Көктем жайлы аңыздар

Көктем жайлы аңыздар

Көктем жайлы стереотиптерді маркетологтар ойлап тапқан сияқты көрінеді. Біз бүгін көктем жайлы көп жыл бойы қалыптасқан стереотиптерді жойып, анық-қанығын саралап көрейік...

Көктем – махаббат мезгілі

Махаббат күнтізбеге қарамайды. Қыста Жаңа жыл – романтикалық қарым-қатынасты бастауға тамаша уақыт дейміз, ал жаз – шипажайлық романдар мезгілі. Ал күзде – кітап оқып, фильм қарап, ғашық болудан басқа істейтін іс жоқ. Ахматова «Махаббат – бесінші мезгіл» деп дұрыс айтқан. Біреуге сүйкімді болу үшін көктемді күтудің қажеті жоқ.

Арықтайтын уақыт


Көктемде адам өзінен-өзі арықтамайды. Арықтау үшін жалқаулықты ысырып, диета және жаттығуларға шындап кірісу керек. Бұған күннің ұзаруы мен жылуы сізге оң ықпал етеді. Әйтпесе көктемде жылдың басқа мезгілдеріндегідей салмақ қосу үстіне қоса бересіз.

Көктемгі депрессия

Депрессия жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін, және оның басты себебі көктем емес. Керісінше, күн шуағын төгіп, күн ұзарғанда көңіл-күй көтеріліп, қуанышқа бөленетін себеп көбейеді. Күн шуағы D дәруменінің өндірісін қамтамасыз етеді, ал бұл рахаттану гормонын көтеретін серотонин деңгейін көтереді. Сондықтан ішкі күн нұрын қосыңыз. Ал әлсіздік пен жабырқаңқылық дәруменнің жетіспеушілігінен.

Көктемгі асқыну

Негізінде бұл тозаңға аллергиясы бар адамдарға тән. Ал асқазанының ойық жарасы бар адамдарда, психикалық ауруға шалдыққандарда асқыну көбіне күзде байқалады. Иә, ағзаға мезгілдік өзгерістер әсер етеді, бірақ бұл аса білінбейді және қауіпсіз.

Емтиханға дайындалатын уақыт


Үздік оқушылар жыл бойы оқиды және демалыста да кітаптан бас алмайды. Пайымды репетиторды емтиханға екі ай қалғанда емес, алдын ала тауып қояды. Және репетитор табу жақсы дәрігер табу сияқты оңай шаруа емес. Көп ұйықтап, денсаулықты күту де – дайындық шараларына жатады. Сондықтан сабақты ине – сәтімен.

Гүлдену мен жаңару кезеңі

Қардың астында жатқан балшық, қоқыс, бәрі көріне бастайды... Гүлдену жайлы айту ерте. Зағыпыран, бәйшешек, балшатыр сынды көктемнің алғашқы гүлдерін адамдар нәзік және ебедейсіз әсемдігі үшін жақсы көреді. Сұр-ақ қыстан кейін бұл гүлдердің өзі тым әдемі, әрі әсерлі көрінеді. Жұпаргүл – көктем бітіп, жаздың келгенін білдіреді. Көктемде бірінші болып көлік жүргізушілері ояна бастайды.

Жаңа өмір бастайтын уақыт


Ал ескі өмірді күртік қармен бірге ерісін деп тастайсыз ба? Көктемде спортпен шұғылдану қолайлы дейік, ал қыста ыңғайсыз деп кім айтты? Шаңғы, коньки тебуді ешкім алып тастаған жоқ. Ниеттенсең, әрдайым өзін қалыпта ұстап, көктем, жаз демей, кез келген уақытта мәселені қолға алуға болады.

Мейрамдар шағы

Ертеде барлық той-жиынды күзге – астық жинап, жеміс-жидектің өсетін кезеңіне қалдыратын болған. Ал көктем егін егу мен бақша отырғызатын мезгіл. Алайда, ең ірі мейрамдар көктемнің алғашқы айына келеді. Бұл да маркетингтік тұрғыда біраз ыңғайсыз болғанымен, мейрам болған соң біраз қалта қағуға тура келеді.

Ақылды адамдар аңыздар мен стереотип, стандарттардан тыс өмір сүреді. Бірақ көктемде жаның ерекше жадырап, қуанышқа бөлене бастайсың деген түсінікті неге ойлап таппасқа?

Сурет: good-stud.blogspot.com, triino.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina