Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Адамның 10 қорқынышы

Адамның 10 қорқынышы

Адамның 10 қорқынышы

Қорқыныштың қай кезде де көзі ала. Адамзат баласы жаратылғалы бері, білім өсіп, сана толысқанымен, жүрек ішінде қорқыныш әлемі тіршілік құрып келеді. Сол қорқыныштар көрер көзге күлкілі көрінгенімен, жеме-жемге келгенде, індетке айналып шыға келетінін біреу білсе, біреу біле бермейді.
 

1. Жалғыздықтан қорқыныш

Аутизммен ауырып жүрген адамдардың ішкі жан дүниесінде жалғыздық атты үлкен қорқыныш бар. Олар үнемі жабық есік саясатын ұстауға бейім. Оның басты сыры неде сұрасаңыз, түсініктерін тым тереңге бастап кетеді. Кез келген адам бақытты болғысы келетінін ескерсек, онда қоғамсыз бақыттың болмайтынын естен шығармау ләзім. Себебі, сенің бар мүмкіндігіңді жүзеге асыратын да, жарға соғатын да қоғам.

2. Өлімнен қорқыныш (акрофобия, гематофобия және т.б.)

Ойлау жүйесі сезімтал әрі секемшіл жандардың қорқынышы. Бүгінгі таңда осы қорқыныш түрінен қаншама жандар өліп кетіп жатыр. Ажалдың араны десек те болады: ішкі әлем кеңістігі, қан көру, биіктіктен қорқу, өлген жандарды көру, зорлық пен зомбылық, тағысын тағылар.

3. Социофобия (сахнаға шығу қорқынышы), агорафобия (ашық ортадан қымсыну)

Әрине, көпшілік адамдар өз сезімдері мен эмоцияларын бөгде адамдардан жасырып ұстағанды дұрыс көреді. Әрине, олар білімді, ойлау жағынан келгенде шығандап озып кеткен. Бірақ, осы бір қорқыныштың ауылында жүргендері түсініксіз, бір қарағанда күлкілі болып көрінетіні өтірік емес.

4. Өрмекшіге, тышқанға, тарақанға, ұшаққа, динозаврға, жыланға, елеске, құбыжыққа, биік өкшелерге (аяқ-киім) деген қорқыныш  

Осынау қорқыныштардың ұзын-ырғасы бір жүйеге кірігеді. Интеллектілік ойлау жүйесімен ауыратын адамдарда жиі  болып тұрады. Оған дау жоқ. Себебі де түсінікті, олар өте сезімтал келеді: әртістер, суретшілер, сәнқойлар, т.б. 

5. Жақын қарым-қатынастан қорқыныш

16 жастағы жасөспірім балаларда ғана емес, 40 жастағы ерлерде де, әйелдерде де  кездесетін нышан. Бір қызығы, аталған қорқыныш түрімен сезімге бей-жай қарамайтын жандардың ауырады. Олар: бірінші қарым-қатынастары сәтсіздікке ұшыраған, бала кезден қалып қойған өкпелері бар, төпеп тастайтын эмоцияның кесірінен зиян шеккен жандар.

6. Естен ауысу қорқынышы

Абстрактылы түсінікке негізделген немесе сондай ой-пікірмен жүретін адамдар сезінетін тұрақты қорқыныш түрі. Олар тылсым дүниелермен тілдескісі келеді, ғарыш әлеміне саяхаттағысы келеді, философия мен физиканы жете меңгергісі келеді. Олар өстіп жүріп, адам баласының ойына кіріп-шықпайтын фантастикалық пікірлерді тудырады.

7. Верминофобия (микроағзалар мен бактериялардан қорқыныш)

Өмірде осы қорқыныш түрін аз кездестірмеген шығарсыз. Күнделікті асқа отырарда немесе бейберекетсіз әр бес минут сайын қолдарын жуа беретін адамдар болады. Олар өздіктерінен барып, ешқандай дүниеге жақындай алмайды. Себебі, оларда бактерия жұқтырып алам деген қорқыныш басым болады.

