Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сыйлық сыйлау мәдениеті

Сыйлық сыйлау мәдениеті

Сыйлық сыйлау мәдениеті

Көп адамдар сыйлық сыйлағанды жақсы көрмесе де, оны алуды ұнатады. Соңғы рет қашан сыйлық алып немесе біреуге сыйлағаныңыз есіңізде ме? Алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесінде жаныңызға жақын адамдарға сыйлық жасауды ұмытпаңыз. Осыған орай сыйлықтарды дұрыс сыйлаудың бірнеше тәсілдерін ұсынамыз:

Орама

Сыйлықтың қорабы болса да, сыртынан орама қағазбенен орағаныңыз оны сыйлау үшін ұзақ дайындалғандығыңызды көрсетеді. Мысалы, әтір. Ол үшін гүл сататын дүкендерде арнайы қағаздар сатылады. Алғашында газеттің көмегімен орап үйренуіңізге болады. Бағасы да қолжетімді.


Сыйлықты бөліп сыйлауға бола ма?

Мысалы екі түрлі сыйлық сатып алдыңыз. Бірі – жылы жемпір, екіншісі – ұялы телефон болсын. Бірінші ұялы телефонды секілді қомақтысын сыйлап, артынша келесі сыйлықты қосымша ретінде таңертең немесе кешкі мезгілде ұсынуыңызға болады.

Барлығына бірдей сыйлық

Мектептерімізде қалыптасып қалғандай ұстаздардың барлығына бірдей сыйлық жасау шарт емес. Әр адамның талғамы өзгеше болады. Сыйлықты сол талғамдарды ескере отырып сыйлаған жөн. Ал тобыңыздағы студент құрбыларыңызға бірдей сыйлық сыйласаңыз, көңіл-күйлері көтеріліп қалады.

Кімге қандай сыйлық?

Киім, аксессуар, косметика сынды сыйлықтарды жақын адамдарыңызға ғана сыйлаңыз. Және жақын адамдарыңыздың өздері қалап жүрген сыйлықтарын алып беруге тырысыңыз.


Біреу берген сыйлықты өзге адамға сыйлауға болмайды

Сыйлық ұнамаған жағдайда оны өзге біреуге сыйлаудың қажеті жоқ. Солай жасағаныңызды байқап қалса, сізге екінші рет сыйлық сыйламайтын болады. Мысалы, шет елдерде ұнамаған жағдайда ауыстырып алу үшін сыйлықты чегімен бірге сыйлайды.

Уақыт пен ақшаңыз жетпей жатса

Ақша аз деп қажетсіз дүниені сатып алғанша, достарыңызбен бірге қосылып сыйлық сатып алыңыз. Әрі сыйлыққа уақыты бос адам барады.

Жаңа жылға арналған сыйлық

Жаңа жыл мерекесіне ортақ сыйлықтарды сыйлап, бір сыйлықпен бірнеше адамды қуантуға болады.


Күнделікті тұрмыста қолдануға болатын сыйлықтарды сыйлау

Жуынуға арналған құралдарды, принтерге қажетті картридж сынды сыйлықтарды тек жақын адамдарымызға сыйлағанымыз жөн. Сыпайылық үшін ашық хаттар мен тәттілерді қосып қоюға болады.

Барлығы уақыттың еншісінде

Сыйлықты сыйлау үшін оңтайлы сәтті таңдай білген жөн. Сыйлық «Міне, мынау саған» деген сөздермен емес, ерекше тілекпен бірге сыйлануы тиіс. Бұл үшін арнайы жазылған кітаптар бар. Әдетте сыйлықты сол қолмен ұсынып, оң қолмен қол алысады немесе құшақтайды.

Гүл ме сыйлық па?

Атаулы мерекелерде сыйлықты гүлмен бірге сыйлау керек. Гүлдің тек қосымша сыйлық ретінде ғана сыйланады.


Ерекше сыйлық сыйлауға ұмтылу

Дәрігерлер мен ұстаздар шәкірттері мен науқастарынан шоколад кәмпиттерді алып үйреніп қалғандықтан, олар басқа сыйлықтарды күтеді. Сол себепті қолға түскен сыйлықты ала салуға болмайды.

Сыйлық сыйлап тұрып тілек айтуға қысыласыз ба?

Ондай жағдайда шын жүректен шыққан тілектеріңізді ашық хаттың ішіне жазып, сыйлықтың арасына салып қойыңыз.

Абай болыңыз!

Кейде көңіл-күйі көтеріліп қалар деп сыйлаған сыйлықтар ренжітуі мүмкін. Әсіресе, бұндай сыйлықтарды көпшіліктің жақсы ықыласына бөленіп жүрген адамдарға сыйлауда абай болыңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: unipac.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2013, 19:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.