Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Эгоист деген кім?

Эгоист деген кім?

Эгоист деген кім?

Эгоист - маған қарағанда, өзін көп ойлайтын адам

Алдыңғы жазбамызда циниктің кім екенін талқыға салған болатынбыз. Бүгін эгоист адам туралы әңгіме өрбітпекпіз.

Эгоист - құлқынның құлы. Жеке бас пайдасынан бәрінен жоғары қоятын адам. Эгоист адаммен тек өз мақсатына жету үшін араласады. Жолына тұрған кез келген адамға жамандық жасаудан тайынбайды...

"Бұл маған, мынау да маған, анау да менікі..."

Эгоист адамдар қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүріп қана қоймай, өзгелерді де өз ұстанымдарына бағындыратын жан, - депті Оскар Уайльд.

Көбіне бала кезінде шамадан тыс еркелік көріп, шектен тыс қамқорлыққа бөленген адамдар эгоист болады. Жануарлардың өзі эгоист болып туады, жемтігі үшін жанталаса күреседі, бұл рефлекске көңіл бөле бермейміз. Ал адамзаттың эгоизмі қоғамда көбіне аса жақсы қабылданбайды. Бұл бір жағынан дұрыс та: эгоизмге мойынсұна отырып, біз оның құлы боламыз. Эгоизм тәтті тоқашын өзгелермен бөліскісі келмейтін жандардан басталып, өз мақсаты үшін жақсылықтардың бәрін тәрк етіп, асыл сезімдерді құрбан қылуға даяр адамдарға жалғасады. 

Эгоист адаммен бірге жұмыс істеу өте қиын. Ол жұмыс барысында тек қана өз пайдасын күйттеп, өзінің ғана әрекеті пайда әкеліп, өзінің ғана ісі басшылық тарапынан қолдауға ие болғанын қалайды. Әріптестерінің бірі өліп, бірі қалсын. Ол үшін тек өзі ғана өмір сүреді. Басына пайда әкелмейтін істерден алты шақырым аулақ жүреді.  

Эгоист адам бөлме қапырық болып тұрса да, өзінің тоңатынын айтып терезені ашқызбайды. Ол үшін жұрттың пікірі, жұрттың тілегі бес тиынға татымайды. Өзінің жағдайы жақсы болып, өзі қиналмаса болды. 

Эгоистің түрлері

Ақылды эгоист. Бұндай адам өзіне ғана қызықты нәрселермен айналыса отырып, қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. 

Қу эгоист. Өз мақсаты жолында мынадай қадамға барады. "Сен менің айтқанымды істейсің, әйтпесе, мен сені мына нәрсеңнен айырамын..."

Экологиялық эгоист. Ол белгілі бір ереже бойынша өмір сүруге дайын. Өз ісінің есесіне бірдеңе талап етеді. Қиындығы сол, ол талап ететін нәрсені ешкім орындай алмауы мүмкін. 

Эгоизмнің жақсы жағы да жоқ емес. Мысалы отағасы эгоист болса, ол өзінің отбасын шыр-пыры шығып қорғап, жанұясы үшін жаны қалмайды. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының жағдайы жақсы болғаны үшін күреседі. Дәл осындай әке өз фамилиясының балаларында, немерелерінде, тіпті, шөберелерінде болғанын қатаң қадағалайды.

Сондай-ақ, эгоистер көбіне алға ұмтылудан шаршамайды, талпына береді.  

Эгоизмнің шегі - эгоцентризм. Яғни, адамның өз-өзін бүкіл жер-әлемнің ортасымын деп есептеуі. Ол сағаттар бойы біреуге еш қызықты болмаса да, өзі туралы, өзінің сүйіктісі туралы айтудан жалықпайды. 

Эгоистің антонимі - альтруист туралы келесі жазбаларымыздың бірінде айтып өтетін боламыз.

Ал сен эгоистсің бе? 