8. Қорқақ болып қалу қорқынышы

Ерлердің қорқынышы десек те болады. Мұндай қорқыныш түрі көбіне өзін басқа жандарға жауапты санайтын адамдарда болып тұрады. Міне, осынау адамдар өз-өздерін үнемі қыл үстінде жүргендей сезініп, билікті ешкімге бергісі келмейді. Және бір қызығы, бұл қорқынышты әйелдер қауымы да сезінетін болып шықты.

9. Уланып қалу қорқынышы

Бұл қорқыныш түрі өз алдына жеке дүние іспетті. Басқа қорқыныш түрлерімен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. Әрине, қорқыныштың осы түрі интуитивтік ойлау жүйке жүйесі дамыған адамдарда да болса да. Жер бетіндегі қорқыныштың аталған түрі - 5 пайыз. Мәселен, уланып қалу қорқынышы Сталинде болған.

10. Кәріліктен қорқу

Жастар арасында сирек кездесетін қорқыныш. Орта жастағы әйелдер мен 50 жасты алқымдап қалған еркектерде жиі кездеседі. Аталған қорқыныштың себебі түсінікті, себебі, әйел міндеті - баланы туу мен өсіру, ал ерлердің міндеті - ұрпақ өрбіту мен отбасын қамтамасыз ету.

Сурет: snob.ru

2195 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 09:45
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 10:18

Кәпірлердің жазғандарын көшіріп аласыңдарда, қазақтың қорқыныштарын білмисіңдер! Ең бірінші ЖАРАТҚАННАН ҚОРҚЫНЫШ болу керек!!!

+0
22 мамыр 2012, 10:20

Мырқымбай, ешкім де көшірмейді. Тауып беріңіз, қай жерден көшіріппіз? Жала жаппаңыз

+0
22 мамыр 2012, 10:22

Сонда сен өз білгенімді жаздым демексіңба??? Қақақаа :lol:

+0
22 мамыр 2012, 10:26

Мырқымбай, өзіңіз сайт ашыңыз да, керім болсаңыз, біліміңіз асып бара жатса, сол жерге жазыңыз материалдар. Көрейік, не жазар екенсіз. Ал, ол қолыңыздан келмей ме, экранның ар жағында отырып алып, түк бітірмей, мін іздеудің қажеті қанша?

+0
22 мамыр 2012, 10:32

аузымды қышытпаяқ қой!!! өтірік айтудың қажеті қанша???

+0
22 мамыр 2012, 10:34

жоқ, тауып берші ал қай жерден көшірдік? сілтемесін берші ???

+0
22 мамыр 2012, 11:01

сонда өзім біліп жаздым демекшісіңба? Жоқ орыстар сенен көшіріп ап па? :lol:
міні сілтеме керек болса!
http://vk.com/wall-29559271_4996
міні тағы!
http://www.sunhome.ru/psychology/16862

+0
22 мамыр 2012, 11:02

:lol: :lol: қазақша көрмей тұрмын :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
22 мамыр 2012, 11:09

қазақтарға жат орыстардың дүниесін аударып көшіріп алғандарың өтірік па??? менің негізгі айтпаңым мүлде басқа еді! ақыры жаздыңдар, қазақтардың дүниетанымына сәйкес қылып неге жазбадыңдар??? Бірінші комментті дұрыстап оқыңдар!!!

+0
22 мамыр 2012, 11:13

Материалда қазақтың дүниетанымына жат бір ауыз сөз жоқ. Адамның бәрінде болатын қорқыныштар жазылды. Бұл орыстың емес, бүкіл адамзаттың басындағы жағдай. Бізге қалай жазу керектігін үйрететін сен емес, орныңды біл.

+0
22 мамыр 2012, 11:16

бірінші комментті оқыыыы!!!

