Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздың мінезін қол сағатынан таны

Қыздың мінезін қол сағатынан таны

Қыздың мінезін қол сағатынан таны

Қыз-келіншектер тағатын сағат тек уақытты білу үшін тағылатын құрал міндетінен өсіп, ерекше стильді аксессуар ретінде қолданыла бастады. Қолына таққан сағатына қарап, иесінің ішкі жан-дүниесі туралы ақпарат алуға да болады екен. Ендеше, сағат пішіндері нені білдіретін туралы толығырақ анықтайық.

Мысалы, әйел қолындағы классикалық қымбат сағат оның табыстылығы мен өзін жоғары бағалайтынын білдіреді. Мұндай әйел жоғары қабілеттілігімен, тәртіптілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ол өз уақытын және өзін бағалай біледі, әрдайым жаңа жетістіктерге ынталы болады.

Ерекше пішінді, әдеттегіден тыс дизайнды сағат таңдайтын қыздар оғаш қылық көрсете алатын бірқилы адамдар қатарына жатады. Мұндай сылқымдар өмірді мысқылмен қабылдап, көңіл көтергенді ұнатады. Және олар көбіне құбылмалы мінезді келеді.  

Өмірде тұрақтылықты бағалайтын нәзік жандар көбіне шаршы пішінді қатаң сағаттарды тағады. Мұндай әйелдер өз ісінде нақты, қайсар болып келеді. Олар - еңбекқор, қадамын алдын ала пайымдап барып басатын жандар. Белгілі бір мәселеге өз жеке ойын қалыптастырса, оны өзгертуі екіталай, сол пікірін «есектей» қисықтық көрсетсе де, мойындатады. Оған қоса, шаршы пішінді сағат таңдайтын қыз-келіншектердің өздерін не өз өмірін өзгертуі өте сирек кездеседі екен.        

Дөңгелек не сопақша келген сағат қиялшыл жандардың көңілінен шығып жатады. Әдетте мұндай әйелдер өте сезімтал және аңқау болады. Десек те, олар - адаммен тез тіл табыса алатын, қолынан келгенін аямайтын адамдар.     

Егер әйел көлденең тік төртбұрыш пішінді сағат таңдаса, ол тым консервативті және өзгеріс пен жаңалыққа ынтасыз келеді. Мұндай жанды өзіне бейтаныс әрекет жасау үшін «орнынан тұрғызу» өте қиын. Есесіне, ол темірдей төзім мен таңғаларлық шыдамдылығымен мақтана алады.      

Тігінен бекітілген тіктөртбұрыш пішінді сағаттарды ызақор және атаққұмар қыздар жиі таңдайды екен. Мұндай қыздар мақсаттылығымен ерекшеленеді. Олар – өте сенімді серіктес және даулы мәселелерден алшақ жүретін жандар.   

Қисық пішінді сағаттарды тұрақсыз қыз-келіншектер алады. Мұндай аксессуар иелері өз әдеті мен әуестерін жиі өзгертіп, мың құбылып жүреді. Олардың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуі өте сирек кездеседі, көбіне бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Олар өте әсершіл және жақсы дамыған интуициялы адам болып есептелінеді. Тек сол интуициясы мен ерекше ойлау қабілеті арқылы мұндай жандар кез келген жағдайдан оңай шыға алады.     

Ал егер әйел адам сағат таққанды мүлдем ұнатпаса қалай? Бұл - әйелдің уақытқа тәуелсіз, жайбарақат жан екенін білдіреді. Екінші жағынан, қазір бірталай іскер әйелдер де қолына сағат тақпайды, уақытты білу үшін олар қалта телефонын қолданады.

Ал сіздің сағатыңыз қандай?    

Сурет: girls-girls.ru

5271 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 16:35
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 18:02

Менің қолымдағы сағатым дөңгелек екен :)

+0
11 сәуір 2012, 18:09

Менің сағатым төрт бұрышты екен, бірақ көлденеңба әлде тік төртбұрыштыма ол жағын ажырата алмаймын..... :D

+0
11 сәуір 2012, 18:44

уошым шаршы пішінді ғо :D

+0
11 сәуір 2012, 18:47

Жаман жазбапты иә, десең :lol:

+0
11 сәуір 2012, 18:51

бекерге стерва атап жүрген жоқ екен деп қалдым ғо :lol:

+0
11 сәуір 2012, 18:28

мен қолыма блезік не сағат тақсам, тынысым тарылады да, шешіп тастаймын))))

+0
11 сәуір 2012, 18:52

сонда сағат тақпайтын адамдар қандай екен???

+0
11 сәуір 2012, 20:01

әдемі, ақылды, көркем, тамаша, әсем, сұлу...мммммм, иә, иә өте сыпайы))))))))

+0
12 сәуір 2012, 00:23

АЛ СПОРТИВНИ сағат тағатындар кандай болады екен?
:?:

+0
12 сәуір 2012, 11:15

білезіктер таққанды жақсы көремін ;) , бірақ сағатты мүлде таға алмаймын :roll: , тақсам сындырып аламын :(

+0
12 сәуір 2012, 17:19

мен вообще сагат тага алмайм жане де такпайм, суйген жигитим сагат сыйлаган бирак жогалтып алдым :cry:

+0
13 сәуір 2012, 00:18

Менікі классикалық үлгідегі сағатқа жатады және ол бұл әлемде жалғыз. Себебі, тапсырыспен жасалған,-деп мақтанып қойсаң,,,,,,,

+0
14 сәуір 2012, 16:08

Классикалык сагат, сыйлык негизи, озим тандамагам, сынып калды да уйде жатыр, енди сагат сатып алсам кайсысы унар екен, коремиз.

+0
14 сәуір 2012, 23:46

мүмкін, бірақ қайдам! бәрі сағатқа, затқа байланысты бола берсе... :!:

+0
20 сәуір 2012, 09:58

ЕН СОНЫНДА САГАТТЫ МУЛДЕМ ТАКПАЙТЫНДАР ЖАЙЛЫ ЖАЗУ КЕРЕК ЕДИ :geek: :geek:

+0
23 сәуір 2012, 19:12

шаршы пішінді қатаң))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет
Ақыл деген қасиет

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...