Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сенің неге қызың жоқ?

Сенің неге қызың жоқ?

Сенің неге қызың жоқ?

Кеше ұжымдағы қыздар "Сенің неге жігітің жоқ?" деген тақырыпта жазба жазып, құрбыларына ақыл айтыпты. 

Сол жазбаны оқып болып, біздің де шабытымыз ашылып, "Сенің неге қызың жоқ?" деп жігіттермен әңгіме-дүкен құрғалы отырмыз. 

Шыны керек, жігіттің қызының жоқ болуының себебі өте көп болуы мүмкін. Яғни, себеп-салдардың барлығын тізіп жататын болсақ, шегіне жете алмаймыз. Сондықтан негізгі деп тапқан аргументтерімізді ғана айтып, назарларыңыздан өткізгелі отырмыз. 

  1. Сен "тормозсың!". Күлмей тұра тұр, бауырым! Расында жасқаншақтығыңның себебінен қызбен жақындап танысу немесе араласу қиынның қиыны болып көрінеді. Біздің айтарымыз мынау. Өмір бір-ақ рет беріледі. Оның үстіне тым қысқа. "Ана қызбен нені сылтау қылып таныссам екен?" - деп шақшадай басың шарадай болып жүргенде жасың да келеді, заманың да өтеді. Ұнатқан қызыңа ебін тауып, әдемі қадамдар жасаудан қорықпа.
  2. Тым асығыссың! Бұл тура кешегі қыздардың әңгімесі секілді. Таныспай жатып, отбасылық өмір мен бала-шаға туралы әңгіме айтудан аулақ болған жөн. Сонымен қатар "үйдің басшысы еркек, қыз жұмыс істемей, үйде отыруы керек" деген секілді радикалды пікірлермен қызды шошытудың да қажеті жоқ. Ақылы бар қыз ненің бұрыс, ненің дұрыс екендігін сен айтпасаң да түсінеді. Біздің басты миссиямыз оның ойлау жүйесі мен пікірлерін еппен, ымын білдірмей біліп алу ғана. Ал қарым-қатынастың дамуы табиғи түрде жүруі тиіс.
  3. Тым идеалиссің немесе догматиксің! Шынайы өмір мен жазылып жүрген көркем туындылардың арасында көп айырмашылық болатынын есі дұрыс азамат білу керек. Киноларда сипатталып жүрген "ұлы махаббаттар" көрерменнің ыңғайына қарай жасалатын дүниелер ғана екендігін ескеру керек. Сіз бен біз идеал тұтатын Ромео мен Джульеттаның арасында "үй жинауға көмектеспейсің" деген секілді тұрмыстық кикілжіңдер болмады деп ойлайсың ба? Өмірге шынайы қарайтын уақыт жетті. Айтқаныңнан шықпайтын сызылған Қыз Жібекті іздесең, өмір бойы сүр бойдақ болып өтерсің. Біздің басты мақсат - өте әккі саясатпен арадағы кикілжіңдерді шешіп, алдын алып, отбасын басқара білу. 
  4. Өзіңе не керек екенін білмейсің! Өмірде кез келген адамның білуі керек аксиомасы мынау: "Барлық адам бірдей емес және қарым-қатынаста қатып қалған ереже жоқ". Жалпы қоғамда отбасылық қарым-қатынастың формалары туралы ортақ, қатып қалған түсінік қалыптасқан. Біздің ойымызша, бұл тұрғыда ешқандай ережеге бағынудың қажеті жоқ. Мәселен, айтқанына көне беретін қыз бір жігітті бақытты етсе, эмоцияны жақсы көретін жігіттерге бұндай қарым-қатынас ұнамауы мүмкін.
  5. Жауапкершілікпен кел! Әрине, бұл пункттерді оқып алып, көрінген қызға тұра шап демейміз. Отбасылық өмір біздің бақытты болуымыздың немесе болмауымыздың басты кепілі. Сондықтан "осы қыз болады-ау" деп бір тоқтамға келген күннің өзінде, өмірлік көзқарастар мен өмірлік түсініктеріңіздің сәйкестігін асықпай зерттеп алған жөн болады деп ойлаймыз.