+0
22 мамыр 2012, 10:34

мені ашуландырма ал, маскаңды шешіп тастармын ;)

+0
22 мамыр 2012, 10:58

керек болса өзімақ шешіп берем!

+0
22 мамыр 2012, 11:09

маскаңды шешіп, өзіңнің әп-әдемі, нәп-нәзік бейнеңді жұртқа жариялауға қалай қарайсың?

+0
22 мамыр 2012, 11:32

Маскасы бар ма? Көрсетш түрін! :?: :idea:

+0
22 мамыр 2012, 10:33

Мырқымбай, міңгірлемей отырш,

+0
22 мамыр 2012, 11:01

Қайреке араласпаш!

+0
22 мамыр 2012, 11:05

мына жерде сенімен қатын құсап спорлайтын жағдайым жоқ, мәдениетті сақта, сақтамасаң есік ашық! жүре бер,

+0
22 мамыр 2012, 11:32

қайреке, қайтесің. индивид выразил свое мнение. все ;)

+0
22 мамыр 2012, 11:34

Вот именно! Что хочет соны сайрасын! Қайреке қатын сияқты саған еш кім спорлас деген жоқ,еш кім сенен мәдениеттілік жәлі сұрамайды да! Кетсе есікті де ашып беретін сен емес!

+0
22 мамыр 2012, 11:37

самат, есікті құлыптап қойшы, ешкім кетпесін бұл жерден.

+0
22 мамыр 2012, 11:40

Құлыптап кілтін Уштынға жұқызып қоямын! :twisted:

+0
22 мамыр 2012, 11:39

Базар жоқ БРО, осындай тұрып беретін жігіттерден айналасыңғо ;)

+0
22 мамыр 2012, 11:37

Индивид болған түрінен ) "Көшіріп аласыңдар" деген не сөз ал? Сізге айтайын бәрі бір-бірінен көшіреді, өйткені айтылар нәрсе бір. Ақиқат бір. Адамзатқа тән нәрсе...Ол да сол бір нәрсе. Ешкім ештеңені ойдан шығармайды. Біздің мақсатымыз жаңалық ашу емес. Бар нәрселермен таныстыру. Жұрттың білмегенін білгізу. Ойдан шығарылатын нәрселер блогқа жазылады.

+0
22 мамыр 2012, 11:45

сразу солай деп мойындай салмайсыңба адамды қызыл кеңірдек қылмай! :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 11:46

мен саған жаңалық ашыватырқ дедім ба :roll:

+0
22 мамыр 2012, 11:50

өзіннін маган жазган бірінші, үшінші жауаптарыңды оқы. сонымен қоя салайық, аха?! ақылы көп, ы-ы-ы-ы-ы!!! :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 11:51

кетшівар ренжқалдм :cry:

+0
22 мамыр 2012, 11:53

опой опой түрінной сол! жлама болд, марожни әперем :D

+0
22 мамыр 2012, 11:49

Мика, журналистиканың, оның ішінде ғаламтор журналистикасының кухнясына араласпаған адам екені көрініп тұрған сияқты. Көңіліңе алма

+0
22 мамыр 2012, 11:54

Рақмет, Аккунаматада ))) Бет жағынан ғана ойлап тұрғаны үшін қапалымын. Таң атпай көңіл-күйдің бәрін құртты ((

+0
22 мамыр 2012, 12:09

болды болды енді! айттым го марожный аперем деп ;) кулші кәне, күлеғойшы, ы-ы-ы-ы, күлед кәзір, әні-әні, өй мәләдес :D

+0
22 мамыр 2012, 10:49

менікі 4 жыланды ТВден көрсемде қорқам :(

+0
22 мамыр 2012, 11:21

мырқымбай арғазымды мырқымбай оргазм депоқыппын бағана :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 11:25

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: оның еще жыны басылмай жүр Челсидің жеңісін көтере алмай :)

+0
22 мамыр 2012, 11:30

Челсидің қатысы жоқ бұған! Ол ващще басқа тема!

