Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кешіре білу де - өнер...

Кешіре білу де - өнер...

Кешіре білу де - өнер...

Сеніп жүрген адамыңыз сізді сатып кетті ме? Немесе біреу сіз туралы өсек-әңгіме таратты ма? Жұрттың бәрін жақсы адам деп ойлағаныңызбен, олардың көбі сіз ойлағандай болмай шықты ма? Өмір болған соң, бәріміз біреуге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Бірақ, осындай кезде бізге бір нәрсе жетіспей жатады - кешіре білу. 

Мұндайда жаныңыздың күйзеліске түсуі табиғи әрі қалыпты жағдай болғанымен, кейде сол күйден арылуымызға ұзақ уақытымызды жұмсап, өткенге қайта-қайта оралып, ренішті босатуға деген құлшынымыз болмай жатады. Үнемі еңсеңіз түсіп жүрген соң, сіздің айналаңыздағы адамдармен өзара қарым-қатынасыңыз бұзылып, үйде, сабақта, жұмыста бәрі күрт нашарлап кетеді. Мына әлемнің сұлулығын сезіне алмай, қайғырып, зіл қара тасты иығымызға салып алғандай болып, тұйық бір әлемге еніп кетіп жатамыз. Ол ауырлықтан құтылып, тек алға жылжып, бақытқа жету үшін кешіруді үйренгеніңіз жөн.

Кешірім өміріңізді өзгертуі мүмкін! Кешіре білу өткеніңізді өшіріп тастау, болған нәрсенің бәрін ұмыту деген сөз емес. Кешіру - өкпені, иықтағы ауырлықты бостандыққа жіберіп, өмір өзенімен әрі қарай жылжу. Бұл оңай емес, дегенмен, үйренуге болады.

 

Болған оқиғаны жайына қалдыруға тырысыңыз. Бәлкім, бұл бірден қолыңыздан келе қоймас, бірақ, уақыт өте келе, бұны да үйреніп аларсыз. Ең алдымен, шын мәнінде неге өкпелі екеніңізді анықтап алыңыз. Шындықтың бетіне тура қараңыз! 

 

 

 

 

 

 

Жағдайды жақсылап таразылаңыз. Бір парақ қағаз алып, төмендегі сұрақтарға жауап жазып шығыңыз:
- Шын мәнінеде неге өкпелісіз?
- Қандай сезімдесіз? (ашу, өкпе, жиіркеніш, ыза, кек)
- Сіз ол адам туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?
- Сіз ол адамнан не күттіңіз?
- Сіздің ренішіңіз қандай мәселелерді туғызады?
- Өзгемен қарым-қатынасыңызға, үйде, жұмыста  бұл кері әсер ете ме?
- Өзіңізді осы үшін бақытсыз сезінесіз бе?  
Енді жауаптарыңызды  мұқият оқып, таразылаңыз. Кешіре білудің құндылықтары сізді қалай бақытты ететіндігін, ауыр жүктен арылтып, өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыратындығын ойлаңыз! 

 

 

Таңдау тек сіздің қолыңызда! Сіз өзіңіздің іс-әрекетіңізді және ойыңызды қадағалай аласыз. Өзекті өртеп, өкіндіретін өткенге оралмау да, алға жылжуда өз қолыңызда. Оған сіздің күшіңіз толық жетеді. Сол оқиғаны ойлауға күніне қанша уақыт кететінін есептеп көріңіз. Оны 365-ке көбейтсе ше? Иә, солай! Құр, әурешіл сезімге осыншама уақытыңызды текке жұмсап жүрсіз.    

 

Түсінуге  тырысыңыз. Былай жасаңыз: Сізді ренжіткен адамның орнына өзіңізді қойып көріп, неге олай жасағанын түсінуге тырысып көріңіз. Оның орнында болғанда өзіңіз не істер едіңіз? Жағдайды өзіңіздің жағыңызға шығарып алмай, шыншыл болыңыз.  

 

Өз жауапкершілігіңізді мойындаңыз. Болған жағдайға сіз де жауаптысыз. Өзіңізді кінәлаудың да, өзгенің әрекетіне жауап берудің де қажеті жоқ. Сіз болған жағдайдың құрбаны емес, қатысушысысыз!

 

Қазіргі шақты көбірек ойлаңыз. Қашанда  өткенді ойлай берудің орнына, болатын  нәрсе болды деңіз де, қазіргі шақты көбірек ойлаңыз! Қазір не істеп жатырсыз? Сізге не қуаныш сыйлай алады?  Болған жағдай есіңізге түсе қалса, бірден осы шаққа  оралуға әрекет жасаңыз.    

 

Рақымдылық пен татулық. Оны кешіріңіз. Сол кешірім арқылы бақытқа кенеліп, алға жылжи алатыныңызды мойындаңыз! Оны түсініңіз және бақыт тілеңіз. Оған сүйіспеншілікпен қарасаңыз, әлем де сізге солай қарайтын болады.    

