Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббатқа жетудің 7 қадамы

Махаббатқа жетудің 7 қадамы

Махаббатқа жетудің 7 қадамы

Жылдың ең романтикалық маусымдарының бірі - жаз да келіп жетті. Ашық киім, кешкі отырыстар, демалыс... Осы уақытқа дейін ыстық махаббат сезіміне бөленуге үлгермесеңіз, қазір осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Алда үш ыстық, жайдары ай. Жазыңызды махаббатыңызды табудан бастаңыз. Ол үшін мына кішігірім кеңестермен таныс болыңыздар.

1. Далаға шығыңыз. Армандағы ханзадаңыз үйден қайдан шыға қалсын? Далаға шығып, қаланыздың кешкі көшелерін аралап, көңіл-күйіңізді көтеріп қайтыңыз. Кім білсін, болашақ жігітіңіз де сізді іздеп жүрген болар?

2. Тартымды болыңыз. Жаз - қыздардың ерекше жайнайтын мезгілі. Құлпырған қыздардан қалмай, сіз де жаз құрметіне жаңарып, жаңа киім киіп, жаңа кейіпке кіріп, өзіңіздің сұлу, тартымды екеніңізді сезініңіз. Сәндегі шорты не белдемшелер арасынан таңдау жасап, бәрін өз талғамыңызбен таң қалдырыңыз. 

3. Жаңа адамдармен танысыңыз. Достарыңыздың қатарын көбейтудің арқасында, сіз жаңа адамдармен танысып, ортаңызды кеңейтесіз. Жаңа таныстарыңыздың қатарынан  бір сымбатты жігіт ұнап қалуы әбден мүмкін.

4. Екі жігітпен бір уақытта кездеспеңіз! Әлі таңдауыңызды жасап үлгермесеңіз де, бір кездесуден екіншіге жүгіруші болмаңыз. Тәжірибеге сүйенсек, бұл екі жігітпен де қош айтысумен аяқталады.

5. Ашық мінезді, қарапайым болыңыз. Өзініздің болмысыңызды көрсетіп, шыншыл болыңыз. Бұл әрқашанда тартымды көрінеді.

6. Батыл болыңыз. Жігіттердің арасында ұялшақтар жоқ емес. Алайда оған гүл сыйлап, сезім білдірудің қажеті шамалы. Жай ғана онымен тағы да бір кездескіңіз келетіндігі жайлы ыммен айтып қойғаныңыз дұрыс.

7. Артынан қалмай қоймаңыз. Ұнаған жігітке қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жаза беруді қойыңыз. Кішкене шыдамдылық көрсетіп, жарты күн хабарсыз жүрсеңіз, ол сізді өзі сағынып, іздеп келеді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.com

2132 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 20:16
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 21:37

Батыл болу керек-ақ...

+0
09 маусым 2012, 01:04

Блин, аллергия болмаса, көшеге көбірек шығушы едім қазір :roll:

+0
09 маусым 2012, 01:06

Тура ауламда туратын жігіттермен таныстым осы жазда, сондай сыпайы өздері, сондай сүйкімді :mrgreen: :mrgreen:

+0
09 маусым 2012, 13:40

бәрін жасап жүрсе де, жалғыз жүргендер көөөөп. Так что, бред қой мынаның бәрі.

+0
09 маусым 2012, 18:14

Мына кенестер шынымен де комектеседи

+0
11 маусым 2012, 02:05

екі жігітпен бір уақытта кездеспеңіз....абсурд қой....сұмдық!

+0
11 маусым 2012, 10:57

ол Сәнияның өз тәжірибесінен айтылған :lol:

+0
11 маусым 2012, 13:42

Саняның тәжірибесінде не такое было)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...