Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ең сараң адамдар - миллионерлер

Ең сараң адамдар - миллионерлер

Ең сараң адамдар - миллионерлер

«Кедей бай болсам, бай Құдай болсам дейді». Тапқан ақшаларынан биік үй құрауға болса да, нақ осы шіріген байлар әлемдегі ең сараң адамдар болып есептеледі екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, бұл дәлелденген нәрсе...

Генриетта Хоуленд Грин – америкалық қаржыгер. Өз артынан 100 млн. доллар қалдырған ол күллі өмірін Чикагоның бүкіл пәтеріне иелік етіп тұрса да, арзан пәтердің бірінде өткізген. Бір күні оның баласы аяғын сындырып алады. Үш күн бойы тегін аурухана іздеп жүргенде, ұлының аяғы асқынып кетіп, оны тізеден кесіп тастауға мәжбүр болады.

Осыдан 30 жыл бұрын әлемнің ең бай адамы ретінде танылған мұнай патшасы Джон Пол Гетти үнемдеуден алдына жан салмаған. Вилласына қонақтардың сөйлескендеріне ақша төлемеу үшін таксофон орнатып қойған. 1973 жылы немересі Джонды ұрлап кеткенде, миллиардер 17 млн. төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Джонның бір құлағын кесіп хат салып жібергенде ғана Гетти сұралған ақшаның 2,7 млн-ын ғана төлеген.

Скандинавиялық Ханс Раусинг шіріген бай бола тұра, ұзақ уақыт ескі маркалы автокөлікте жүрген. 8 млрд. доллардың иесі өзінің Morris Minor-ын ресейлік «Ниваға» ауыстырып мінген екен. Айтпақшы, Раусингтің сараңдығы дүкендерде саудагерлермен ұзақ уақыт саудаласатынымен де әйгілі.

28 млрд. доллар иеленген швед байы Ингвар Кампрад ылғи автобуспен жүреді екен. Қарамағындағы қызметкерлерге қағаз үнемдеу мақсатында парақтың екі бетін де пайдалануды тапсырыпты. Демалысын үш жұлдызды қонақ үйлерде өткізетін ол арзан мейрамханалардан тамақтанады екен.

Ал эстрада ханшайымы Мадонна тиын санап, қызметкерлерінің әр қадамын аңдып отырады екен. Телефонмен сөйлескендері үшін жалақыларынан ұстап қалатын көрінеді.

Сараңдықтары бағы ма, соры ма? Оларды бай қылған да осы сараңдық шығар? Сіз не дейсіз?

Сурет: otkrovenie.net

2313 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 07 сәуір 2012, 17:45
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 18:04

не жетпейді екен? :roll:

+0
07 сәуір 2012, 19:47

Соны айтам да! ;)

+0
07 сәуір 2012, 20:42

Менің бұрынғы бастығым 1 теңгелерді жинап, сусын алдыртатын.

+0
07 сәуір 2012, 21:02

сол сараңдықтарының арқасында бай болып отыр ғой, біз қолымызға тиын тебен түссе жұмсағымыз келіп, біреумен бөліскіміз келіп тұрады ғой :roll:

+0
08 сәуір 2012, 16:18

:D :D :D :D :D :D :D :D :D

+0
07 сәуір 2012, 21:32

Сол ақшамен өлгенде тамағын тығындай ма екен?? Ана Джон Пол Гетти деген нағыз оңбаған екен! :o Сөзім жоқ. Немерең түгілі көшеде қайыр сұрап отырған кішкене балаларды да аяйсың ғой. Генриетта Хоуленд Грин да оңып тұрған жоқ! ужасноооо!!! Соншалықты ашкөз болуға бола ма?!

+0
08 сәуір 2012, 00:46

адам бай болған сайын сараң бола түседі деп ойлаймын ;)

+0
08 сәуір 2012, 16:32

Келісемін :D нағыз сараңдар байлар :lol:

+0
08 сәуір 2012, 18:23

Мүмкін сараңдық ұғымы болмаса байлық туралы да сөз қозғамайтын едік...

+0
08 сәуір 2012, 21:23

Сараң болмас үшін, садақа беру керек.

+0
09 сәуір 2012, 10:24

ужас кой мынау :x , осыншама саран болуга болады ма екен?

+0
09 сәуір 2012, 12:01

Билл Гейтс те жұмысқа жаяу барады екен деп естіп ем)

+0
09 сәуір 2012, 12:07

рас-ау, рас-ау )

+0
09 сәуір 2012, 12:19

Рахат сезім ғой ия?! Қалтаңда "кей" мемлекеттің бюджеттегі қазынасынан да көп ақшаң бар, ал сен жұмысқа жаяаааау кетіп барасың?!

+0
09 сәуір 2012, 22:04

мен бұны сараңдық емес, жинақылық деп айтар едім. (БАйдың автобуспен жүруі, вилласына таксафон орнатуы)Көрпеңе қарай көсілгенге не жетсін сірә.

+0
09 сәуір 2012, 22:30

"Жинақылық" мягко сказано ;) ... Ашкөздік қой бұл!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...