Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жақсы адам болу оңай ма?

Жақсы адам болу оңай ма?

Жақсы адам болу оңай ма?

Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз: әріптес достарымыздың жұмысын жасай саламыз, соңғы ақшамызды қарыз сұраған құрбымызға бере саламыз, қауіпті болса да досымызға көмектесуге аттанамыз. Жақсы адам ретінде әлемге жақсы жағымыздан көрінгіміз келеді, алайда әлем бізге әрдайым жақсылықпен жауап бермейді.

Әрдайым жақсы адам болып көріну психикалық тұрғыдан денсаулыққа әсер етеді. Психологтардың айтуынша, әрдайым «жақсы адам болып көріну» тастанды боламын деген қорқыныштан туындаған мазохизмнің бір түрі. Тәрбиемен зорлап міндеттелген жақсы адамның образын арқалап жүремін деп адам көптеген психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін.

Адам тек ішкі қалауларын оята алған кезде ғана «жақсы адам» образынан шығып, тым құрығанда шығуға тырысып, жаңа өмірге қадам басуы керек. Және жаңа өмір – жаман болса да, жақсы болса да, ол нағыз шынайы өмір!

«Жақсы адам» кейпінен шығудың мына амалдарына назар салыңыздар:

  • Әрдайым ата-анаңыздың ризашылығын күтпеңіз. Сіз оң мен солды ажырата алатын ересек адамсыз. Шешім қабылдап үйреніңіз және өз қателіктеріңізді қабылдап, жауап бере біліңіз.
  • Өзгелер құптамаса да, жаныңыз қалаған іспен айналысыңыз.
  • Басқа адамдардың қайғысын, мәселелері мен жұмыстарын өз иығыңызға арта бермеңіз. Мұның бәрі сіз үшін артық ой мен салмақ.
  • Жақындарыңыздың үмітін ақтай алмасаңыз, өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Басқалардың көзінше сіз қателік жасасаңыз да, сізге бұл зорлап міндеттелген істер лабиринтінен шығудың бір амалы болар.
  • Сізден көмек сұрамаса, өз бетіңізбен көмекке жүгіруге асықпаңыз. Ал егер шынымен қажетсініп жатса, көмектесіп қана қоймай, жаныңызды рахатқа бөлейтін іс ретінде қараңыз.

Мұнымен біз, әлбетте, жақсы адам болмаңыз демейміз. Ақ ниетпен жақсылық жасап, ризашылыққа бөленгенге не жетсін? Бірақ, әрдайым жақсы адам боламын деп шынайы келбетіңізден айрылып қалмаңыз. Әрі өмірдің талабы сол, керек кезде «Жоқ» деп айтуға міндеттейді. Және бұл сіздің өміріңіз. Өз өміріңізге өзіңіз иелік ететін уақыт келді.

Суреттер: photo-element.ru, lama.kz

8796 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 мамыр 2012, 09:01
Пікірлер
+0
10 мамыр 2012, 10:06

:roll: :roll: бір жағынан дұрыс :)

+0
10 мамыр 2012, 11:10

өзіңмен өзің болғанға не жетсін)) Адам жақсы не жаман болмайды ғой, біреуге жақсы, біреуге жаман. Елдің бәріне ұнау мүмкін емес, тіпті керек те емес.

+0
10 мамыр 2012, 11:50

Жақсы болуға тырысудың қажеті жоқ, жақсы болсаң оны өзгелер өздері-ақ байқайды!

+0
10 мамыр 2012, 12:45

толық жақсы адам жоқ өмірде!

+0
10 мамыр 2012, 14:02

мен біреуге жақсылық істесем пайдасын, оның мен туралы жақсы ойлауын қажет етпеймін, жай жасаймын, ал мен үшін пайдалы болып тұрса да, адамның өзін ұнатпасам, өзім жасағым келмей тұрған іс болса, мағам ешкім жасата алмайды.. :!:

+0
14 мамыр 2012, 18:41

"Кемшіліксіз адамнан қорық". Пенде болған соң, бәріміздің де кемшілігіміз бар... Жақсы адамның кемшілігі аз болады-ау шамасы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...