Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Күлкі - өмірдің кілті

Күлкі - өмірдің кілті

Күлкі - өмірдің кілті

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Абай

Күлкі - өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен...

Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді. 

Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі. 

Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.

Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.

Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді. 

Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?

Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астына апарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз. Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде, мұрныңызды тыржитасыз ба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі. 

Күлкі туралы қызықты дерек

  • Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
  • Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
  • Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
  • Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық...

Сурет: oboi.ws, kinolife.tv, mail.ru

7260 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 мамыр 2012, 13:30
Пікірлер
+0
24 мамыр 2012, 14:13

ойын арзан, күлкі қымбат ;)

+0
24 мамыр 2012, 15:02

Мен күлкінің нағыз көкесін көрсете алам)

+0
24 мамыр 2012, 16:20

біз естіп жүргеннен де басқа күле аласыз ба сонда? :D

+0
24 мамыр 2012, 15:41

Мен өз-өзіме сенімсіз адам екенмін! :lol:

+0
24 мамыр 2012, 15:56

мен кәдімгідей күліп отыра беремін, еш жеріме қолымды апармаймын да, қысқа ғана жай жымиып отыра беремін :)

+0
24 мамыр 2012, 17:42

МЕН: Айғайлап қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарып күледі екем :D

+0
24 мамыр 2012, 17:53

МЕН деп бас әріппен жазуыңыз нені білдіреді )) Эгоистікті ме? :)

+0
24 мамыр 2012, 18:09

Бойда екі "Менім" бар ерегескен,
Жан-тәнімді сонша жыл бөле жескен.
Бірі "Өзің", "Сен - жалғыз" десе тантып,
Бірі "Ел" деп, "Отан" деп танады естен.
Біріншісін өгейдей шектеткен ем,
Екінші де күн бермей "кет-кет" пенен.
Қайта айналып "қайыршы" шықпайды екен,
Келістіріп екеуін ептеп келем...

+0
24 мамыр 2012, 18:13

сондай ;)

+0
24 мамыр 2012, 18:17

Ой мен болмашы приколдардың бәріне күле берем ))

+0
24 мамыр 2012, 18:23

біреуді күлдірсем, жаным сондай рақаттанып қалады

+0
24 мамыр 2012, 18:24

Әсіресе Қайырдың приколдарына :lol:

+0
24 мамыр 2012, 18:44

біреуді БІРДЕҢЕСІН Бүлдірсем, жаным сондай рақаттанып қалады..... (деп оқып қаппын машинальды түрде :D )

+0
25 мамыр 2012, 09:15

Мен бір нәрсеге ішегім түйілгенше күлгенде ерекше рахаттанамын. Ал жай жымию, күлімдеу күнделікті іс-әрекеттер.

+0
25 мамыр 2012, 09:55

сықылқтап күлудің көкесі менің ішімде жатыр. байқайсыңдар ма, шын разы боп күлуден мазақтап күлу деген жаман нәрсе. Бірақ өте тәтті боп келет та е :D

+0
25 мамыр 2012, 09:55

"Біреудің бір жері ашық тұра ма?!" деген сөз күлегештердің ең көп еститіні шығар.......... ққққққққққққққққ

+0
26 мамыр 2012, 16:53

ал жылағанның пайдасы қандай екен :?: :cry:

+0
11 маусым 2012, 01:59

Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды деген соз унап калды! от души басымды шалкайтып кулгенди жаксы корем! анкау болганым ба?))

+0
26 қараша 2014, 11:42

Жақсы жазылған, тамаша!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...