Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Виртуалды махаббат

Виртуалды махаббат

Виртуалды махаббат

Суретіңді жақын басам,  

Көрем сосын жасырын...

Келер екен хатың қашан,

Виртуалды ғашығым.

Өткен ғасырларда би алаңында танысу қандай сәнді болса, бүгінгі күні интернет алаңдарында танысып, табысу сондай сәнге айналып отыр. Ыңғайлы әрі қолжетімді құрал "Тағдыр маған екінші жартымды қашан жолықтырар екен?!" деген салмақты сауалды тіптен оңайлатып жібергендей. 

Шынайы оқиға: Қыз бен жігіт танысу сайты арқылы бір-бірімен танысып, ұзақ уақыт сөйлесе бастайды. Ақыры кездеседі. Жігіт суреттегі сұлу қызды күтіп тұрады, қыз да сымбатты жігіт алдымнан қарсы алар деген үмітпен келеді. Соңында екеуінің де қарсы алдарында қарапайым ғана киінген кәдімгі қыз бен жігіт тұрады. Бір-біріне көңілі толмаған екеудің әңгімелері жараспай, кездесулері сәтсіз аяқталады. Бірақ, оқиғалары аяқталмайды. Келесі күні қыз жігітке кездесу туралы ләм-мим деместен хат жібереді. Жігіт те дәл бұрынғыдай сөйлесе береді. Сөйтіп, олар мүлде кездеспеген адамдардай хат жазысып, виртуалды махаббаттарын қайта жалғайды... 

"Ол маған сондай керемет сөздер жазды, өмірімде бұндай сөздерді естіп көрмеппін! Өзі сондай ақылды көрінді!"

Психологтардың айтуынша, Ғаламторда адам шынайы өмірде өзін қалай көргісі келсе, сондай болады. Яғни, ол өз қолынан өзі ұмтылатын образды құрап алады. Махаббат деген тек ақыл-ойдың бір арнада тоғысуы емес, бір-бірін тілсіз түсініп, көзбен ұғу, оның иісіне ғашық болу. Үздіксіз хат алмасудың нәтижесінде бір-біріне бауыр басушылық пайда болып, адамды көрмесең де, оған зәру боп қаласың. Интернетте адамның өзі емес, суреті сөйлейді. 

Интернетке бағынышты адамдар көбіне жаратылысынан тұйық, жабық адамдар болып келеді,-дейді психологтар тағы да. Оларға шынайы өмірде қарым-қатынас жетпегендіктен, жеткіліксіз қарым-қатынастың орнын интернеттегі қарым-қатынас басады. 

Таңғалдырар дерек: Интернет арқылы танысқан екеу кездесіп, жүре бастайды. Сосын үйленеді. Бірақ, олар көбіне екі бөлмеде отырып алып, интернет арқылы сөйлеседі екен. Әлбетте, адам сенгісіз. Бірақ, виртуалды әлемнің күші деген осы шығар. 

"Шын өмірде саған бұрылып та қарамас едім"

Интернет арқылы қарым-қатынас жасағанда адамның бет-жүзі екінші орынға ысырылып қалады. Біз күніне жүз адамды көрсек, оның кем дегенде онымен танысқымыз келеді. Бірақ, оны түгілі, бірімен де таныспаймыз. Яғни, өз-өзімізді шектейміз. Ал интернетте шектеу жоқ...

Интернет арқылы пайда болған махаббат қасіретке әкеледі демейміз. Бұдан ешкім аяғын шалыс басып, өміріне қауіп төндірмейді. Ешкім махаббат үшін өз өмірін құрбан етпейді. Дегенмен, Интернет арқылы қарым-қатынас адамның шынайы өмірде өз тағдырын жасауына кедергі болуы мүмкін. 

Британия ғалымдары интернет арқылы адамды 3 % ғана білуге болады деп отыр. Ал бетпе-бет қарым-қатынас арқылы адамды 70 %-ға тануға болады.

Әлеуметтанушылар интернетті пайдаланатындардың 50 %-ы виртуалды махаббатты бастан кешіргендер дейді. Виртуалды махаббаттың сыры неде? Виртуалды қарым-қатынас адамзат баласын несімен бағынышты қылып отыр? Сіз қалай ойлайсыз?

Сурет: liveseed.net, stopvirtu.ru

8807 26
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 02 мамыр 2012, 14:20
Пікірлер
+0
02 мамыр 2012, 14:37

бір-бірінің алдында міндет, жауапкершілік жоқ, жеңіл, ең қызығы мүлдем танымайтын адамға барлық ішіндегі сырынды айтып саласын-ау))))))))

+0
03 мамыр 2012, 10:27

Тура айттыңыз! Ішкі сырыңды қалай ақтарғаныңды білмей қаласың!

