Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Неге сенің жігітің жоқ?

Неге сенің жігітің жоқ?

Неге сенің жігітің жоқ?

Күн шуағын төккен көктемде қол ұстасып, сүйіктіңмен қыдырғанға не жетсін? Алайда тағдыр сол сүйіктіңе жолықтыруға асығар емес. Бәрін тағдыр мен бір Жаратқанның жазғанына ысырып тастап, қол қусырып қарап отыруға болмас. «Неге менің жігітім жоқ?» деп өзіңе сұрақ қоясың ба? Жауабы бар ма? Біріге отырып, осы сұрақтың жауабын іздеп көрелік.

Сырт болмысыңа бола жасқаншақтанасың

"Қыпша бел, ұзын аяқты, ботакөз болсам ғана маған жігіттер назар аударар еді!" деген ойдан арыл. Айналаңа қарашы, барлық таныстарыңның түр-пішіні модельдерге сая ма? Жоқ па? Олай болса, өзіңнің оңбай қалған фигураң мен диета, май кетіретін дәрілеріңді жұрттың көзінше айта бермей, спортпен шұғылдан.

Араласатын адамдарың аз

Жылы диваныңнан тұр да, өміріңді теледидар бағдарламаларына сәйкестіруді доғар. Әлем әке-шешең мен жақын құрбыңнан тұрмайды. Және шақырылған кештерден басыңды ала қашуды қой. Әсіресе танымайтын адамдар көп болатын жерден бас тартпа. Болмаса, арманыңдағы жігітпен қайда таныспақсың? Диванда, теледидардың алдында ма?

Сен өзіңді ұялшақпын деп санайсың

Сымбатты бір жігітті көргенде тілің байланып, не деріңді білмей, күле беруден басқа амал таппайсың. Ал былайғы өмірде ата-анаңмен, әпкеңмен қалай сөйлесесің? Олардан ұялмайсың ба? Егер табиғи ұяңдық пен ұялшақтық өмір бойы толыққанды өмір сүруге кедергі келтіріп жүрсе, театр үйірмесіне жазыл. Айтпақшы, онда да небір әдемі жігіттер жүреді.

Құрбыларыңа сүйсінесің

Сен әрдайым біреудің ығына көне салуды жөн санайсың. Біреудің жүріс-тұрысын, болмысын қайталайсың. Мына сұраққа жауап берші: Жігіт біреудің көшірмесін қалай жақсы көреді? Көшірмені қойып, түпнұсқаны көрсететін кез келді.

Тым көп ақылгөйсисің

Әрдайым жымиып жүр. Және шамадан тыс ақылгөйсіме. Өзіңнің керемет жетістіктеріңнен басқа әлемде сан мыңдаған қызықты тақырыптар толып жатыр.

Жаныңа жолай қалған жігітті кекетіп, мұқатып тастайсың

Өкінішті, бірақ өткір тіліңмен тек өзің ғана жеңілесің. Өзіңді еркін ұста, әлемге нұр шашып жүрсең, адамдар саған өздері-ақ тартылады.

Таныса салып, болашақ пен өмір жайлы әңгімелесуді бастайсың

Әрбір танысу – жүрумен, ал жүру – бақытты отбасымен аяқталуы керек деген ойыңмен жігітті «бақытты» етуге асықпа. Жігіттер әдетте қарым-қатынас жайлы әңгімелерден қашқақтайды. Ішіңе сыймай бара жатса, құрбыларыңа айт. Жаңа танысқан жігітіңе қарағанда ол сені әлібетте қолдайды.

Ол саған лайық емес деп есептейсің

Әлі күнге дейін бір күні ақ боз атты ханзада келіп, хан сарайына алып кетеді дегенге сенесің бе? Бұл өте ұят. Айналаңдағы адамдарға дұрыстап зер сал. Жаныңа серік болар адам табылып қалуы әбден мүмкін.

Үйіңе қонақ болып келген әрбір жігітті аса қамқорлыққа бөлейсің

"Ештеңе жемедің ғой! Бас киіміңді кидің бе? Дала суық!" Оның денсаулығын бақылайтын, кеңес айтатын анасы бар шығар. Ал сенің тым қамқоршылдығың бір күні ашуына тиюі мүмкін.

Сенің көптеген жігіт достарың бар, бірақ ешқайсысы сені ғашық болуға болатын қыз ретінде қабылдамайды

Бәлкім, сен олармен басында-ақ достық қарым-қатынас құрып алған соң, кейін олар саған сөз салайын десе ыңғайсызданатын шығар, тіпті қыз ретінде қабылдамауы да мүмкін. Тым құрығанда басында «Өзім» деген ұраныңды қалтаңа сала тұршы. Шеге қаға алсаң да, атпен шаба алсаң да, бұл үлкен мақтаныш, алайда танысқан жігітіңнің алдында сәл қорғансыз бола тұрсаң ештеңең кетпейді.

Махаббаттан көңілің қалған

"Еркектердің барлығы оңбаған" деген тұжырыммен өмір сүресің бе? Онда саған да "Барлық әйелдер арам" деген жігіт табылады.