+0
22 мамыр 2012, 11:31

бәсе, әйтеуір көрінгенге тиісіп жүр, неге десем :D Мәселе Челсиде екен ғой ;)

+0
22 мамыр 2012, 11:38

не ғой, әрине Сіздің толығымен құқыңыз бар да анау-мынау деуге, бірақ, Сіздің пайымдауыңызша бұл ақпарат аударылған, ұрланған, ең бастысы бұл ақпарат ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!!! Сіз орыс тілінде ақпараттың қайдан алғанын білмейсіз ғой, негізі "қорқыныш" туралы психологтар зерттейді, солардың берген тұжырымдарын, бізге ортақ тілде жеткізіп жатқан жандарға Сіз сияқты ақылды, білімді, ой-өрісі кең адамның даттап жазуы ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК!!!

+0
22 мамыр 2012, 11:43

болашақ ұрпақ осындай бәлекеттерді оқып аладыда, Құдай дегенді ұмытады! Сол Құдайдан қорқу дегенді қоса салса қолдары қотырланып қалама???

+0
22 мамыр 2012, 11:49

Бұл сайттың ережелері бар, осы сайттың қызметін қолданамын десеңіз ережелерді сақтауға тура келеді, ал ұрпақты "құдай жолында" тәрбиелейтін небір сайттар бар, біздің ТІЛдің дамымай жатқандығының ең басты кедергісі "ҚАЗАҚ ТІЛІ" мен "ДІНді" шимайластыруда, орысша сөйлеген қазақ "христиан" болмайды ғой, ал біз қазақ тілі бар жерде бірден "Дінімізді" тыпқыштаймыз, бұл ҚАЗАҚ ТІЛІН кеңінен дамытып жатқан сайттардың бірі, сондықтан ойланасыз деп сенемін!

+0
22 мамыр 2012, 11:54

Өте дұрыс айттыңыз! Қазақ тілін біледі деген сөз, атеист емес деген сөз емес!

+0
22 мамыр 2012, 11:59

сендер уащще басқа жаққа тартып әкеттіңдер менің сөзімді!

+0
22 мамыр 2012, 11:58

Қазақ тілінің дамымай жатқандығына діннің ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ!!! Қазақ тілін дамытып жатқанына рақымет, бірақ осы сайттан тәлім алған жас жеткіншектер Құдайды ұмытама деген қаупім бар!

+0
22 мамыр 2012, 12:00

Егер нақты осы сайттан тәлім алса, мені танымасаңызда, маған сеніңіз Құдайды да, елін де, ең бастысы ТІЛІН ешқашан ұмытпайды :!: ;)

+0
22 мамыр 2012, 12:02

Неге қатысы жоқ? Біле білсеңіз, көп адамдар құранды білсем болды деп жалпы білім мен ілімге, басқа жақтан дамуға өзіне шектеу қояды. Пакистан, Ливан, Йордания деген сияқты елдерде осы ұстаныммен өмір сүреді, сол себепті адамдар жабайы, дамымай қалған. Құдайға сену адамның жеке өз басының ісі. Оны еш біліммен, оқумен емес, сезіммен сезіну керек.

+0
22 мамыр 2012, 12:07

біздің Қазақстанда жағдай басқаша мүлдем! Олардың діни ағымдары басқаша! Исламда білім мен ілімге еш шектеу жоқ, қайта сауабы мол! Оқы, біл, үйрен дейді! Дін деген нағыз білім! Сіз ислам туралы МҮЛДЕ ХАБАРЫҢЫЗ ЖОҚ ЕКЕН!!!

+0
22 мамыр 2012, 12:08

Құдайға сену мен исламды кітаптан емес, жүрегіммен, сезіміммен, ұятыммен танысам деймін.