+0
06 мамыр 2012, 17:32

wyn aitasyn

+0
02 мамыр 2012, 14:43

Көзбен көріп, қол алысып танысқанға не жетсін. :roll:

+0
02 мамыр 2012, 14:49

Бір қызық айтайын. Виртуалды бір адаммен сөйлесіп, оған ғашық болдым. Ол да маған ғашық болды :mrgreen: :mrgreen: Содан екеуміз кездесейік деп шештік. Содан кездестік ))) Сөйтсем, қарсы алдымда бұрыннан танитын танысым тұр ) Ол күледі келіп. Ұят-ай :oops: :oops: Содан бері виртуалды әлемнен безіндім :D Виртуалды махаббатты жоқ деп есептеймін :D

+0
03 мамыр 2012, 09:31

Мен сізге қатты ғашықпын!!!

+0
02 мамыр 2012, 14:51

мен сені кезедсуге шақырамын келесин бе

+0
02 мамыр 2012, 19:34

Виртуалды махаббат дегенді мүлдем қолдамаймын және виртуалдағы адамдардың ғашық болуына сене бермеймін. Виртуал басқа. Шынайы өмір бір басқа. Талай ғашық бір бірін виртуалсыз ақ тауып та жатыр. Бірақ адамдар әр түрлі ғой. Кейбірі виртуалда көсіліп сөйлеп отқанмен, шын өмірде тұйықтау болады. Бұндайда олар үшін виртуал ыңғайлырақ қарым қатынас үшін..

+0
02 мамыр 2012, 20:15

менің құрбым нетте танысты бір жігітпе, екі айдан соң кездесті, бір айдан соң шаңырақ көтерді. Сәбилі болды. Қалжыңдап, атын "Мэйл.рубек" қойыңдар деп күлген едік)))

+0
02 мамыр 2012, 20:29

"Мэйл.рубек" :lol: :lol: :lol:

+0
07 мамыр 2012, 18:54

Агентбек койсын

+0
02 мамыр 2012, 23:51

виртуалдық махаббат шынайы болады дегенге кім сенеді?????? :?

+0
03 мамыр 2012, 07:50

бірде аузым күйген....шынайы ғашық болдым сол бір жанға....бірақ...тағдыр жазуы емес екен....ал қазір сол виртуалды әлем көмегімен танысқан адамыммен бақыттымын! ИншАллаһ!

+0
03 мамыр 2012, 10:29

Әрдайым болмаса да мұның аяғы шынайы қарым-қатынасқа айналып кетіп жатқанын, жастардың бақытты шыңырақ көтеріп жатқанын көріп жүрміз ғой, бес саусақ бірдей емес дегендей, адамдарда бірдей емес... Мен сенемін!

+0
03 мамыр 2012, 23:22

"виртуальный махаббат - махаббаттың патшасы",- боп тұр ғой қазір)

+0
03 мамыр 2012, 23:29

Сенбеймін! Вируалды махаббат - вата!!!

+0
04 мамыр 2012, 19:50

менің ойымша, жігітке байланысты....монитор арқылы тілдеспей, шынайы кездесіп....жүздескен жөн....Жігіттер біраз батылдау болу керек!!!!

+0
04 мамыр 2012, 00:06

Салем достар! Ол әркімнің өзіне байланысты сиякты. Санасына берсин дид гой**Казирги кезде сол виртуалды махаббат аркылы да уйленип бакытты болып жатырган барго

+0
05 мамыр 2012, 17:52

Әркім өз қалауы бойынша өмір сүреді ғой. Жеке басым қолдамас едім. Шынайылыққа, бетпе-бет жүздесіп, сырласқанға не жетсін?!

+0
07 мамыр 2012, 18:55

ана кыз монитордын ар жагында тржаланаш отырго :lol:

+0
08 мамыр 2012, 22:50

Виртуалды махаббат ұзаққа бармайтын сиякты...Олар тек бір бірінің сыртқы келбетіне ғана ғашық болушыларғой

+0
11 мамыр 2012, 01:29

Любовь бывает разной... в том числе и виртуальная... кому-то везет, а кому-то нет :)

+0
21 мамыр 2012, 01:46

негизи менде осы менде агент аркылы таныстым жигитиммен, 1 айдай сойлестик бирак кездесуге уакыт табылмайтын екеумизде де. айтеуир бир куни кездестик ау. ол оте карапайым менин конилимнен шыкты. ол да мени унатып тым тез кабылданган шешим арине бирак ол сразу усыныс жасады. мен де унаттым ашык жаркын иманды жигит болгансон келисимди бердим. казир кудайга шукир 6 айдан асты бир биримизди жаксы тусинемиз ешкашан урсып кырылмаймыз тек болашагымызды ойлап.......... жакында ата аналарымызда жолыкты.. енди бари тойдын камымен жур..... бари сурайды кайда таныстындар деп кейде шынымды айтсам уялыыыыып кетемин. :(

+0
26 ақпан 2013, 09:40

Ol adamnyn ozine bailanysty dep oilaimyn! Menin bir tanys dosym bir jigitpen agent arkyly tanysyp sonynda ekeui uilendi. Kudaiga shukur toilary ote zhogary dengeide otti.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...