Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өмір сүрудің алтын қағидалары

Өмір сүрудің алтын қағидалары

Өмір сүрудің алтын қағидалары

Өмірдің өзі тұнып тұрған ереже. Толған қағида. Ереже адамның бақытқа жетуі үшін де құралады... Оймақтай ой кейде біреудің өмір бойы айта алмай жүргенін жеткізіп, адамның ғұмырлық ұстанымына айнала алатын құдіретке ие... "Пешенемізге жазылған осы тағдыр болса, қайтеміз?!" деп күйінбестен бұрын, өз болмысыңа үңіліп көр...

1. Айна ұстанымы. Біреуді сынамас бұрын, өзіңе назар сал.

2. Адамгершілік ұстанымы. Саған біреу жақсы қараса, сен оған одан да жақсы қарасаң, ол адамның алдында бір сатыға өсесің.

3. Бумеранг ұстанымы. Біреуге қол ұшын созу - өзіңе көмектесу.

4.Алмастыру ұстанымы. Біреуді орнына қоймастан бұрын, өзіңді оның орнына қойып көр.

5. Оқу ұстанымы. Кез келген адам сені әйтеуір бір нәрсеге үйрете алады.

6. Ситуация ұстанымы. Ситуация ешқашан сенің жылы қарым-қатынасыңнан биік тұрмасын.

7. Окоп ұстанымы. Шабуылға дайындалсаң, окопты қасыңа досың сиятындай етіп қаз.

8. Қолжетімділік ұстанымы. Қарым-қатынасқа оңай болсаң, саған адам үйірсек болады.

9.101 пайыз ұстанымы. Өзіміз қалаған 1 пайызды тауып алып, оған 100 пайыз еңбек салу керек. 

10.Шыдамдылық ұстанымы. Басқа біреуді қасыңа ертіп саяхатқа шыққанда, жалғыз жүргеннен гөрі ақырын жүресің...

11. Тойлау ұстанымы. Достықтың қаншалықты шынайы екені қайғырған сәтте ғана емес, қуанған сәтте белгілі болады.

12. Үндемеу ұстанымы. Айтарың жоқ болса, үндемей отыр.

13. Өтірік айту ұстанымы. Адамдардың саған өтірік айтуына мәжбүрлеме.

14. Тепе-теңдік ұстанымы. Өзің үшін маңызды нәрселерді тепе-теңдікте ұстауға тырыс. Жұмыс пен жеке өмірді қатар алып жүруге болады.

15. Бағалау ұстанымы. Алдымен өзіңді бағалай біл. Өз әрекетіңе сырт көзбен қарап үйрен.

16. Тану ұстанымы. Өз-өзіңді тану. "Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейді қазақ. Әлің жететін нәрсеге ғана күш-қайратыңды жұмса, шамаң жетпесе, бастама.

17. Жүрекпен жұмыс істеу ұстанымы. Не нәрсені де, асқан құлықпен, ерекше ниетпен атқаруға тырыс. Жүрексіз істелген жұмыстың нәтижесі жемісті болмайды.

18.Рухани байлық ұстанымы. Бақытқа жетем деп ұмтылған адамға тамақ қандай керек болса, рухани байлық та сондай керек.

19. Келісім ұстанымы. Сәтсіздікке жолықсаң, келіс. Өміріңе мойынсұна біл...Ми қиындықта шынығады, қиындық көруден қашпа...

20. Сөйлеу ұстанымы. Біреуді сынап-мінеудің орнына, жақсы сөздер айт. "Жақсы сөз-жарым ырыс". Жақсы сөз айтқан сайын, адамның өмірі жақсарады.

Ал сенің алтын қағидаң қандай?

сурет: nitki.net

6907 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 20 сәуір 2012, 08:10
Пікірлер
+0
20 сәуір 2012, 09:16

менің қағидам: мақсатқа жетпей талма :) 16 ұстаным ұнап тұр ;)

+0
20 сәуір 2012, 10:06

Скарлетт О’Хараның "Мен бұны ертен ойланамын" (Об этом я подумаю завтра))))))) қатты қиналып кетсем, бұлда өтер деймін және ең үлкен ұстанымым барлығын жеңіл қабылдап, өзіме күле білу :!:

+0
20 сәуір 2012, 12:16

3 пен 4-ті ләйім ұстанамын, 14жайлы ойлану керек, 20мен жайлы :!:

+0
20 сәуір 2012, 18:59

Оқып отырып ұялады екенсің өз қылықтарыңа :oops:

+0
20 сәуір 2012, 19:39

Тамаша қағидалар екен, әлемдегі барлық адамдар осы қағидалармен қмір сүрсе, өмір ғажап болушы еді!

+0
21 сәуір 2012, 15:00

менің қағидам: БӘРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ, ТЕК ОНЫ ШЫН КӨҢІЛМЕН ҚАЛАУ КЕРЕК :!:

+0
18 мамыр 2012, 22:41

менің ұстанымым күліп қараған адамға күліп қара,көз алартқандарға өшікпе әлі алдыңа жыламсырап келет :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...