Қоғамдық көлікте ұрлық қалай жүзеге асады?

Қоғамдық көлікте ұрлық қалай жүзеге асады?

Қалташылардың «жұмысы» екі түрлі болады.

1. Біріншісі «кіріс» барысында жұмыс істеу. Бұл – ұрлықтың ең көп таралған түрі. Яғни ұрлықты адамдар автобусқа кірген кезде жүзеге асырады. Құрбанды анықтап алған соң, оның алдына «қол тежегіш», ал арт жағына «керік» тұрады. Адамдар бір-бірімен қысылысқан кезде «тежегіш» жәбірленушінің қалтасынан телефон немесе әмиянды алып «керікке» жылдам береді.

2. Екіншісі «жолда жұмыс істеу» түрі болып табылады. Схема дәл жоғарыдағыдай. Айырмашылығы - белгілі бір автобуста тұрақтайтындығы. «Қол тежегіш» жәбірленушінің үстіне құлайды немесе аяғын қатты басады. Ал осы сәтте қалташы «шымылдықтың» көмегімен жәбірленушінің сөмкесін ақтарып, ұрлаған затын керікке ұсынады.

Қосымша кеңестер:

1. Еш уақытта затты артқы қалтаға салмаңыз.

2. Сөмкеңізді төмен салбыратып, немесе ілгегі артқа қарайтындай етіп иығыңызға асынбаңыз. Сөмкені оның ілгегі көзіңізге көрінетіндей кеудеңізге жақын тартып ұстағаныңыз жөн.

3. Адамы көп қоғамдық көлікте тұрған кезде миыңызды сергек ұстауға тырысыңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru

Қ. Бүйенбай