Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Карьерист деген кім?

Карьерист деген кім?

Карьерист деген кім?

Бұған дейін циник, эгоист туралы айтып өткен едік. Бүгін карьерист туралы аз-кем әңгіме өрбітеміз. 

Сәттілік баспалдағымен өсіп, қызмет бабында жетістік жалауын желбіреткен кез келген адам туралы "карьерист" дей бермейді. Әлбетте, ол туралы "жетістікке жетті", "карьера жолы сәтті болды" деген сияқты әңгімелер айтылуы мүмкін. Ал "карьерист" сөзі мақтау сөз емес, керісінше, даттау сөзі деуге келеді. Өйткені, карьерист - қызмет баспалдағында қандай жолмен болса да, өсуді көздейтін адам. 

Карьерист - күрескер. "Гладиатор" киносындағы Максимус қолбасшы есіңізде шығар? Колизей мен Рим аренасына басқа гладиаторлармен бірге оны да ерлікпен қаза табуға жібергендегі қолбасшының іс-әрекеті карьеристің нақты анықтамасындай. Міне, осылайша карьерист өз қателіктерін екінші рет жібермеуге тырысып, біреудің қателіктерінен өз карьерасын құрады. 

Мен карьеристпін бе?

Әлбетте, жұмыс бабымен өсіп, жақсы жалақыға ие болуды кім арман етпейді дейсің? Дегенмен, карьерист қызметтік жолында адамгершілік, ар мәселесін екінші орынға ысырып тастап, көздеген мақсатына мезгілінен бұрын жеткісі келіп жанталасады. Яғни, карьеризм - адамның өмірлік құндылықтарының жүйесі, яғни бақытқа материалдық игілік тұрғысынан баға беру. 


Карьера барысында адамдар түр-түрге бөлінеді. Мысалы:

  • Билікқұмар. Билікқұмар адам үшін бірінші орында қызмет, титул. Француз ақыны Поль Валерии айтпақшы, "Жауыз күшті қолданбаса, билік әрін жояды".
  • Профи - алдына қызықты кәсіби тапсырмалар қойып, өз ісінің мамандары арасында қолдауға ие болу үшін ұмтылады. Билікке құмар емес болса да, оның негізгі мақсаты - кәсіби білікті мамандар арасында өзін мойындату. 

Карьеристің бірі билікқұмар болса, бірі профи. Тереңірек үңілсек, карьеристке әр баспалдақты аттаған сайын оған түсетін пайда маңызды. Сондықтан оны "Мен карьеристпін бе?" деген сұрақ емес, "Маған карьера неге керек?" деген сауал көбірек толғандырады. 

Карьеристің ішкі күші мықты. Ұраны: "Дереу осы жерде!" Психологтардың айтуынша, олар тек жақсы қорытындыға сенеді. Яғни, өздеріне бек сенімді. "Таяқтың екі ұшы болатыны" секілді, карьерист болудың да екі жағы бар. Жақсы жағы - ол мақсатқа ұмтылғыш адам. Алдына нақты мақсат құрып, сол жоспардың жолымен жүреді. Сондай-ақ, тәуекелге баруға дайын. Ішкі түйсігіне сеніп, басын бәйгеге тігеді. Жағымсыз тұсы - осы жолда кесе-көлденең  тұрған кез келген адамды итеріп жіберіп, адамгершілік сезімінен аттап өту олар үшін түк емес. 

Сіз карьеристсіз бе? Карьерист болған дұрыс па, бұрыс па? Не дейсіз?

Сурет: newme.biz, manchick.ru

11733 8
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 сәуір 2012, 16:16
Пікірлер
+0
09 сәуір 2012, 16:30

Әркім өз әлінше тырбанған заманда карьерист болмасаң, тағы болмайды. Бірақ, мен үшін ең бірінші орында адамгершілік :roll:

+0
09 сәуір 2012, 17:35

Шүкір, мен карьерист емеспін.))

+0
09 сәуір 2012, 20:49

Мені өмірдің өзі карьерист етті... Мансап қуып кетем деп мүлдем ойламадым...Карьерист, оның ішінде билік ұумағаны шығармын. Құда
Бірақ, карьеристтер өз қамын ойласа да, қоғамға пайдасын тигізіп жүр, жақсы қаражат тапқандары туғандарына көмектесіп жүр.

+0
09 сәуір 2012, 20:50

Құдай бір жағын берсе, бір жағын бермейді дейді! Көбіне карьера қуып кеткендердің жеке өмірде жолдары болмай жатады. Мені осы алаңдатады... :roll:

+0
09 сәуір 2012, 20:50

Қумағаны дегенім...

+0
09 сәуір 2012, 22:38

карьерист емеспін, студентпін, жұмыс бабына кіргенде карьеристпін бе, жоқ па көре жатармыз :lol: :lol: карьерист болмас едім :!:

+0
11 сәуір 2012, 13:47

казакта карьерист деген ұғым болмаған мен тек адал еңбек ететін жандардың катарынанмын, карьеристтің екі турі емес, еңбектің екі турі бар бірі адал жолмен еңбек етсе екіншісі арам жолмен еңбек ету адамгершілікті ұмыту

+0
11 сәуір 2012, 13:53

бірак заманның талабына сай жана өмірде карьеристер катарындамын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...