+0
22 мамыр 2012, 12:19

Сіз білесізба, қаншама ғұлама ғалымдар құранда келтірілген ғажаптарды мойындап, ислам дінін қабылдағанын?! Исламды жүрекпен, сезіммен қабылдаңыз, дұрыс! Бірақ оған сені үшін білім керек! Ол өзінен өзі миыңызға, жүрегіңізге құйыла салмайды ғой! Ол білімді қайдан аласыз? Әрине құраннан! Сіздерде дін туралы өте кереғар пікір қалыптасып қалған, шет мемлекеттерде көріп, естіп жүргендеріңіз ол нағыз таза ислам емес! Нағыз таза дін, ол құранда!

+0
22 мамыр 2012, 12:21

Дін жайлы біреуге айту үшін адам өз ісін, өз сөздері мен амалдарына қарап алғаны дұрыс. Ана атыңыз бен жазып жүрген пікірлеріңізге қарап сізді ұяты бар, елге ақыл айта алатын адам ретінде қабылдай алмаймын. Сырты бүтіп, іші түтін адамдардан шаршадым. Ішіңізді де сыртыңызды да дұрыстап бүтіндеп алыңыз. Рахмет!

+0
22 мамыр 2012, 12:28

Мен сізге сөйт-бөйт деп ақыл айтудан аулықпын! Білгенімді айтып жатырмын! Негізі адамдардың барлығының дерлік сырты бүтін - іші түтін! Слишком тақуа болсам ьағы ұрсасыздар :D Сосын, менің атымның несі ұнамай тұр? Жазғандарымның несі ұнамады? :roll: :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 12:36

Қып қызыл дау болып кетіпті ғой ))

+0
22 мамыр 2012, 12:38

Кешірші, Айдос!

+0
22 мамыр 2012, 12:43

Меннен неге кешірім сұрайсың? )) Өз көзқарасың ғой. Ешкім күштеп өзгерте алмайды. Барлығы бір Алланың қолында.

+0
22 мамыр 2012, 11:08

менің қорқынышым - денсаулығымнан қорқамын

+0
22 мамыр 2012, 11:22

мен көшеге шығудан қорқамын, расын айтсам. машиналар абайламай жүреді! :roll:

+0
22 мамыр 2012, 11:25

Менің қорқынышым - 4. :? Басқаларынан қорықпаймын десем де болады.

+0
22 мамыр 2012, 11:53

Мен туған-туыстарымнан, жақындарымнан айрылып қалуға қорқамын, мүгедек болып қалудан қорқамын.

+0
22 мамыр 2012, 12:49

Жігіттер мына жерді керекинфо сайты қып жіберіпсің дер(

+0
22 мамыр 2012, 14:03

жалғыздықтан қорықпайм, сахнадан қорықпайм, өлімнен қорықпайм, кәріліктен қорықпай, мен бар ғой осы тауықтардан қорқам)

+0
22 мамыр 2012, 14:55

Рас па, Сәния? Мен айтпқашы, қаздан қорқам. Әсіресе, балапанын ерткен қаз жамааан қуады ғой адамды. :?

+0
22 мамыр 2012, 14:56

Рас, құстардан қатты қорқамын, тауықтан әсіресе. Иә артыңнан қуады ғой өзіңнен тез жүгіріп,

+0
11 маусым 2012, 02:33

тауыгы неси? тышканнан корыккан жарасымды коринеди

+0
22 мамыр 2012, 14:24

қорқыныштың қай кезде де көзі ала

+0
22 мамыр 2012, 14:35

Мен бәрінен қорқам...

+0
22 мамыр 2012, 16:11

Ой, Ғани, жігіт деген қорқа ма екен? :roll:

+0
22 мамыр 2012, 14:55

Обшым, ештеңеден қорықпау керек. :mrgreen:

+0
22 мамыр 2012, 14:57

Шын айтсам, осындағы жазылатын материалдардың қайдан, қалай келетініне еш қызықпаймын. Бастысы, Массагет қазақ тілінде жеткізе біледі. Сол үшін де Массагеттің ұл-қыздарына ризамын.

+0
23 мамыр 2012, 01:31

4-te berilgennin iwinde men tek tiwkannan korkam eken))) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...