Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздар арасында шынайы достық бар ма?

Қыздар арасында шынайы достық бар ма?

Қыздар арасында шынайы достық бар ма?

Қыздарда шынайы достық болмайды дегенді жиі естиміз. Қыздар арасындағы достық өткінші, өтірік және екеуінің бірі тұрмыс құрған соң немесе біреуінің қызғанышынан не сатқындығынан бітеді деген пікір тараған.

Және бұл пікірмен келісетін жігіттермен қатар, қыздар да жоқ емес. Ал керісінше, өмірде жанындай жақын құрбысын тапқан қыздар нағыз достықтан үміті үзілгендерге мүсіркей қарауы да мүмкін.

Және бұл жерде де қыздардың текетіресін көрер болсаңыз, қателесесіз, бар-жоғы мұндай шынайы достықтың екінің біріне беріле бермейтіндігіне. Мұндай достықты тағдыр сыйы деуге де келмейді, бұл шыдамдылық, түсіністік пен жаныңа жақын адамды тауып, сырыңды бөлісе алғандығыңа сыйақы.

Өйткені, құрбың әйел адамның мұңы мен қуанышын бір адамдай сезіне алады, бір ғана көзқараспен сенің көңіл-күйіңді біле алады. Қай кезде ақылын айтып қолдау керектігін, қай кезде үндемей отырып, тыңдау керектігін жақсы біледі, бәрін сезеді.

Алба-жұлба түріңе қарамастан, апыр-топыры шыққан бөлмеңе қарамастан құрбыңды қонаққа шақырып, ішкі сырларыңды бөлісіп, ақылын тыңдап, өзіңнің табиғи қалпыңды көрсетуден қорықпай отырғанға не жетсін? Одан басқа, кім сені осы болмысыңмен жақсы көре алады?

Неге көп адамдар қыздар арасында шынайы достықтың болмайтынына сенімді? Мұндай пікір достықпен қатар, кейде қыздар арасындағы бәсекелестіктің болуынан туған болар. Әрбір қыз бала өзін биіктен көрсетіп, үлкен махаббатын тауып, мансабында жетісікке жетуді қалайды.

Міне, сондай бір ханзадаға не бұлтсыз өмірге күрес кезінде сатқындыққа барып жататындары жоқ емес. Баянсыз бақытқа қол жеткізем деп жүріп, құрбысының көңіліне түкіріп кететін жағдайлар кездеседі. Бірақ бұл жерде қарапайым достық қарым-қатынасты нағыз достықпен шатастырып алған жоқпыз ба, соны ойлануымыз керек.

Қыздар арасында достық бар! Нағыз, шынайы, адал. Ондай бақыт әрбіріне бұйыра бермейді және сақтап қалу да оңай емес, бірақ қастерлемеу мүмкін емес.

Мұндай қарым-қатынаста сақтық, эгоизм, сенбеушілік, қызғаншақтық болмау керек, екі құрбы да иықтарындағы жауапкершілікті сезінсе игі. Ешбір адам идеал емес: әйелдер де, еркектер де. Бәріміз қателесеміз, тек достықта түсіну мен кешіруге ақыл жеткілікті болу керек.

Екінің біріне беріле бермейтін достықты қастерлеп, бағалай білгенде ғана жолда кездесетін жігіттер, ақша және өсек деген сияқты мәселелерден аман қалып, қарым-қатынас жалғасын табады. Ал адал достықтың сыйақысы - қуанышты сәттерді бөлісе алатын құрбың  болып табылады.

