Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Іскер әйелдің әлсіздіктері

Іскер әйелдің әлсіздіктері

Іскер әйелдің әлсіздіктері

Сіз үйді де, түзді де тасқайрақтай қағыстыратын пысық әйелсіз бе? Отбасы табысын қатаң қадағалап, өмірден не қажет екенін анық біліп, ақшаны күйеуіңізден көп табасыз ба?

Пысық әйелге тап болған еркекке көбі қызыға қарайды. Үйі мұнтаздай таза. Сол еркектің киімі үтіктеулі, тамағы тоқ. Дегенмен, ылғи бір нәрсеге көңілі толмайды... Әрине, отбасында билігі жүрмегендіктен, еркек қынжылады. Мәселені шешудің оңай жолы: «Қымбаттым, сенің қолыңды кім байлады?», - деу шығар. Бірақ мұндай әңгіме ешбір еркекке ұнай қоймас, қайта ашуын тудырасыз. Барлық жасағаныңды ешкім бағаламаса, өзіңе де оңай емес, көңіліңе тиеді. Ал ол мойныңа мініп алса да, разылығы жоқ.

Сонша күш пен уақытыңызды жұмсаған қарым-қатынасқа сызат түседі деп қорқасыз.                                                                                                                                                                                

Бірден қолынан түк келмейтін мардымсыз жан кейпіне ауысудың қажеті жоқ. Еріңізбен кімнің неге жауапты екенін анықтап, келісіп алған дұрыс. Айтпақшы, жұмыстарыңыз түрлі саладан болған адаммен мұндай жағдай болмауы мүмкін. Сіздің қолыңыздан келмейтін жұмысты атқара отырып, ер адам өзін жайлы сезінеді. «Іскер әйел» кейпіңізді табалдырықтың ар жағында қалдырғаныңыз жөн. Өзгелер қорқақтайтын әйелдің оның қасында жібектей болғаны әр азаматтың жанына балдай жағады.

 Пысық әйелдің балалары – әрдайым кеудемсоқтық жоба          

Сіз балаларыңыздың жақсы білім алып, өте тәрбиелі болып өсуі үшін, еш нәрсені аямайсыз. Бірақ қатал анасының балалары бақытты балалық шағынан айырылуы мүмкін. Кішкентай балаларыңыз сіздің махаббатыңыз оларға емес, тек белгілі бір жетістіктеріне арналады деген ойға келуі де ғажап емес. Және қатал ата-ананың балалары мектеп неврозына жиі шалдығады. Себебі, әрбір нашар баға үйде үлкен сөгіс не жазамен аяқталады. Дегенмен, бұдан өзіңіз де жапа шегесіз.

Талабыңызды жоғарылата отырып, «Баламның оған әлі жетеді ме?» - деп өзіңіз уайымға салынасыз. Уақыты келгенде, балаңыздың неге икемі барын байқап анықтаңыз. Сонда ол өзі қалаған нәрсемен шұғылданып, ал сіз оның жетістіктеріне қуанып жүресіз.

Жұмыстағы ұжымыңыз – нағыз талантыңыздың жемісін көретін жеріңіз.

Себебі, сіз еңбекқор, қатал және мансопқор адамсыз. Тіпті қол астыңыздағылардың барлығы әрдайым жұмысқа мерекеге барғандай, қуана келмеуі мүмкін. Оларды кейде арамтамақ ретінде көріп, тәртіпке шақырып, ашуланасыз. Дегенмен, артық эмоцияға берілмей, өз денсаулығыңызды ойлаған дұрыс.

Әр жағдайды ақылға салып, байсалды пысық әйел бола біліңіз.

Сурет:  ImageSource/Fotolink              

8862 1
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 15:30
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 15:57

Массагеттің "Бастаңғысы" арқылы кремет келіншек болатын түріміз бар, құдай қаласа! :? Керемет мақала!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...