Суреттер: vk.com, mail.ru

5251 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 09:16
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 10:41

күшті ;) ең бастысы өзің бақытты, көңілді, жеңіл, өзіне сенімді болсан, бұйырғаны кетпес, міндетті түрде біреу келіп сені бақытты етеді деуден немесе жігіт болса бақытты болушы едім аулақ болу керек))

+0
15 мамыр 2012, 10:47

мынау 15 жасар тинэйджерлерге арналған кеңестер екен. Ересек қыздардың жігітсіз жүруінің себептері мүлдем басқа болады)))))

+0
15 мамыр 2012, 10:53

Қандай мысалы? :)

+0
15 мамыр 2012, 11:39

мысалы, сүткен күйген, суға үрлейді, каръера, білім алу, өзін жетілдіру, ең бастысы және шынайысы - СЕЗІМ жоқ)))))

+0
15 мамыр 2012, 11:43

Айжан, бәлкім келісерсің, не келіспессің, бірақ 30-дан асқан қыздар басы бос болса бұл көбіне карьера қуғандықтан емес, жалпы өзіне лайық адамды кездестірмегеннен жалғыз. Сүйген адамы маған тұрмысқа шық десе дені дұрыс қыз бас тартпайды деп ойлаймын. Ал өзің лайық жігітті табу үшін үйде отыра бермей, танысу керек. Және әлбетте кездесе салған, сөз айтқан жігіт идеал болып шығуы мүмкін емес, бірақ көп үміт артпай, өзіңе де, оған да мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Былайша айтқанда, "Қасқырдан қорқып, орманға бармай отыра бермеу".

+0
15 мамыр 2012, 11:45

Ал өзің емес өзіңе деп оқырсың ))

+0
15 мамыр 2012, 12:10

Өзің лайықтыны іздеп, өзің лайықтысың ба деген сұраққа жауап беру керек менше. Мен білетін отыздан асқандар, отыз бестен асқандары - білім мен жұмыс деп жүріп қалғандар екен. Жас кезде, ең алғашқы ыстық махаббаттың қызуымен шықпай қалдым деп өкінетіндер қаншама. Бірақ, әйтеуір біреумен болғанша, жоқтан жақсы деп, жалғыз болған артық. Өйткені, маңдайыңа жазылған біреу болса, ерте ме, кеш пе жолығады) сол кезде сәтін жіберіп алмау керек))))))

+0
15 мамыр 2012, 11:11

Иә, айтшы, қызығып кеттім мен де :)

+0
15 мамыр 2012, 11:17

Бесінші қағида...Бір апайымыз айтушы едіт " Жігіттер әдемі бірақ, ақылсыз қыздарды ұнатады, Ақылды болуды доғарыңдар"- деп,

+1
15 мамыр 2012, 12:19

қай жігіттер? Ақымақ қызды ұнататындардың өздерінің ақылының да тасып жатпағандығынан болар)))

+0
15 мамыр 2012, 11:36

Орынды айтылған кеңестер!

+0
15 мамыр 2012, 12:12

"Ештеңе жемедің ғой! Бас киіміңді кидің бе? Дала суық!" Оның денсаулығын бақылайтын, кеңес айтатын анасы бар шығар. Ал сенің тым қамқоршылдығың бір күні ашуына тиюі мүмкін.

Осы үшін бір қызды тастап кетіп едім

+0
15 мамыр 2012, 12:32

"Тең -теңімен, тезек қабымен" демекші, теңің болмаса, бостан-босқа, оны да, өзіңді де алдаудың ешқандай да қажеті жоқ деп санаймын. Көлденең көк аттының бәрімен жүре берсең, нең қалады? )) Тым көп ақылгөйсімеу керектігі туралы жақсы айтылған. ))

+0
15 мамыр 2012, 13:18

далбаса, нлпыңдысс :lol: :lol:

+0
15 мамыр 2012, 13:24

Өзіңнің қызың бар ма? :)

+0
15 мамыр 2012, 13:30

Жалғастан жауап жоқ :mrgreen:

+0
15 мамыр 2012, 14:35

жоқ, әрине :lol:

+0
15 мамыр 2012, 13:27

Мен кейбір жерлерімен келіспеймін. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой енді...

+0
15 мамыр 2012, 13:35

қызық. ықы-ықы)

+0
15 мамыр 2012, 13:44

Неге сенің жігітің жоқ? - осы ғой менің бір қызға айтқым келіп жүргені...ол менің қызым, ал оның жігіті жоқ... :D :D :D

+0
15 мамыр 2012, 13:48

:lol: :lol: :lol: Парень моей девушки деген киноны еске түсіріп жібердіңіз :)

+0
15 мамыр 2012, 13:49

cіз сонда кім болғаныңыззз :?

+0
15 мамыр 2012, 17:57

кеше денеңді бос ұста деп тұр еді :lol: :lol: :lol: :lol: күлкіден диванның астына кіріп кетіп едім :lol: :lol: алыпцапсыңдар :)

+0
21 мамыр 2012, 00:12

Әдемі жазылыпты.Я,жігіттермен осындай кішігірім саясат ұстануға тура келеді.

+0
11 маусым 2012, 02:57

жигитке тек анасы гана камкор болу миндет емес... .кыздын озине камкор болып турганы кандай жаксы! сен де оган сондай катынаста боласын! мине осыдан карым катынас берик болад деп ойлаймын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...