Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сізге бәрібір ме немесе пофигист деген кім?

Сізге бәрібір ме немесе пофигист деген кім?

Сізге бәрібір ме немесе пофигист деген кім?

Пофигистер өмірдің шынайы бейнесін таразыға тарта алатын адамдар

Авторы белгісіз

Түймедейді түйедей етіп, кішкене нәрседен үлкен қиындық жасап алуға әуеспіз. Пофигистер өмірдің еш жерде жазылмаған, қатып қалған заңдарына қолдарын бір сілтеп, өз заңдарымен өмір сүретін адамдар. 

Әркімнің ұлы ұстазы - Өмір. Пофигист болу үшін пофигист болып туу керек десек те, адам тағдырдың сан түрлі сынақтарына шыңдала келе, пофигист болып шыға келуі әбден мүмкін. 

Пофигизмнің мәні көп нәрсені ұту үшін аз күш жұмсау. Бұл жағынан алғанда пофигистерде эгоистік бар деуге болады. 

Бәзбіреулер пофигистерді жалқау адамдар деп есептейді. Бірақ, олай емес. Пофигистер күш-қуатын өздер маңызды деп санайтын жұмыстарға сақтап, көрінген жағдайға жігерлерін сарп ете бермейді. Ал тығырыққа тіреліп, қиындыққа қалып қойса, күйзеліске түсіп кетпейді. Бұл жағдайда оларда оптимистік көзқарас бар. 

Бір жылда 52,5 миллион минут бар. Уақыт алтыннан да қымбат дейтініміз сондықтан. Жүйке шипагерлерінің зерттеуінше, өмірде кездесетін ірілі-ұсақты қиындықтың тек 7 пайызы ғана расымен қайғыруға тұрарлық жағдайлар. Басқаларын бей-жай қабылдап, өмірдің сырғып өтіп бара жатқан әр секундын бақытқа толтырып өткізуге тырысу керек. Әрбір ұсқа қиындықты күрделендіретін өзіміз. Неге соларға қолды бір сілтемеске?

Пофигистер дауыс беру, митинг, сауалнама дегендерге қатыса бермейді. Дегенмен, пофигистіктің жағымсыз жақтары жоқ емес. Мәселен бір студент-пофигист сабаққа қолын бір сілтеп бармай-бармай, ақыры оқудан шығып қалды. Кім ұтты, кім ұтылды? 

Сондықтан пофигист болудың жөні осы екен деп, болып жатқан барлық жағдайға бей-жай қарау дұрыс емес. "Орайы келгенде орақ орып", қажет тұста өзіндік жеке пікірі бар тұлға екендігіңізді көрсетіп қойғаныңыз жөн. Психологтар сау пофигизм - жүйке жүйесін дін аман сақтайды дейді. Яки, кез келген нәрсеге бас ауырта бермей, тек маңызды нәрселерге бас қатыру сау пофигизмнің белгісі. Олар өз-өздеріне билік жүргізе алатын жандар. 

Пофигизм бәріміздің де бойымыздан табылып жатады. Ал сіз пофигиссіз бе?

Сурет: tyrana.beon.ru, favim.ru

Дайындаған: Мейіргүл Сержанқызы

3761 30
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 26 маусым 2012, 16:28
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 16:39

Сол пофигистікті үйрене алмай-ақ қойдым :D Әзірге жартылай пофигиспін :roll:

+0
27 маусым 2012, 13:55

Бәсе, неге мені боқтап жібермеді деп ойласам :roll:

+0
26 маусым 2012, 16:42

Buiyrgany bolar dep jure beretinderdin kataryndamyn :) okazyvaetsya, basyndy jarga sogyp, juikendi tozdyrganmen tuk bolmaidy eken

+0
26 маусым 2012, 16:58

ия, мен похеристпін :lol:

+0
26 маусым 2012, 17:20

мен жартылаймын)))

+0
26 маусым 2012, 17:43

Пофигист болған жүйкеге пайдалы)

+0
26 маусым 2012, 17:56

Жылдар өте үйреніп келе жатырмын осы қасиетке, бірақ, қайдам, бұл қасиет қыздарға қарағанда ұлдарға көбірек тән)

+0
26 маусым 2012, 18:01

ия, негізі пофигист болып адам жылдар өте қалыптасады ғой деймін :roll:

+0
26 маусым 2012, 18:51

Пофигист болсам ғой...

+0
26 маусым 2012, 19:05

үйретейін ба? :D

+0
26 маусым 2012, 19:06

Үйретші :lol:

+0
26 маусым 2012, 19:07

еркебұлан мастер класс берем дейді :lol:

+0
26 маусым 2012, 19:08

Ох, екі шалун :D

+0
26 маусым 2012, 19:10

мен шалун емеспін ол ерке ғой шалунишка :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
26 маусым 2012, 19:08

мастер класс болғанда не ғо, кейбіреулердің нервысы шыдамай кетуі мүмкін )))

+0
26 маусым 2012, 19:09

:lol: :lol: :lol:

+0
26 маусым 2012, 19:11

Кімді меңзеп тұрсың? )))

+0
26 маусым 2012, 19:13

қолмен шұқып көрсетпей-ақ қояйын 8-)

+0
26 маусым 2012, 19:10

негізі шынымен пофигист болу үшін ең бірініші сабырлы болу керек :lol: :lol:

+0
26 маусым 2012, 19:12

Сөзіңнің жаны бар )

+0
26 маусым 2012, 22:46

мен пофигист сияқтымын 8-)

+0
27 маусым 2012, 11:48

жартылай сияқтымын...

+0
27 маусым 2012, 14:00

Қалаға келмей тұрып адамдарға өте адал болатынмын. Ал пофигист адамдарды қаладан кездестіріп, оларды әлі күнге дейін түсінбей келемін. Өз басым пофигист болуды үйрене алмай жатырмын. Не істеу керек сонда?

+0
27 маусым 2012, 15:00

Бәріне қолыңды бір ақ сілтеу керек :D

+0
27 маусым 2012, 14:54

пофигист емеспін, бола алмайтын да шығармын... мен үшін бірнәрсеге бей-жай қарау деген нәрсе жоқ. жалпы пофигист болу жүйкені сақтаудың ең жақсы тәсілі ғой. болу керек.ол үшін кішкене эгоистте болу керек-ау...

+0
27 маусым 2012, 15:05

1-курста онша біле бермейтінмін. Пофигистік қасиет те жұғатын сияқты. Бірақ пофигисттің де түр түрі бар меніңше. Ақылды пофигист бола білу керек. Ал жоғарыда айтылғандай бәріне қолыңызды сілтеп, сабаққа бармай, оқудан шығатын болса, уот сол меніңше нағыз ақымақ пофигист :)

+0
27 маусым 2012, 21:23

Пофигист болғым келеді. Секталарыңа мені де қабылдаңдаршы )

+0
28 маусым 2012, 12:40

Мен пофигист болып келе жатырмын.Қазір әзірше эгоистпін! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...