                                                    

Кешіре білу де - өнер. Кешірімді болыңыз! Десек те, ешқашан бір-бірімізді ренжітпеуге тырысайық! Әлбетте, мына жалған бес күндік...

4777 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 10:10
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 10:20

Өзім көп ренжімеуге, ренжітпеуге тырысамын. Қате меннен болса, кешірім сұраймын. Қате меннен емес болса, кешірім сұрағанын күтемін.

+0
29 наурыз 2012, 10:32

кешіруге болмайтын жағдайлар боп жатады! Ондайда ойланбастан қолды бірақ сілтеп,теріс айналу керек!!!

+0
29 наурыз 2012, 10:33

Таспен ұрғанда аспен ұр деген бар емес пе :) Кешірімшіл болған дұрыс, Хадистердеде жақсы айтылған осы жайлы....мен кешіремін не болсада кім болсада, ал кінә басқадан болса кешірім сұраса сұрасын, сұрамаса қойсын, маған бәрібір, санасына байланысты :)

+0
29 наурыз 2012, 10:52

Men jai gana ol adamdy omirimnen oshirip tastaimyn....kasymda tursa da, elemeimin...kanshama jyldar otse de, men keshire almaityn sondai bir gana adam...

+0
29 наурыз 2012, 10:58

мүмкіндік бола қалса, ренжіткен адамға жауабын қайтаруға тырысам ))) сол кезде тынышталамын!
кешіре алам, бірақ тек іштей.

+0
29 наурыз 2012, 11:44

Менің артымнан жаман сөз сөйлеген, мені жек көрген, мені ..... массагеттіктердің барлығын кешірдім.... :D

+0
29 наурыз 2012, 12:15

:D :D :D

+0
29 наурыз 2012, 12:37

Кешіргенді де түсінбейтін адамдар болады.

+0
29 наурыз 2012, 13:20

Ал менің бір қасиетім бар. Есімде сақталынбайды ана-мынау ұрыстар. Сосын амал жоқ, кешірем :mrgreen:

+0
29 наурыз 2012, 13:32

мен кешірмим, мен мұтқалам десеңішші :lol:

+0
29 наурыз 2012, 13:33

иа))

+0
29 наурыз 2012, 15:32

Бұл жағынан ұқсас екенбіз, мен ренжігенімді бес минут өтер - өтпестен ұмытып кетемін! Бірақ соңғы кезде бір жанды кешіре алмай жүрмін, аузым, ақылым солай айтқанымен жүрегім келісер емес. Өзімнен қорқып кетемін!

+0
29 наурыз 2012, 14:53

"Кешір" дегеннің өзі сиқырлы сөз тәрізді ғой) Осы бір сөзді естігенде, барлық қайғы-мұңды ұмытамын ;)

+0
29 наурыз 2012, 17:46

Артынан өкінетін,кешірім сұрайтын іске бармау керек,,,Өзім кешіргенді ұнатамын,құдды өзімді Цезарді кешіріп жатқан Томирис сезініп кетемін)))))))))

+0
29 наурыз 2012, 17:47

Кешір, рахмет, мен сені сүйемін сөздерді айту ең қиын ғой....

+0
29 наурыз 2012, 20:00

рахмет ең оңай сияқты...

+0
29 наурыз 2012, 22:50

Менің ойымша, қазақтарға "кешір" дегеннен гөрі, "көңіліңе алма", "ғафу ет" деген сөздер жанына жақын сияқты.

+0
29 наурыз 2012, 23:11

иә, шынымен де сүйе білу де - өнер

+0
30 наурыз 2012, 04:31

Шынымен де сүйе білуді өнер деп таныған қателік меніңше, сүю арқалаған айқыш, бейнеті Иса Мәсіхтің қиналысына пара-парлау, рахаты да күмәнді, Иуданың бірсәттік тым тәтті қызығына артынан өте ащы мәңгілік шыжығына тән.

+0
30 наурыз 2012, 04:59

кешірім сұрау шаблонды жәйтке айналған демек кешірген құр пиар ғой аңдысын аңдап ұпай күткен.

+0
01 сәуір 2012, 01:07

кешірім сұрай білуде өнерге гой!

+0
01 сәуір 2012, 02:22

Ер балдар кешірім сұраса, кешірдім деп аламда шамалы уакыттардан кейін кешірем! Ал қыз балдар кешір деп қиылып турса қалай кешірмеске!) :D

+0
03 сәуір 2012, 10:23

Ия кешірім сұрау оңай емес бірақ мен үнемі кешірімді болам себебі АЛЛА тағала да бізді кешіреді ғо ал біз АЛЛА тағаланың жанында кімбіз кешірмейтіндей!

+0
10 сәуір 2012, 17:25

Қанша кешіргім келсе де, бір жанды кешіре алмай жүрген жайым бар. Кешіре білу-үлкен ерлік. Кешіре алмайтындар-әлсіздер деген екен бір ойшыл. Ал менен сол ерлік табылмай-ақ қойды-ау.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...