз. Содан кейін ғана әрекетіңізді жоспарлаңыз.

4. Күйеуіңіздің мінезіндегі, сыртқы келбетіндегі артықшылықтарын тауып, айтып отыруға тырысыңыз. Сәті түскенде онымен өзіңізді бақытты сезінетініңізді де айтып жүріңіз. Мұндай мақтан сөздер оны сізге жақындатады, оған қуат беріп, жаңа шыңдарға ұмтылуға ынталандырады.

5.  Басқа ер адамға көз салмаңыз. Бұл отбасыңыздың шаңырағын шайқап, тіпті, бұзуы да мүмкін. Сіздің еріңізден асқан еркек жоқ екенін жадыңыздан шығармаңыз!

6. Балаларыңызды әкесін жақсы көруге, құрметтеуге тәрбиелеңіз. Онымен жарыспаңыз. Кең пейілді болыңыз. Әке-шешесін сыйлаңыз. Сыңарыңыз сіздің сабырлы, адамгершілігіңіз мол адам екеніңізді іштей мойындап, тәнті болады.

7. Отбасыңызға қатысты маңызды мәселелер жайлы жалғыз отырып шешім шығармаңыз. Күйеуіңізден сұраңыз.

8. Өмірге наразы, қабағы ашылмайтын адам ешкімге ұнамайды. Жымиып, күліп жүріңіз.

9. Асыра қызғанбаңыз, немқұрайлылық та танытпаңыз.

10. Өзіңіздің «меніңізді» жоғалтпаңыз.

Сурет: Ольга Орлова, Нуржан Қыдырбай

Оқи отырыңыз:

Ер адамға ойыңызды дұрыс жеткізе біліңіз

Жігіттермен қалай сөйлесу керек?

Психологқа кімдер барады?

Ф. Абилова