Түс туралы қызықтар: Түс көру және жору

Түс туралы қызықтар: Түс көру және жору
  • Адам өмірінің 4/1 бөлігін ұйқыға және оның 6 жыл уақытын түс көруге жұмсайды. Алайда, оянғаннан кейін адамдар түстің көп бөлігін есте сақтамайды.
  • Адам бір уақытта қорылдап түс көрмейді.
  • Платонның айтуынша, түс ағзалардың арасында іште, яғни ішекте пайда болады. Оның есептеуінше, бауыр түстің  биологиялық қайнар көзі болып табылады.
  • Элиас Хоуи (1819-1867) өзінің ойлап тапқан тігін машинасын түсінде көргендігін айтқан. Ол түсінде өзін тігін машинасына ұқсас қару-жарақпен қаруланған адам жегіштердің қуғынына ұшырағандығын айтып береді.
  • Ерекше бір оқиғаларды есепке алмағанда, барлық адам түс көруге шалдыққан. Оған қарамастан кей кісілер ең құрығанда бір түсті еске түсіре алмайды.
  • Адам түсті әр 90 минут сайын көреді. Ал ең ұзақ түс таңғы мезгілде ары кетсе 30-45 минутқа созылады.
  • Африканың батыс аймағында мекендейтін ашанти халқы түске өте байсалды қарайтын көрінеді. Олар тіпті түсінде болған оқиғасына байланысты заң органдарына шағымдана алады екен.
  • 1856 жылы ашылған Нептун ғаламшары Римнің теңіз құдайының атына байланысты қойылған. Нептун «түс» ғаламшары болып есептеледі, себебі түс су секілді адамның ойын бұрмалап, шатастырады.
  • Егер сіз түсіңізде тістен айырылып немесе тісті жұлдыртып жатқан болсаңыз, онда ол сіздің қазіргі уақытта дәрменсіз жүргеніңізді немесе өмірде бірдеңе жоғалтатындығыңызды сөз етеді. Мұндай түсті ұлдар тарапынан гөрі әйелдер жағы көп көреді.
  • Шалшық су туралы түс сіздің денсаулығыңыздың нашарлап бара жатқандығын айтады.
  • Түсіңізде егер бөгде ғаламшарлықтар жүрген болса, ол тап осы уақытта сіздің қоршаған ортаға байланысты қандайда бір қиындықты бастан өткеріп жатқандығыңызды және өміріңіз қауіп үстінде тұрғандығын көрсетеді.
  • Түске кірген шоколод ұйықтап жатқан адамның өзін марапатқа лайықты деп есептеп, оны зарыға күтетіндігін білдіреді.
  • Егер адам түсінде өзін жартастың ең биік нүктесінде тұрғандығын көрсе, онда ол адамның алдында маңызды шешімдер тұрғандығын білдіріп, шешім шығаруға қорықпайтынын айшықтайды.
  • Уильям Шекспир (1564-1616) басқа жазушы, ойшыл грек драматургтары секілді түсінде көрген дүниелерін өзінің пьесасында кейіпкерлерін суреттеу үшін қолданған. Мысалы, Гамлет, Макбет ханшайым, Лира королі, Ричард III, Ромео мен Джульетта секілді қойылымдарды терең ашып, оның мән-мағынасы мен ішкі жан дүниесіне үңіле қарауға септігін тигізген.
  • Түсте көрген үй – дене-бітімнің белгісі. Себебі түсіңізде елестеген зәулім үй эгоның «бай», яғни асыра сілтеушілік екенін білдіруі мүмкін. Сарай біздің жоғары мүмкіндігіміздің бар екендігін түсіндіреді.
  • Ежелгі Грек халықтары түсті құдайдың адамға жіберген үндеуі деп түсінген. Қасиетті жерлерде ұйықтау өте танымал болып, әсіресе хилерлік  Асклепия мен Эпидаурусада ғибадатханасында айқын көрінген.
  • Түсте құлап бара жатқан сияқты сезім кешу ұйқының алғашқы сәтінде орын алады. Ол бұлшық еттердің тартылып қалуынан, яғни басқаша айтқанда «миоклоникалық соққының» себебінен туындайды.
  • Атақты психолог Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) «Түс жору» (1900) кітабы алғашқыда екі жыл ішінде тек бар болғаны 415 нұсқасы сатылған.
  • Ежелгі дәуірде түсті бір құбылыстың кілті деп есептеп, оны болашақты айқындауыш деп ойлайды, ал қазірде түсті психологиялық негізге алып жориды.
  • Түс көрген сәтте мидың есте сақтау қабілеті тоқтаса керек. Ал түсті мүлдем еске түсіре алмайтындар, ол толығымен жұмыс істемейді. Адамның түсі есте қалған жайттарға жанаса отырып пайда болатындықтан есте сақтау оңай емес.
  • Психологтардың ойынша, өңінде ойлаған қиял-ғажайыптар түс үдерісінде көрініс табады.
  • Түсте ұшу біздің ішіміздегі үмітіміз бен өмірге деген қорқыныш барын баяндайды. Фрейд оны жыныстық тартымдылықпен байланыстырған, Альфред Адлер болса оны адам басқа адамнан жоғарылағысы келеді деп түсіндіреді, ал Карл Юнг оның барлығы адамның доңғалақ шеңберден асып шыққысы келетіндігінен деген.

Оқи отырыңыз: 

Түс көру - миға жаттығу...
Түс көру. Қандай түс көрдіңіз?
Түс көруге әсер ететін жағдайлар
Түс – қиял ма, әлде шындық па?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: folkextreme

Н. Нұрмаханұлы