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: vk.com

6280 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 12 маусым 2012, 13:16
Пікірлер
+0
12 маусым 2012, 12:24

Жаннам аман болсын)))) Достыққа аса сенбеймін, махаббатқа сенем)))))))

+0
12 маусым 2012, 12:27

Сендер барлықтарың бір төбесіңдер ғой. :) Бірақ жақын құрбым бар ма, жоқ па, білмеймін. Айко мен Айконаны жақын тартамын әйтеуір. Және бар сырым мен жырымды досыма айтамын. :)

+0
12 маусым 2012, 12:34

менімше, бірнеше адам болады әр бір жанның жүрегінде. бірін айтқан сырыңды, екіншісіне айта алмайсың, есесіне онымен басқаңмен бөлісесің. Мысалы, сүйіктіңе айта алмағанды, анаңа ашылып айта алмағаныңды, сіңліңе түсіндіріп жеткізе алмағаныңды құрбыңа айтып дегендей)))) Сүйікті адамды дос деп айту да қиын, қаншама жақын болса да, мысалы)))

+0
12 маусым 2012, 12:35

Иә, оның рас :)

+0
13 маусым 2012, 01:58

Менде де осы жағдай. Ең жақын деген досыма қарапайым нәрсені айта алмайтын немесе айтқым келмей қалатын кездер болады

+0
12 маусым 2012, 12:24

Қыздар арасында достық бар!!! Бірақ достықтың қадірін білетіндер аз...Менің бауырымдай, анамдай қолдау көрсетіп, қиын сәттерде жанымнан табылып, көмегін аямаған адал достарым да бар, болмашы нәрсе үшін сатып кеткен екіжүзді құрбыларымда болған...

+0
12 маусым 2012, 12:27

Меніңше, бәрі өзіңе байланысты. Өзің жақсы болсаң, досың көп болады. Өзің жаман болсаң, саған кім жоласын? Ал жан дос деген мәселеге келсек, ол адамда біреу болуы керек деп есептеймін. Жан досың біреу ғана болуы керек. Топ болып бірге жүргеннің өзінде... Мысалы, бір рет 6 қыз болып бірге жүрдік. Соның ішінде де, екі-екіден жүретін едік. Яки, махаббаттың бір адамға арналуы керектігі сияқты, нағыз адал досқа деген сүйіспеншілігің де бір адамға арналуы керек...

+0
12 маусым 2012, 12:48

Әлбетте, бар. Болады да. Бола береді де. Барлығы екі жаққа байланысты.

+0
12 маусым 2012, 14:39

Шыныменде, өз болмысыңның қандай екенін қысылмай, ойларыңды ашып айтатын кезде бәрінің арасында шынайы достық болады. Бар, сенем!

+0
12 маусым 2012, 15:07

бүгін достықтың жайлы жазатын күнбе массагетте :D

+0
12 маусым 2012, 15:25

бар ғой...

+0
12 маусым 2012, 17:25

Қыздар арасында достық бар, бірақ саусақпен санарлықтай адамдарда ғана... Бұрын 3 құрбы едік, "үшінші адам лишний" деген рас екен, арамыз бұзылып, араласпаймыз. Ал қазіргі құрбыммен мектептен бері тонның ішкі бауындай араласып келеміз!

+0
12 маусым 2012, 23:04

айгерим аман болсын деп журе берем гой мен :D қыздардың арасында достық бар ғой бар оны байқамайтындар көп қой

+0
13 маусым 2012, 00:16

болмайды кейде

+0
13 маусым 2012, 11:18

қыздар арасында достық жоқ,болмайды,жасанды достық бар.Қыздардың көбіне ұнай қоймас,бірақ бұл тіркес жайдан жай шыққан жоқ.

+0
13 маусым 2012, 12:26

Қыздар арасында достық бар - бірақ ол дос сені қалай қабылдайды, түсінеді сол маңызды! Менің 1 кластан бірге оқып, студенттік кезімді бірге өткізіп әлі күнге дейін семьясы болса да, жақсы араласып бар сырымызды бөлісіп отырмаымз, кеңесеміз. Ал бірі сондай ақ құрбым болып жүріп мені сатып кетті, сол үшін қарым - қатынас үзілді, бірақ өз кінәсін біледі жалпақтап тұрады, мен мән бермеймін ол бар ма жоқ па бәрібір уже.

+0
13 маусым 2012, 14:07

саткындык деген кыздардын достыктарынан басталады

+0
15 маусым 2012, 14:27

болады достық! шынайы да, әдемі достық болады. :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...