Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Түсін мені...

Түсін мені...

Ат кісінескенше, адам түсініскенше. Арамыздағы көптеген келіспеушіліктердің басты себепкері де – түсініспеушілік. Адам болмысын түсінуге тырыспау.

Адамды қалай түсінуге болады? Сол туралы аз-кем...

Ең алдымен адам туралы біраз ақпаратты бізге оның бет-жүзі береді. Бірбет, екібет деген сөздер осыдан шықса керек. Адамның ойы, эмоциясы ең бірінші бетіне шығып тұрады. Бетіне қарап "ақылды көрінеді", "ақымақ қой, беті айтып тұр" деген сияқты алғашқы қорытындыны шығарып жатамыз. Сондықтан, адаммен сөйлескенде, бетіне тік қарап тұрудың артықшылықтары бар.

Іс-әрекет. Адамның қимыл-қозғалысы, әдепкі әдеттері де оның қандай адам екенінен хабар берсе керек. Мәселен, бір ғана жүріске қарап, ол туралы біраз нәрсені білуге болады екен. Сондықтан, қимыл-қозғалысқа да баса назар аударғаныңыз жөн.

Адамды сөзіне қарап таны. Бірақ, ол адам сізден асқан қу болса, ол басында өзінің шынайы болмысы қандай екенін көрсетпеуі мүмкін.


Адамды түсінудің басты қағидасы – өзіңді оның орнына қою. Оқиғаға оның көзімен қарау. Осы бір қарапайым қағиданы көбіміз есімізден шығарып жіберіп жатамыз. Біз тек өзіміздің мәселемізге ғана бас қатырып, өзімізде ғана қиындықтың зоры бар деп ойлаудан танбаймыз. Сондықтан, көбіне ешкімді түсінгіміз келмей, өз өмірімізді қиындата түсеміз.

Расымен де, біз  түсініспеушілікпен қарау арқылы тек өзіміздің өмірімізді қиындатамыз. Ал бір сәт оның орнына өзімізді қойып көрейікші. 

Адам өз өмірінде бірнеше ортаға тап болады. Сабақта, жұмыста, үйде оны түрлі-түрлі адамдар қоршап жүреді. Әр ортаға сай өзін бейімдеп, ортаның атмосферасына сіңіп кету біреуге оңай, біреуге қиын. Дегенмен, барлық ортада әркімнің мінез-құлқын танып, біліп, оны түсінуге ұмтылу сіздің парасаттылығыңызды да, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігіңізді де көрсетеді. Адам өзінің миы жетпейтін нәрселерді түсіне бермейді. Оның адамды, қоршаған ортаны, оқиғаны түсінуі үшін білім керек. Дүниетаным керек. Сондықтан, көп оқып, дүние туралы көп ойланудан, адам болмысына тереңдеп, ұғынуға тырысудан қашпау керек...

сурет: liveinternet.ru, furrytoy.ru

9213 11
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 06:04
Пікірлер
+0
27 мамыр 2012, 14:00

түсінісіп, сыйласып өтейік ;)

+0
27 мамыр 2012, 14:33

сыйластық пен қимастық болсын :)

+0
27 мамыр 2012, 14:35

адамды түсіну үшін көркем әдебиетті көп оқу керек дегенді қос қолымды көтеріп қолдаймын :roll:

+0
27 мамыр 2012, 16:25

мен де...бірақ, кітап ішінде өмір сүріп кетем бе деп қорқамын

+0
27 мамыр 2012, 16:59

ондай да бола ма не? :lol: 8-)

+0
28 мамыр 2012, 00:39

сіздің тұратын үйіңіз қазірдің өзінде сол кітаптың ішінде сияқты!қонаққа шақырмайсызба бізді?

+0
27 мамыр 2012, 21:10

Менімше, адамды түсініп керек емес. Бар болмысы сол болса, не оны қабылдайсың, не онсыз өмір сүре бересің. Мысалы, ылғи өтірік айтатын адамдар бар, оларды түсінбеймін, сол себеп игнор жасаймын. Адам аласы ішінде екенін ұмытпаған жақсы.)))

+0
28 мамыр 2012, 01:06

адамды түсіну үшін өз бет-бейнеңді анықтап алып артынан сол адамға не адамдарға қояр ашық не астыртын ультиматум қарастыр ортақ тіл табу үшін.

+0
28 мамыр 2012, 02:01

"Түсін түсін мені"!!

+0
28 мамыр 2012, 09:26

адам адамды ешқашан түсіне алмайды

+0
28 мамыр 2012, 16:17

түсіне алмай жүрмін мен біреуді! жоооқ, мен оны түсінем. Ол ғой мені түсінбейді. Өз ойы ғана дұрыс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...