Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Армандай білесіз бе?

Армандай білесіз бе?

Армандай білесіз бе?

Арманымен ер сұлу,
Орманымен жер сұлу.

Қазақ мақалы

"Нені армандайтыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін". Арманға қарап адамды тануға әбден болады.

Бала күнімізде арманымызда шек болмаушы еді. Көрген де, көрмеген де нәрсемізді армандай алушы ек. Өсе келе, адамның ақыл-ойы толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманының бағыты сәл-пәл өзгеруі мүмкін. Мәселен, бала күнімізде ертегінің кейіпкеріндей тау көтеріп, Таусоғар атануды армандасақ, есейген шағымызда, Таусоғар болудың ақылға сиымсыз дүние екенін түйсінген соң, бұл арманымыз мәнін жоғалтады. 

Адам жақсыны да, жаманды да армандайды. Мысалы тарихта қалған Гитлер бәрін құртып-жоюды армандады, оның арманы орындалды да. Бірақ, ол арманының орындалғанынан ләззат ала алды ма? Ол жағын Гитлердің тағдырынан хабары бар жандар жақсы біледі...

Сондықтан, тек қана жақсылыққа ұмтылып, тек жақсы нәрселерді армандау керек. Жақсы жардың сенімді серігі болғыңыз келсе, беймәлім жарыңызбен бірге жүретін күндеріңізді елестетіңіз. Нью-Йоркқа барғыңыз келсе, бір сәт өзіңізді сол елде жүргендей қабылдаңыз. Жұлдыз болғыңыз келсе, өзіңіздің біреуге сұхбат беріп тұрған сәтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз! Армандаудан шаршамаңыз, қорықпаңыз...

Арман деген дүние - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Дәл солай. Арман ғана көздегенімізге жетуіміз үшін бас көтермей жұмыс жасауымызға себепші болады. Адам ғаламат нәрселерді ойлап таппастан бұрын, оны армандайды. Ойында құрады. Ұшатын кілем туралы ертегі де арманның нәтижесінде пайда болған. Ал ұшақтардың ұшатын кілемнен несі кем? Міне, арманның күші!

Армандай білген адам рухани күшімен ерекшеленіп, арманға жету жолында жігер салып күреседі. Есесі қайтпас еңбек жоқ. Маңдай тердің нәтижесі арманның орындалуына әкеледі. 

Әлбетте, арман деген керемет нәрсе... "Нені армандайсың?" деген сұраққа бір секунд та мүдірместен жауап берсеңіз, арманшыл адамның нақ өзі болғаныңыз. Ал егер осы сұрақты басқа біреуге қойып, оның жанарынан тұманданған мұңды байқасаңыз, ол өмірлік мақсаты бұлдыр адамдардың қатарынан болуы мүмкін. Өйткені, арман - нақты нәрсе. Ол кішкене ғана нәрседен басталып (мынадай үлгідегі ноутбугім болса екен), айрықша үлкен дүниелерге дейін бара алады. 

Арманның орындалуына сену керек. Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да, орнынан қайтып тұрып, оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз. Арманның орындалуының кілті осында: Оның орындалуына қалтықсыз сену. 

Үкілеген үлбір үміттің рақатына бөлеп, өмірдің тәттілігін сезіндіретін арман атты құндылықтың нарқын біліп, аппақ арманның иесіне айналудан қорықпаңыз. Өйткені, біздің әрқайсымыз "Арманым орындалды-ау..." деп бақыттан басымыз айналып отыратын қайталанбас сәтке толығымен лайықтымыз! Болашақ армандай білетін жандардың қолында...

Сурет: i9000ep.blogspot.com, eifier.livejournal.com

12305 15
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 15:04
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 18:49

Арманыма сенемін, тек оның маған деген сенімі - Еңбек-атаның ақ батасынан соң екендігі айқын болды, жақында!

+0
15 мамыр 2012, 19:02

Арман жақсы ғой, арманда кеткен жаман... Түсінгенім - армандаудан қорықпау керек. Арманға сенсең ғана арман орындалады. Өз арманыңа өзің сенбесең, кім сенеді, солай емес пе? Ауылдың бір түкпірінде ошақтың қасында күйе-күйе болып отырып, өзіңнің ертең теледидардан көрсетілетін ең керемет жерлерде жүретініңді арманда!

+1
15 мамыр 2012, 19:27

Тек армандап қоймау керек. Оған жететін жолды да дұрыс таңдай білу керек. Және соған сай әрекет ету керек.

+1
15 мамыр 2012, 20:38

Мен армандаймын, армандағанда Құдайдан сұраймын. Шүкір, тілектерім қабыл болады, ал болмай қалғанда, демек басқа формулировка немесе басқа арман керек деп ойлаймын)))) Арқама қанат бітір немесе аспандағы айды сұрамаймын, мүмкін сол себеп орындалатын шығар. Алайда, Құдайдың мүмкіндігін шектегім келмейді, не сұрасам да, ең ең дегенін сұраймын))))

+0
16 мамыр 2012, 09:52

Бір өте керемет ұстаз сұраған - арманың қандай? - "декан" болу! - Декан болу үшін ректор болуды армандау керек деген еді :!:

+0
16 мамыр 2012, 10:08

Суворов айтпақшы, "Маршал болуды армандамаған солдат - солдат емес".

+0
16 мамыр 2012, 10:44

Армандау - менің ең сүйікті ісім десем болады.

+0
16 мамыр 2012, 11:45

Арманда, жаным, арманда,
Обшагаға барғанда...
Ішіп алып дизиді,
Сағынасын киіз үйді

+1
16 мамыр 2012, 11:46

:D :D осы Фараның комменттерін-ай :D

+0
16 мамыр 2012, 15:30

Арманда, бірақ алданба... Осы сөз ойымнан еш шықпайды.

+0
16 мамыр 2012, 15:40

arman degen menin oimwa ozin ozi aldau.........

+0
16 мамыр 2012, 19:48

Армансыз адам, қанатсыз құс дейді. Армандай да білу керек, армандау керек, өйткені армандар меніңше, орындалу үшін жаралған! ;)

+0
17 мамыр 2012, 00:10

Бақытқа сенемін,
Армандай беремін,
Армансыз күнім болмайды...

+0
24 мамыр 2012, 16:52

армансыз адам - қанатсыз құспен тең)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...