P.S. Айтпақшы... Массагеттің қыздарына бір көз салып қоюды да ұмытпа, бауырым! Бағың онлайннан табылып қалар, қайдан білесің?

Көрнекі сурет: mail.ru

4474 21
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 17 мамыр 2012, 10:00
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 10:17

әңгіме қайда жатыр десем, бәрі мына жақта екен ғой :D

+0
17 мамыр 2012, 10:26

Сенің неге қызың жоқ деп Жан Рено подозрительно қарап отырғаны :D

+0
17 мамыр 2012, 10:30

Қыздар да, жігіттер де өз бастарының өзекті мәселелерін қозғапты..., ал, жарайсыңдар..., енді тек қана алға..., осы кеңестерден кейін нәтиже болсын... :)

+0
17 мамыр 2012, 10:34

Неге Жан Рено?

+0
17 мамыр 2012, 10:49

оооуууупс, дұрыс кеңестер :!:

+0
17 мамыр 2012, 10:54

:) көңіліңнен қатты шыққан сияқты :mrgreen:

+0
18 мамыр 2012, 19:12

қатты шықты :!:

+0
17 мамыр 2012, 11:47

"үйдің басшысы еркек, қыз жұмыс істемей, үйде отыруы керек" :lol:

+0
17 мамыр 2012, 13:05

тормозсың)))

+0
17 мамыр 2012, 13:13

Мынау біреуге бағытталып айтылған ба? :lol:

+0
17 мамыр 2012, 13:14

бәрі сол ғой)))

+0
17 мамыр 2012, 13:35

Массагеттің қыздары өңшең өзінше болған қыздар :evil:

+1
17 мамыр 2012, 14:47

Массагеттің қыздары - Қазнет желісіндегі ең ақылды, сыпайы, тәрбиелі әрі сымбатты қыздар екеніне күмәнім жоқ!

+0
17 мамыр 2012, 14:55

қалжың ғой . оларды жақсы сыйлайтынымды өздері біледі. бәрімізді тормызсың деп прикол ұстағандары ұнамай қалды

+0
17 мамыр 2012, 15:51

Бұл мақаланы ұлдар жазған )))

+0
17 мамыр 2012, 15:53

мақаладағыны айтпаймын Сания екеулеріңнің прикол ұстағандарынды айтамында

+0
17 мамыр 2012, 15:48

Массагеттің қыздарындай қыз қайда...шеттерінен үріп алғадай десем бола ма, болмай ма?!

+0
17 мамыр 2012, 17:01

себебі мен салдары бәріне де белгілі ғой. не айтқыларың келді?
уақытым жоқ ал қызға :lol: :lol: :lol:

+0
17 мамыр 2012, 17:08

Жақсы жазылған... :)

+0
18 мамыр 2012, 00:22

Жақсы бір қызбен таныстыршы деп көп айтады таныстарым.... Не көп, жақсы қыздар көп. Сондай малинаның ішінде жүріп осындай өтініш айтатын лохтарға күлкім келеді :mrgreen: . Көшеге шығып, ысқырсаң қыздар толып жатыр. Современные қыздардың көпшілігінің көркі десең, көркі, ақылы десең, ақылы бар. Шеттерінен "умницы, спортсменки, студентки и просто красавицы"... одан басқа не керек? :D Қысқасы, статистика бойынша, ҚЗда бір жігітке 7 қыздан келеді, сенде қыз жоқ болса, басқа біреуде 14і бар )))

+0
21 мамыр 2012, 00:07

Мына зерттеу жұмысын әрі қарай жалғастырып көріңіздер.Өте қызық екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...