Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ессіздікке ерген Махаббат

Ессіздікке ерген Махаббат

Ессіздікке ерген Махаббат

Махаббат жайлы тамаша ертегіні назарларыңызға ұсынамыз. 

***

Күндердің күнінде адамзат бойындағы барлық сезім мен қасиет атаулы бас қосыпты. Шыдамы әбден таусылған Жалқаулық үшінші рет есінегенде, Ессіздік «Жасырынбақ ойнасақ қайтеді?» деп ұсыныс жасайды. Әрі таң қалып, әрі қызыққан Ашу қасын кере «Жасырынбақ? Ол қандай ойын?» деді. Сонда Ессіздік:

- Былай, өз арамыздан біреу шығып, көзін жұмған қалпында миллионға дейін санайды. Сол уақыт аралығында қалғандары жасырынып үлгеруі тиіс. Кім соңында табылса, сол келесі кезекті алады және ойын осылай жалғаса береді, - деп түсіндірді.

Сол сәтте Сезім рахаттана бір билеп алды. Ал Қуаныш қуанғанынан секіріп жіберді. Оны көрген Күдіктің бойында сенім пайда бола бастады. Бірақ ешқашан ештеңеге қызығып көрмеген Қайғы ойынға қатысуға үзілді-кесілді қарсы болды. Ал Шындық жасырынбауды дұрыс деп санады. Себебі, тауып алатынына көзі жетті. Ал Менмендік болса, жас баланың ойыны деп менсінбеді (шынында оған өзінен өзге ешкім қызығып көрген емес), Қорқыныш тәуекелге барғысы келмеді.

- Бір, екі, үш...., - Ессіздік санай бастады.

Бірінші болып Жалқаулық көшенің бойында жатқан тастың астына тығылды, Сенім көкке көтерілді. Қызғаныш биік ағаштың көлеңкесіне жасырынды. Бұлардың ішінде жасырынар жер таппай, көп қиналғаны Кеңпейілділік болды. Себебі, тапқан жерінің бәрі достарына лайық секілді болып сезілді. Мөп-мөлдір көл – Сұлулық үшін, ағаштың жайлы жері Қорқынышқа арналып қойылғандай, көбелектің қанаты – Нәзіктікке, желдің панасы – Еркіндікке қолайлы болып сезілді оған. Ол еш жерге сыймады. Сонымен, аспанға жасырынуды жөн деп білді.

Менмендік керісінше, өзіне жайлы әрі жылы жер тауып, тыныш қана тығылып жатты. Ал Өтірік мұхиттың түбіне жасырынды (Ол шындығында кемпірқосақтың арғы жағына жасырынған еді). Ұмытшақтың қай жерге жасырынғанын есімізге түсіре алмадық. Бәрінен қызығы Махаббат болды. Ессіздік 999999-ға дейін санағанда, ол қай жерге жасырынуды білмей қара терге түсті. Ол тапқан жердің бәрі бос емес еді. Тек соңғы сәтте ғана жайқала өскен раушан гүлдері көзіне түсті де, ойда жоқта сонда жасырынды.

- Миллион! – деп Ессіздік тоқтады да, іздеуге кірісті.

Бірінші болып әрине Жалқаулықты тапты. Сенімнің дауысы естіліп қалып, ол да табылды. Қызуқандылық жанартаудың басынан табылды. Қызғаныштың сұлбасы да бәйтерек көлеңкесінен байқалып қалды. Ал Менмендік өзі-ақ табылды. Себебі, ол жасырынған жер ара ұясы болатын. Шақырылмаған қонаққа ашуланған бал аралары оны ұясынан қуып шықты. Әбден шаршаған Ессіздік су ішуге келгенде, көл түбінен Сұлулықты байқап қойды. Ал Күдік биік шарбақтың қай жақ беті дұрыс деп екі ортада жүргенде көзге түсті. Сонымен бәрі де табылды Талант – асқар таудың етегінен, Көңілсіздік – қараңғы апаннан, Өтірік – Кемпірқосақтың артынан (Ол табылғанда «Мен мұхиттың түбінен жасырындым» деп айтты) табылды. Тек Махаббатты табу қиынға түсті. Ессіздік оны әрбір ағаш жапырағынан, көл жағасынан, биік таудың шыңынан да таба алмады. Ең соңында раушан гүлдерінің арасын сүзіп шығуға бел буды. Гүлдің арасына енді кіре бергені сол еді, жылаған дауыстан селт ете қалды. Сөйтсе, раушан гүлдерінің тікені Махаббаттың көзін жаралапты. Бәленің бәрін бастаған – Ессіздік! Ол тоқтаусыз кешірім сұрай бастады. Абайсыз жасаған ағаттығы үшін кез келген тілегін орындайтынын айтты. Сонымен, бар кінәсін жуу үшін ол Махаббаттың өмір бойы жанында болып, жол көрсетуші болуға уәде берді...

Міне, адам бойындағы барлық қасиет пен сезім жер бетінде ең алғаш жасырынбақ ойнаған кезінде Махаббаттың көзі тас қараңғы соқыр болды. Ал Ессіздік оның қолынан ұстап, әлі күнге дейін жетелеп келеді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: all-clipart.net

4045 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 09:16
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 09:55

сол үшін де ақыл махаббатын таңдау керек))

+0
07 маусым 2013, 17:15

келіспииим, жани)))) қайдағы ақыл махаббат, ақыл қосылса есеп қосылады ғой)))) есеп бар жерде махаббат жоооқ. ИМХО

+0
06 маусым 2013, 10:03

керееемет!

+0
06 маусым 2013, 12:19

:) :)

+0
06 маусым 2013, 12:19

ессіздік.....

+0
07 маусым 2013, 23:35

Келісуге болад!

+0
08 маусым 2013, 09:25

Естигем мен
тек есстиздиктин орнында журек болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...