Ол үйленуге ұсынысты қашан жасайды?

Ол үйленуге ұсынысты қашан жасайды?

Көп адамдар «Жігіт сүйсе, алады, қыз сүйсе, қалады»деген пікірде. Шын мәнінде, түк те олай емес. Түптеп келгенде, бәрі қыздардың қолында. Тіпті, отау құру да қыздың тікелей келісімімен жүзеге асатын жауапты іс. Дегенмен, көп аруларымыз күйеуге шықпай оң жақта отырып қалып жатады. Байқасақ, қарым-қатынасты сақтап, тұрмыс құрудың да кілті болар бірнеше шарттар бар екен.

Сонымен, жүріп жүрген жігітіңіз бен өзіңіздің араңыздағы жылылықты суытпау үшін не істеу керек?

  • Ешқашан қызғандырам деп тырыспаңыз;
  • Оны жалықтырып алудан сақтаныңыз;
  • Өзіңізге айрықша күтіммен қараңыз. Жігіттер қанша «ішкі рухани байлыққа қараймын» десе де, бәрібір, олар үшін қыздың сыртқы келбеті басты рөл атқарады. Жай ғана достарына сізді «Қызым» деп таныстырған кезде, ол сіз үшін ұялмайтындай болсын. Сондықтан, келбетіңіздің әдемілігіне баса назар аударыңыз;
  • Оның ата-анасы жайлы нашар әңгіме айтудан аулақ болыңыз! Жігіт бәрібір ата-анасын бәрінен биік қояды. Өзіңіздің де ата-анаңызды сынап-міней көрмеңіз;

  • Үнемі жайдары жүруге тырысыңыз;
  • Жұмбақтығыңызды сақтаңыз. Қыз жігіт үшін ашылмаған сыр болуы керек. Немен шұғылданғаныңызды толық айтып бермеңіз. Біреуге жақсылық жасасаңыз, оны да өзіңізге сақтағаныңыз жөн. Өзі сіздің ол жақсылығыңыз туралы ерте ме, кеш пе, біреуден естиді. Сол кезде сізге деген сүйіспеншілігі одан әрі артатыны сөзсіз;
  • Достарының көзінше оған ұрыспаңыз, тіпті, дауыс көтермеңіз. Оның достарының алдындағы абыройын ойлаңыз;
  • Оған қатты беріліп, асты-үстіне түсіп кетпеңіз. Қанша құлай сүйіп тұрсаңыз да, өзіңіздің даралығыңызды сақтаңыз.
  • Құрбыларыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асып кетпеңіз. Қанша жақын болғанымен, олар да сіздің бақытыңызды қызғануы әбден мүмкін. Өзіңізге сырт көзбен бір қарап көріңіз.
  • Біреуді өсектеуге, алып-қашпа әңгімелерге үйір болмаңыз. Бұндай нәрсе жігітіңіздің алдындағы абыройыңызды біртіндеп түсіре береді. Оған да қатты боқтық сөздер айтпаңыз. Жылы сөздерді де мейлінше сирек айтуға тырысыңыз. Сол кезде сөзіңіздің құны болады.

Осы кеңестермен жүрсеңіз, ол сізге үйлену туралы ұсыныс жасайтынына кәміл сенеміз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Суреттер: mail.ru

М. Оңғарова