сурет:woman.ru

13825 29
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 19:00
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 19:12

эго емес сияқтымын альтурист болмасам :D

+0
06 сәуір 2012, 21:32

Альтурист деген кiмдер?

AльтPУист дегiңiз келсе керек. :geek:

+0
06 сәуір 2012, 22:26

ия дәл солай ) :ugeek:

+0
02 сәуір 2012, 19:13

Мен... эгоист емеспін деп ойлаймын, қайдам бірақ....

+0
02 сәуір 2012, 19:31

Альтуристпын десем, эгоист болғаным ба? :lol:

+0
02 сәуір 2012, 20:53

менде эгоист емеспін!! :mrgreen: Бірақта әрбір пенденің бойында бір эгоистік қасиет бар сияқты!!!!

+0
02 сәуір 2012, 21:32

демек, эгоистсіз :)

+0
02 сәуір 2012, 21:54

rahmet zhogary baga bergeninizge heh :lol:

+0
02 сәуір 2012, 21:14

Эгоцентризм деген ұғым маған өте таныс)) Яғни, сондай адамды танимын. Ал өзімді эгоист деп есептемеймін, ешкімге зияны жоқ эгоист шығармын) мен көбіне өзімді емес, жанымдағы жақындарымды көп ойлаймын.

+0
02 сәуір 2012, 22:30

мен эгоист сияқтымын :(

+0
02 сәуір 2012, 22:54

al men ekeuinin ortasinda juretin siaktimin xexe!!!

+0
03 сәуір 2012, 04:15

эгоист деген-созылған өңеш...

+0
03 сәуір 2012, 08:23

Бала кезінде шамадан тыс еркелік көрсе дейді ма )) сонда менде эгоист болғаным ғой :lol:

+0
03 сәуір 2012, 08:51

Мен ӨЗІМДІ эгоист деп санамаймын, :lol:

+0
03 сәуір 2012, 09:02

сендерді білмеймін, Мен Өзім эгоист емеспін :)

+0
03 сәуір 2012, 09:11

Психологтар кейде эгоитс бол5ан дұрыс деп жатады, бірақ мен ондай адам емеспін :ugeek:

+0
03 сәуір 2012, 10:07

Мен, мына мен және мен тағы да МЕН!!!

+0
06 сәуір 2012, 02:51

"Мен - мен едім, мен едім" деген Махамбетте эгоист болған ба? :lol: десең

+0
03 сәуір 2012, 10:36

Ақылды эгоист болып тұрған да жаман емес сияқты!... :lol: Өз басыс эгоистердің қатарында емеспін!

+0
03 сәуір 2012, 18:43

Мен сәл сәл Эго, біраз біраз альтуристпін. Ай мен осы Эготуристпін ау

+0
04 сәуір 2012, 10:49

Мамам мені эгоист қызым диді... Демек эгоитспін, мамама сенем :)

+0
04 сәуір 2012, 14:16

қазақ - эгоист синоним создер, озіннін пайдасына ойламайтын адамды тауып берініздерші маган :D .

+0
06 сәуір 2012, 00:55

11 жасыма дейін нағыз Эгоист болдым, сосын бәрі қалды ғой....

+0
06 сәуір 2012, 02:49

-Ал сен эгоистсің бе?
-Иә, мен эгоистпін! :lol: десең ;)

+0
06 сәуір 2012, 04:07

Эгоистің баяғыы................................................................................................ Игі істің ?

+0
06 сәуір 2012, 19:37

менің эгоист класстасым бар"ООЛ бірақ ақыылды)) ;)

+0
06 сәуір 2012, 20:26

Мен өөөте ерке болғанмын, сондықтан эго мені айналып өтпейді ;) бірақ ешкімге зияным жоқ.

+0
08 сәуір 2012, 16:45

мен жалпы эго емеспін... мұсылманға жат қылық бұл))) эго адамдарға мұсылман болу қиынырақ болады)))

+0
19 мамыр 2012, 12:52

Қу эгоистерден сақтасын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...