Өмір мен жұмыс арасында теңгерім табудың 5 тәсілі

Өмір мен жұмыс арасында теңгерім табудың 5 тәсілі

Егер сіз тым көп жұмыс жасайтыныңызды сезініп, жұмыс орныңыздағы үлкен талаптар мен қалған өміріңіздің арасында бұлтару қиындап кеткенін түсінсеңіз, сіз жалғыз емессіз. Көп адам жұмыс пен жеке өмір арасында теңгерім таба алмай, торығып жүр. Психологтардың пайымдауынша, жақында болған дағдарыстан кейін адамдар жұмыссыз қалудан қорқып, қызметіне көп уақыт бөледі екен.   

Жұмыста өткізетін уақытыңызды өзгерте алмағанның өзінде, өз өміріңізді қызықтыра түсудің амалын ойластырыңыз. Өзіңіздің қолыңыздан келетін нәрсеге назар аударыңыз.

Сонымен, сіздің күнделікті өміріңізді теңгерудің бес тәсілін ұсынамыз:

1. Өз кестеңізде үзілістерді жоспарлап қойыңыз

Бір аптаға жоспар құрғанда, міндетті түрде отбасы мен достарыңызға және өзіңіздің демалуыңызға уақыт бөліңіз. Егер күнтізбеңізде сүйіктіңізбен романтикалық кеш немесе достарыңызбен футбол қарау белгіленгенсе, бұл сіз үшін өз уақытыңызды дұрыс басқаруға қосымша ынталандырма болмақ.

         Психологтардың айтуы бойынша, бұл жоспарлауды өз қолыңызға алуға көмектеседі. Құрбыларыңызбен кездескенде, қалта телефондарыңызды немесе күнделігіңізді алып, күнтізбеде бір айдан кейін жаңа кездесуді белгілеп қойыңыз. Сонымен қатар, әр жексенбі күні отбасымен бірге демалуды, кино немесе саябаққа баруды әдетке айналдырған дұрыс. Егер бұл сіздің кестеңізде болмаса, уақыт зулап өтіп, демалыс күніңіз ұсақ-түйек шаруамен өтіп кетеді. Көп адам таңмен оянғанда, душ қабылдап, таңғы кофені бір ұрттап, жұмысқа жөнеледі. Және олар ештеңеге үлгермейтінін айтып, жиі шағымданады. Мысалы, жаттығу жасап, немесе балаларыңызбен бірге таңғы ас ішу үшін, үйден шығатын уақыттан үш сағат бұрын тұруға болады. Осы таңғы сағаттар сізге жайлы және өнімді жұмыс жасауға көмектеседі.      

 

2. Уақыт пен жігерді босқа ысыраптау деп санайтын жұмыстарыңыздан бас тартыңыз.    

Көп адам өз уақыттарын түк пайдасы жоқ жұмыстармен немесе адамдармен өткізеді. Мысалы, жұмыста әңгімесі көп әріптесімен көп уақытын босқа ысыраптайды. Психологтар мансабыңыз бен жеке өміріңізге қатысы жоқ істерді тізімдеп шығып, оларға бөлінген уақытты барынша азайтуға кеңес береді.  

Өз-өзіңізді қолға алып, ғаламтор мен әлеуметтік желіге, жеке телефон қоңырауларына, есепшотыңызды тексеруге жұмсайтын уақытыңызды қысқартуға тырыссаңыз, жұмысыңызды ерте аяқтауыңыз әбден мүмкін. Біз кейде өзіміз байқамай, жұмысымызды өнімсіз ететін жаман әдеттердің қақпанынан шыға алмай жатамыз.   

3. Жұмыс тізімін қайта қараңыз

Көп уақыт алатын үй шаруасы немесе өзге қарапайым жұмыстарды басқа біреуге тапсыру мүмкіндігін қарастырыңыз. Азық-түлікті ғаламтордан сатып алуға немесе үйге жеткізу қызметіне телефон соғуға болады ма? Балаларыңызды балабақшаға апару үшін көршіңізді жалдай аласыз ба? Киім-кешекті үйге жеткізетін химиялық тазалау қызметін қолдана аласыз ба? Сіздің бюджетіңіз кішкентай болғанның өзінде, кейін үнемделген уақыт сол ақшаға тұратынын түсінесіз. Сонымен қатар, достарыңызбен өзара көмек алмасуыңызға да болады. Өзіңізге ұнайтын немесе бәрібір жасайтын істі жасап беруді ұсыныңыз. Мысалы, сіз саяжайға арналған көшеттерді өсіріп беруді балаларды бағу қызметіне ауыстыра аласыз. Немесе, егер сіз тамақ дайындағанды жақсы көрсеңіз, сіздің мамаңызды әуежайдан қарсылап алғанына жауап ретінде, достарыңызға бірнеше тамақ түрін пісіріп беруге болады.           


4. Спортпен шұғылданыңыз

Кестеңіз лық толы болса, спортқа уақыт табу өте қиын. Бірақ сарапшылар мұның маңыздылығын ескертеді. Себебі, дене шынықтыру күш-жігеріңізді, ойыңызды жинақтау мен жұмыс жасау қабілетіңізді арттырып, ақыр аяғында бәрібір көп жұмыс жасауға көмектеседі. Алдыңғы күні тапсырылуы қажет жұмысты бітіруге жарты сағат уақыт табу үшін, спорттан бас тартсаңыз, сіз бәрібір жақсы нәтиже де шығара алмайсыз, хал-жағдайыңызды да жақсартпайсыз.    

Сізге аптасына екі-үш рет отбасыңыз оянғанға дейін, таңертең жүгіруге болады. Бұл көңіл-күйіңізді жақсартып, күні бойына сергектік сыйлайды. Және тек өзіңізге арнаған кішкене уақытыңыз болады.     

5. Сәл ғана босаңсудың өзі жұмыс жасау қабілетіңізге жағымды әсер ете алуы мүмкін екенін естен шығармаңыз

Өзіңіз бен жақындарыңызға уақыт табу үшін көп күш жұмсау қажет деп ойлап, уайымдамаңыз. Қолыңыздан келетін іс-әрекетті жоспарлауға кеңес береміз. Мысалы, тым болмаса аптасына бір рет кеңседен ерте кетуге болады. Кестеңізге өзіңізге расымен маңызды істерді біртіндеп енгізіңіз. Мысалы, аптасына бір рет өз хоббиіңізге уақыт бөліп, немесе жылына бір рет отбасыңызбен демалуды жоспарлаудан бастауға болады. Сарапшылар аса ауыр және қызу күннің өзінде әркім өзі жігерленетін іске 10-15 минут уақыт таба алатынын айтады. Ванна қабылдап, кітап оқып, серуендеп, немесе әуен тыңдаңыз. Бастысы, өзіңіз ләззат алатын істерге әрқашан уақыт таба білуіңіз маңызды.             

Суреттер bigbord.net, psih.biz сайттарынан алынған