Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қан тобыңыз қандай?

Қан тобыңыз қандай?

Қан тобыңыз қандай?

Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен.

Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан – кез келген адамға құюға лайық болып табылады.

Қаны екінші топтағылар ерекше ұқыпты, жүйелі істі қалайтын және өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие болып келеді. Мінездері өте жайлы болғандықтан, кез келген ортаға тез сіңісіп кетеді. Мінездеріндегі және бір ерекшелік, қиналса да, күйзелсе де, сыртқа білдірмеуге тырысады, сырт көзге бәрін жақсы сияқты көрсетіп, не болса да, ішіне сақтап, ештеңе білдірмей жүре береді. Бірақ, бір көтерілсе, ашуымен тау қопара алады екен.

Үшінші топқа жататындар – нағыз шығармашылық адамдары. Жан дүниесі қиял мен фантазияға бай, оларды өзі кіріскен іске барынша қолдануға тырысатын жан. Алайда бір кем тұсы – өте тұйық, адамдармен тіл табысуы қиын болып келеді. Қиялшылдығынан болар, көпшілік ортасынан гөрі, оңаша болғанды ұнатады. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен, олардың ішінде алай-түлей дауыл соғып тұрады.

Ең сирек ұшырасатын қан тобы – төртінші топ болып табылады. Бұл қан тобының иелері – таптырмас ұйымдастырушылар. Мінезі адал, ақ көңіл болып келетін бұл жандар әрқашан көпшіліктің ортасында жүреді. Бір кереметі, адамдарды ешбір алаламай араласатын болғандықтан, олар кез келген ортаның ішінде бойы озық тұратын, отырыстың гүлі болып келеді.

Сурет: medanalises.net

13322 25
Рейтинг: +6

Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 21:08
Тегтер: мінез, қан тобы,
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 22:50

Әр топтың өзінің ерекшеліктері бар екенін білмеппін...

+0
13 сәуір 2012, 00:20

4-топ қой. Сирек кездеседі дей ме?

+0
13 сәуір 2012, 01:08

Менікі бірінші топ 8-)

+0
13 сәуір 2012, 09:45

менікі 3-ші топ отрицательный :idea:

+0
13 сәуір 2012, 09:48

екінші топ))

+0
13 сәуір 2012, 09:51

Менікі екінші топ, қанның мінезге қатысы барын білгеніммен қандай мінездегі адамдар екенін білмейді екенмін ) Біліп жүретін дүние екен ))

+0
13 сәуір 2012, 10:01

менікі 1-ші топ, ең қызығы 1-ші топтағы қанды кез келген тоқа құюға болады, ал 1-шіге тек қана 1-шіні :( әділеттік қайда))))))))))))))

+0
13 сәуір 2012, 10:44

менікі екінші топ-ау, мінезге байланысты айтып отырғаным ғой, анализ атпсырғанда сұрап көрсмесем нешінші топ деп :)

+0
13 сәуір 2012, 13:48

ал мен осы күнге дейін білмеймін, кімнен барып сұраса болады? қалай білуге болады? :D

+0
13 сәуір 2012, 13:51

Кез келген дәрігерлік тексеруге барыңызда қан тапсырыңыз, айтып береді :mrgreen:

+0
14 сәуір 2012, 16:59

Поликлиникага барып резуска анализ тапсырыныз

+0
20 сәуір 2012, 00:21

Әкеңізден сұраңыз, әке мен бала арасында қан бірдей

+0
13 сәуір 2012, 15:44

менікі 3 топ, туп-тура мені айткан екен :D

+0
14 сәуір 2012, 17:00

Меники 4, тура сонда айтылгандаймын )))

+0
14 сәуір 2012, 21:19

Менікі төрт, медицинада төрттердің жайы қиын білем...

+0
14 сәуір 2012, 21:24

2 топтанмын ;)

+0
14 сәуір 2012, 23:58

мен қаншасыншы топқа жататынымды білмейді екенмін, қанша рет қан тапсырып жүрсемде сұрамаппын))) :roll:

+0
17 сәуір 2012, 15:06

білмиді екем,ал мінез жағына келер болсақ 3ші топқа жақын шығармын

+0
23 сәуір 2012, 19:08

3-топқа жатам. Тура мен!)))))

+0
25 қараша 2012, 20:14

1-ші топ қаным :)

+0
25 қараша 2012, 20:23

1-ші топ көшбасшыларындан боламын :D

+0
01 қыркүйек 2014, 15:49

4-топ ;)

+0
01 қыркүйек 2014, 21:40

IV+

+0
13 қаңтар 2015, 12:27

4+ келісемін)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...