Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір  күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.

Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.

«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.

Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.                           

Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.

Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.

Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады.

Кіммен, қай жерде амандасу керек?  Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал.

Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау  мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет.

Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.

                                   

Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қысып, ұзақ жібермей ұстап және тым болбыр амандасу орынсыз екенін есте ұстаңыз.

«Сәлем –сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

Суреттер:  publicistik.blogspot.com, newsland.ru

22859 22
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 13:11
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 13:46

қайырлы күн! ( қонаққа барғанда бірінші әйел кісімен амандасу керек екенін мүлде білмеппін...)

+0
22 мамыр 2012, 16:42

мен де ;) ;)

+0
22 мамыр 2012, 13:47

осы универде амандаспайды ғо кейбір мұғалімдер, бесят! Басын изей салса қайтед? не болмаса сәлем дей салса, шапандарын шешіп алатындай

+0
22 мамыр 2012, 13:53

Адамның есімін атап сәлемдесу де дұрыс деп естігенмін. Жалпы адамды өзінің есімінің дыбысталуы ерекше сүйсіндіреді екен.

+0
22 мамыр 2012, 14:05

Ол кім екен өзінше кісі боп қалған? :evil: Қазақ бөлімінің ЖАС мұғалімдерінің шіреніп қалатын әдеттері болушы еді

+0
22 мамыр 2012, 14:09

қайта олар мләдестер аман-саулықтары түзу, бар ғо өзіншелер, аман болсыншы бастысы

+0
22 мамыр 2012, 16:43

вот! сондайларды жек көрем :twisted:

+0
22 мамыр 2012, 23:27

Ия. Сәлеміңді алмайтын ұстаздар болады. Бізде де сондай бір ағай болатын. "Сәлеметсіз бе, ағай?"-десең, бетіңе бедірейіп қарап, өтіп кететін. Содан "Ағай, сәлеметсіз бе? Ағай, сізбен амандасып жатырмын ғой. Қандайсыз?"-деп жүріп "үйреттім" ғой. Сол кісі оқу бітіргенше студенттердің ішінде менімен ғана амандасып өтті.

+0
22 мамыр 2012, 14:05

танымайтын біреулер сәлемдесе салады ғой көшеде. Сосын күнімен ойланып жүрейін, кім екен деп... жәрайды,сәлемнің артығы жоқ

+0
22 мамыр 2012, 14:06

Кучті екен :D

+0
22 мамыр 2012, 14:14

сосын қыздар, болашақта, жай айтам да, күйеулерінмен келе жатқанда бастықтарын алдарынан шықты және т.б. жағдайларда, амадасасыз ғой енді, сосын күеулеріңізге бастықты таныстырасыз :!: :!: :!: керісінше істеуге болмайды, бұл жерде жас ерекшелік мүлдем маңызды емес ;)

+0
22 мамыр 2012, 14:58

Есте болатын жайт екен, Сания.

+0
22 мамыр 2012, 14:57

Саламатсыздар ма?

+0
22 мамыр 2012, 15:02

Саламатпыз.

+0
22 мамыр 2012, 15:03

Мал-жан аман ба? Үй-іші, сырты қалай?

+0
22 мамыр 2012, 16:09

Аман, аман. :)

+0
22 мамыр 2012, 15:02

Негізі мен адам таңдамай амандаса беремін. Бірақ берген сәлеміңе жауап бермесе, өзің біртүрлі боп қаласың. Амандық-саулық сұрасып жүргенге не жетсін.

+0
22 мамыр 2012, 16:46

"сәлем" деп амандасқан ұнайды маған

+0
22 мамыр 2012, 17:47

Былай ғой, мысалы Күзетшілерді сен танымайсың, бірақ сонда да күнде амандасуың керексің бе?
Нағыз Еркебұлан оқитын тақырып екен :lol:

+0
22 мамыр 2012, 18:55

:lol: Анара, сәтсә!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...